Дәріс Сарашылық қызметтің мәні, іс-әрекет бағыттары


Дәріс 4. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы қызметтерінің жіктелуі



бет5/21
Дата24.04.2020
өлшемі93,94 Kb.
#64588
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ДӘРІС тезистері Сарапшы мәдениеті

Дәріс 4. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы қызметтерінің жіктелуі

Жоспар


1.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптар

2.Сарапшы-аудиторларды және салыстырып тексерушілерді аттестаттау тәртібі

3.Сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары

Ұсынылатын әдебиеттер

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесі


1.Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесі. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) өлшем құралдарына сынақтар жүргізу; 2) сыналатын жабдықтарға аттестаттау жүргізу; 3) өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу; 4) техникалық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу. 3. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өлшем түрлері бойынша жүзеге асырылады.

2.Сарапшы-аудиторларды және салыстырып тексерушілерді аттестаттау тәртібі

Сарапшы-аудиторлардың біліктілігін алу үшін құжаттар техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), салыстырып тексеруші біліктілігін алу үшін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО) ұсынылады. Құжаттар жинағы тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады.


Сарапшы-аудитордың (салыстырып тексерушінің) біліктілігін алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) үміткердің мәлімденетін біліктілігі, сарапшы-аудиторлар үшін қызмет бағыты, салыстырып тексерушілер үшін өлшем түрі көрсетілген ерікті нысандағы мәлімдеме;

2) біліктілікке үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған көшірмесі;

3) аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған білімі туралы құжаттың көшірмесі; 4) аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған біліктілік курсын өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған, сарапшы аудиторлар және салыстырып тексерушілер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілін және тек қана сарапшы-аудиторлар үшін қызметтің мәлімделген бағытындағы практикалық жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) ұйым мөрімен расталған жұмыс орнынан мінездеме;

7) аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған қосымша оқуы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса).

6. Салыстырып тексеруші біліктілігін алу үшін қосымша осы Ереженің сәйкес нысан бойынша мәлімделген өлшем түрі бойынша тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама-пікір ұсынылады. Құжаттар жинағын тапсырғанға дейін бір жыл бұрын берілген тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама-пікірді біліктілік комиссиясы мақұлдамайды.

7. Сарапшы-аудитор біліктілігін алуға ұсынылған материалдарды қарауды уәкілетті органның тұрақты қызмет ететін комиссиясы, салыстырып тексеруші біліктілігін алуға ұсынылған материалдарды қарауды МҒМО тұрақты қызмет ететін комиссиясы (бұдан әрі - біліктілік комиссиясы) жүзеге асырады.

8. Сарапшы-аудиторлар (салыстырып тексерушілер) біліктілігін беру туралы шешімді уәкілетті орган (МҒМО) толық құжаттар жинағымен өтінімді берген күннен бастап 20 жұмыс күн ішінде біліктілік комиссиясы материалдарды қарау нәтижелері бойынша қабылдайды.

9. Тапсырыс берілген қызмет бағыты немесе метрология саласында кадрларды дайындау және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын шет ел ұйымымен берілген өлшем түрі бойынша біліктілік курсында теориялық дайындықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесін біліктілік комиссиясы техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес үш жылдан артық емес жарамдылық мерзіміне мақұлдайды.

10. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кәсіби білімі бар үміткерлер алғашқы аттестаттау кезінде мәлімделген бағыт бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықсыз салыстырып тексерушілер біліктілігін кәсіби білімді алғаннан кейін бір жыл ішінде алады.

11. Біліктілік комиссиясы үміткерді сарапшы-аудитор (салыстырып тексеруші) ретінде аттестаттау туралы шешім қабылдаған кезде осы Ереженің сәйкес үш жыл мерзіміне біліктілікті беру туралы сертификат рәсімделеді.

12. Біліктілікті беру туралы сертификат өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде міндетті тіркелуге жатады.



13. Біліктілік комиссиясы үміткерді сарапшы-аудитор (салыстырып тексеруші) ретінде аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде үміткерге жазбаша түрде шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде дәлелденген қабыл алмау жіберіледі. Бас тартудың негізі мыналар:

1) үміткердің берілген біліктілікке белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

2) ұсынылған құжаттар жиынының осы Ереженің 5, 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

14. Үміткер біліктілікті беруден бас тартумен келіспеген жағдайда, ол бас тарту алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданған шешімге аппеляциямен уәкілетті органның аппеляциялық комиссиясына немесе сот органдарына жүгінеді. Уәкілетті органның аппеляциялық комиссиясы үміткердің шағымын шағым түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды және жазбаша түрде дәлелді жауап береді.



15. Үміткерге біліктілік берілмеген жағдайда, ол біліктілік комиссиясының бас тартуға негіз болған ескертулерін жойғаннан кейін құжаттарды қайта тапсырады.

16. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлғалар өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар болып табылады.

17. Сарапшы-аудиторға үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады: 1) жоғары техникалық білімі немесе орташа техникалық білімінің болуы; 2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес мәлімденген қызмет бағыты бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықтан өтуі; 3) жоғары техникалық білімі бар үміткер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, орташа техникалық білімі бар үміткер үшін бес жылдан кем емес, тапсырылған қызмет бағытында практикалық жұмыс тәжірибесі бар барлық үміткерлер үшін екі жылдан кем емес болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет