Дәріс Сарашылық қызметтің мәні, іс-әрекет бағыттары


Кәсіби-педагогикалық мәдениет



бет4/21
Дата24.04.2020
өлшемі93,94 Kb.
#64588
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ДӘРІС тезистері Сарапшы мәдениеті

2 Кәсіби-педагогикалық мәдениет. Кәсіби-педагогикалық мәдениет мәнін ашпас бұрын, ең алдымен, «кәсіби мәдениет» пен «педагогикалық мәдениет» түсініктеріне тоқталу қажет. Кәсіби мәдениеттің бөлінуі арнайы іс-әрекет түрлерінің дамуына байланысты болды. Мамандық әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде күрделі құрылымға ие: оның пәні, құралы, кәсіби әрекетінің нәтижесі бар, олар: мақсат, құндылықтар, нормалар, әдістер, әдістемелер, үлгілер. Тарихи даму процесінде мамандық та өзгереді. Кейбіреуі жаңа әлеуметтік мәдени формаға ие болады, екіншілері – аса көп өзгермейді, үшіншілері – жойылып кетеді, төртіншісі – бірнеше өзгерістен өтеді. Кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі кәсіби міндеттерді шешу қабілеттерінің дамуымен сипатталады, яғни кәсіби ойлаудың дамуымен. Кәсіби мәдениет кәсіби топ мүшелерінің арнайы кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін игерудің нақты деңгейі.

«Педагогикалық мәдениет» түсінігі бұрыннан педагогикалық іс-әрекет практикасына енгізілген, ал оны теориялық зерттеу енді ғана қолға алынды. Педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін талдауға, педагогикалық қабілетті зерттеуге, мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты бұл проблема С.И.Архангельский, А.В. Барабанщиков, Е.В.Бондарева, З.Ф.Исарева, Н.В.Кузьмина т.б. еңбектерінен көрінеді.

Философияда, әлеуметтануда, педагогика мен психологияда мәдени бағыттылықты зерттеумен байланысты, педагогикалық мәдениеттің кейбір жақтары талданды: мұғалім жеке тұлғасының әдіснамалық, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативті, технологиялық, рухани, дене мәдениеті. Бұл зерттеулерде педагогикалық мәдениет педагогикалық іс-әрекет жүйесінде көрінетін мұғалімнің жалпы мәдениетінің маңызды бөлімі.

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті қоғамдық құбылыс ретінде педагогикалық мәдениеттің бөлімі болып табылады. Педагогикалық мәдениеттің таратушылары, олар кәсіби немесе кәсіби емес деңгейде педагогикалық практикамен айналысатын адамдар. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті таратушылар, олар педагогикалық әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты, жеке тұлғаны құрастыратын педагогикалық еңбек арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек:

1. Кәсіби-педагогикалық мәдениет – әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы;

2. Кәсіби-педагогикалық мәдениет – ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру;

3. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет;

4. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.

Көрсетілген әдіснамалық негіздерді есепке алу кәсіби-педагогикалық мәдениеттің моделін құрастыруға көмектеседі.



2 Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненті

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің үш компоненті бар:

- аксиологиялық;

- технологиялық;

-жеке бастық-шығармашылық.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті білімберу дамуының қазіргі кезеңінде біртұтас педагогикалық процеске енгізілген адамның педагогикалық құндылықтарының жиынтығы негізінде пайда болды. Педагогикалық әрекет процесінде мұғалім пікірлер мен концепцияларды игереді, білім мен іскерлік алады, ал оның өзі педагогикалық әрекеттің гуманистік технологиясын құрады. Қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін білім, көзқарас, концепциялар педагогикалық құндылық ретінде көрініс табады.

Педагог өз ісінің шебері болады, ал педагогикалық құндылық пен педагогикалық әрекетті игеріп, дамытады. Мектеп пен педагогикалық көзқарастардың тарихы – күнделікті бағалау, қайта құру, құндылықтарды бекіту және педагогикалық технологияларды жаңа жағдайларға игерту процесі.

Субъектілік тәрбиелеу және мұғалімге берілетін жалпы адамгершілік мәдени-педагогикалық атақтың құндылығы оның жеке басының байлығымен, мамандық іс-әрекетке бағыттылығымен, адамның ішкі әлемімен анықталады. Педагогикалық құндықтарды үш негізгі түрін айқындаған:

1. Әлеуметтік-педагогикалық құндылық;

2. Топтық педагогикалық құндылық;

3. Жеке бастық педагогикалық құндылық.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құралдары мен тәсілдері енеді. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен нәтижелері жеке тұлға нәтижесінде құрылады. Педагогикалық әрекеттің гуманистік бағыттылығы жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыру механизмін зерттеу мүмкіндігін береді. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке бастық-шығармашылық компонентіне шығармашылық акт ретінде оның игерілу механизмі жатады. Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық – сипаттамасы педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі.

Кәсіби-педагогикалық мәдениет – «педагогикалық әрекет мәдениеті», «педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті» және «мұғалімнің жеке бас мәдениеті» түсініктерінің жиынтығы.

«Педагогика мәдениеті» және «педагогика іс-әрекеті» түсініктері бірдей емес, бірақ біртұтас болып келеді.

Қазіргі ғылымда шығармашылық көптеген зерттеушілермен мәдениеттің интегративті, жүйеқұрушы компоненті ретінде қарастырылады. Тұлға, мәдениет пен шығармашылықтың өзара қарым-қатынастарының мәселелері Н. А. Бердяевтің еңбектерінде көрініс тапты. Өркениет пен мәдениеттің өзара әрекеттесу ауқымды сұрағын қарастыра отырып, ол өркениеттің мәдениетке қарағанда әлдеқайда көне және алғаш екендігіне сілтеді: өркениет әлеуметтік-ұйымдық үрдісті білдіреді, ал мәдениет анағұрлым индивидуалды (жеке), тұлғамен, адамның шығармашылық актісімен байланысты. Мәдениеттің адамның шығармашылық актісімен құрылатындығында Н. А. Бердяев оның данышпандық табиғатын көрді: «Шығармашылық ол от, мәдениет оттың суытылуы». Шығармашылық акт субъективтілік кеңістігінде, ал мәдениеттің өнімі объективті өмірде болады.

Мұғалім педагогикалық мәдениет пен минимум жағдайында үш рет өзара қарым-қатынасқа түседі: біріншіден, әлеуметтік-педагогикалық әсердің объектісі ретінде педагогикалық іс-әрекет мәдениетін меңгеру кезінде; екіншіден, педагогикалық құндылықтардың тасымалдаушысы ретінде белгілі бір мәдени-педагогикалық ортада өмір сүріп, әрекет етеді; үшіншіден, маманды – педагогикалық мәдениетті шығармашылықтың субъектісі ретінде дамытады.

Мұғалімнің жеке ерекшеліктері мен шығармашылығы шығармашылық өзін-өзі танудың көптеген формалары мен тәсілдерінде көрініс табады. Өзін-өзі тану тұлғаның жеке-шығармашылық мүмкіндіктерінің қосымша аймағы болып табылады. Педагогикалық шығармашылық мәселесі мұғалімнің өзін-өзі танудың мәселесіне тікелей шығады. Соған қатысты педагогикалық шығармашылық – бұл оқытушы тұлғасының жеке, психологиялық, парасаттылық күштері және қабілеттері арқылы өзін-өзі тану үрдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет