Сарапшының позициясын анықтайтын құнды құраушылар:
сарапшы педагогикалық ұжымның ниеті, мақсаты мен міндеті бағытындағы позитивтік өзгерістерді қамтамасыз ету;
сараптамамен белгіленген жүзеге асулардың өзгеруі жағдайында қолдауды қамтамасыздандыру;
бақылаушы қызметті нормаларға сəйкес бағаламай жəне өзінше түсіндірмей, жағдайды анықталмаған ретінде қабылдау;
педагогикалық ұжымды өздерінің жеке қызметін сараптаудың жүзеге асырылу үдерісіне қосу. Мəселен, нəтижелердің барысы туралы хабарлау жəне сараптаманы ұйымдастыру мəселелерін талқылау;
педагогикалық ұжым мүшелеріне өзінің сараптамалық қызметі мен шешімдерінің негізін хабарлау
Сараптаманың тым субъективтілігі, бірінші жақтан сарапшылардың өзіне тиімсіз. Осы үдерістің қиыншылықтарын жеңудің басты құралы сарапшының креативтілігі.
Сарапшы - бұл құзырлы маман. Құзырлылық критерийлері туралы мәселе туындайды. Сарапшы болу оғай емес, өте қиын. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін сарапшыларда дұрыс - дұрыс емес, жақсы – нашар деп жалпылама бағалау, басу, тұншықтыру стереотипі қалыптасқан.
Басқа құндылық ортасында тәрбиеленген жаңа буын үшін, мұндай кесімді шешімдер кері әсерін тигізуі, конфликтіге әкелуі мүмкін.
2. Сараптама сапасының көрсеткіші: сарапшының өкілеттілік деңгейі: сарапшылық кеңестің мүшелері(ғалымдар, мамандар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері)болуы мүмкін, осы саладағы өздерінің кең ауқымды тәжірибесі арқасында білім саласына сенімді, жиналған фактілердің кең ауқымына, олардың сапалы талдауы мен жүйелі түсінігіне негізделген сараптаманың сенімділігіне, жақсы беделге ие адам бола алады. [2].
Сарапшылар қауымдастығының маңызды әлеуеті, кеңес беру қызметі ретінде кәсіби сарапшылар қауымдастығымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Сараптама қорытындысы бойынша ұжыммен қорытынды кездесуде сарапшылар қауымының мүшелері естігендеріне және көрген нәрселеріне түсініктеме бере алады, (егер бұл сарапшы беделді болса) және мекеменің педагогикалық «өміріне» қатысты өзінің жеке пікірін білдіре, кәсіби әсер қалдыра алады. Және, мүмкін, ең бастысы, олар болашақ бағыттары мен қызмет бағыттарын, анықтаған қателіктер мен жарқын жетістіктер туралы, кәсіби қызметтің оң және теріс позициялары бойынша критерийлерге сәйкес кеңес береді.
Сондықтан сарапшылар қауымдастығының, кеңестің (ғалымдар, мамандар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері) мүшелерінің,кәсіби ортада жақсы беделі, мәдениеті жоғары болуы маңызды. Осындай консультациялар барысында мекеме қызметінің әлсіз және күшті жағына кәсіби түсініктеме беріледі. Бұл ұжымға сараптамадан өту, үздік тәжірибені басшылыққа алу, үздік педагогикалық ұжыммен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Ал сарапшылар қауымдастығына осындай сұхбат өзінің бағалауындағы маңызды жақтары мен ұстанымының әлсіз тұстарын көруге рефлексия жасауға мүмкіндік береді.
3. Аудит жүргізу барысындағы сарапшы қызметі. Сарапшы ыншылдықтың бірінші және екінші деңгейлі әлеуетті өнім берушілерге үстел аудитін жүргізуді жүзеге асыратын Біліктілік органының қызметкері.
Достарыңызбен бөлісу: |