Дәріс сабақтары Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні. Глоссарий


Тақырып 8. Спортшыны дайындау жүйесіндегі бақылау түрлері



бет19/24
Дата15.12.2021
өлшемі159,5 Kb.
#101117
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
866183908116 7 СҮ Дәрістік кешен

Тақырып 8. Спортшыны дайындау жүйесіндегі бақылау түрлері.

Дәріс мақсаты: Спортшының дайындық деңгейін бақылау үшін қолданылатын әдістер мен негізгі амалдарды түсіндіру.

Тақыптың негізгі сұрақтары:


  1. Кешенді бақылау түрлері, олардың сипаттамасы.

  2. Жарыс және жаттықтыру жағдайлары мен әсерлерін бақылау.

  3. Спортшының дайындық күйін бақылау.

  4. Сыртқы әсер себептерін бақылау.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезисі)

Спортшының дайындығын бақылау міндеттеріне байланысты жедел, ағымдық және кезеңдік деп бөлінеді.

Жедел бақылау спортшының жаттығуға, бір жаттығуды орындау келісіне т.с.с. жағдайларға спортшының дайындық деңгейін анықтауына бағытталады. Бұл бақылау түрі спортшы ағзасының жаттықтыру және жарыс жүктемесіне әсерін бағлайды.

Ағымдық бақылау – микроциклдегі спортшы дайындығының негізгі белгілерін, параметрлерін бағалауға арналған.

Кезеңдік бақылау – спортшының жарыс және жаттықтыру кезіндегі әртүрлі көрсеткіштері, жүктеме қозғалысы, спорттық нәтижелерінің кезең аяғында өлшенуі, бағалануы бақылауға алынады.

Жарыс әрекетін бақылау екі бағытта орындалады: дайындық циклдері кезінде жарыс жаттығуларының нәтижелерін бақылау, бағалау және жарыс кезінде жарыс әрекетінің тиімділігін өлшеу, бағалау.

Жаттықтыру әрекетін бақылау: жаттықтыру кезінде орындалған жаттығулардың сипатын жүйелі тіркеу түрінде орындалады.

Спортшының дайындық күйін бақылау: оның арнайы, техникалық, тактикалық дайындықтарын бағалау түрінде орындалады.

Сыртқы ортаның факторлары бақылау: жарыс өткізілетін жердің ауа-райын, жарыс өткізілетін жер мен ондағы спорт жабдықтардың жағдайын, спорт құралдарының сапасын, жарыс кезіндегі көрермендердің әрекеттерін, төрешілердің дұрыс төрешілік етуін, жол жүру ұзақтығын, қонақ үйдің, тамақтанатын, демалатын жердің жағдайын бақылау, бағалау түрінде орындалады.

Спортшының дайындық күйі әртүрлі сынақ, тест жаттығулары арқылы бағаланады. Тестер үш топқа бөлінеді

- тыныштық күйде алынатын тестер (бойын, салмағын, кеуде көлемін, өкпенің тіршілік көлемін және т.б. өлшеу);

- стандарттық тестер (барлық спортшыларға бірдей жаттығулар, тапсырмалар беру);

- орындау кезінде жоғары қозғалыс нәтижесін көрсетуді керек ететін тестер.

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:



  1. Кешендік бақылаудың негізгі түрлерін атаңыз.

  2. Споршының жарыс және жаттықтыру әректін қалай бақылаймыз.

  3. Споршының дайындық күйін бақылау қалай орындалады?

  4. Жарыс кезінде қандай сыртқы орта факторларын бақылаймыз?

  5. Спорттық жарыстарды өткізуге дайындық қандай кезеңдерге бөлінеді.

  6. Спортшының қызметтік және дене қуаты дайындығы деңгейін анықтайтын қандай тестерді білесіз?

  7. Жүктеме, жүктеменің көлемі, жүктеменің қарқындылығы туралы не білесіз?

  8. Спортшы ағзасына әсер ету жағынан жүктеме мөлшері қалай топталады?

Әдебиет: негізгі (1,2,3,4,5,6,7,8,9)

қосымша (8,10,11,12)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет