Дәріс сабақтары Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні. Глоссарий



бет1/24
Дата15.12.2021
өлшемі159,5 Kb.
#101117
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
866183908116 7 СҮ Дәрістік кешен


Дәріс сабақтары
Спорт жаттықтыру үрдісін басқару пәні.
Глоссарий.

  1. Спорт – дегеніміз жоғары спорттық жетістіктерге бағыталған жаттықтыру және жарыстық әрекеттер.

  2. Спорттық жаттықтыру – дегеніміз спортшыны тәрбиелеу, дене қуаты қасиеттерін дамыту, қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру арқылы спорттық жоғары нәтижелерге жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы үрдіс.

  3. Жаттыққандық – дегеніміз спортшы ағзасының берілген жаттықтыру және жарыс жүктемесіне биологиялық бейімделу деңгейі.

  4. Дайындалғандық – спортшының техникалық, тактикалық, психологиялық және дене қуаты дайындығының нәтижесі.

  5. Спорттық қалып – спортшының сол кезеңде спорттық жетістіктер көрсетуге жоғары объективтік және субъективтік дайын күйі

  6. Спорттық әрекет – дегеніміз адамның спорт саласында жоғары деңгейде жетілуі мен денсаулығы нығаюын қамтамасыз ететін ұйымдастыру қызметі.

  7. Спорттық жарыс – дегеніміз спорт саласындағы спорттық көрсеткіштерді көрсету, бағалау және салыстыру әрекеттері мен тәсілдері.

  8. Жоспарлау технологиясы деп – бір уақыт аралығында жаттықтыру және жарыс түрлерін жүргізу, әдістерін, амалдарын қолдану, нақты міндеттерін орындау үшін жоспарланатын ұйымдастыру-әдістемелік жиынтықты айтамыз.

  9. Кешендік бақылау – жаттықтыру циклі кезінде спортшының дайын- дық деңгейін анықтау үшін қолданылатын әртүрлі өлшеулер мен бағалау көрсеткіштері.

  10. Спорттық жетістіктер – дегеніміз спортшының нақты қозғалыс нәтижесімен дәлелденген спорттық шеберлігі мен қабілеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет