дәріс. Құстар класы – Aves Мақсаты: Құстардың құрылым ерекшеліктерімен танысу Қарастырылатын негізгі сұрақтар



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі25,48 Kb.
#186823
1   2   3
Байланысты:
Лекция 7. Құстар
Документ 25
Құстардың систематикасы.
Мақсаты: Құстардың шығу тегі және негізгі отрядтарымен танысу.
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  1. Құстардың шығу тегі, систематикасы мен жалпы сипаттамасы.

  2. Жүзгіш құстардың сипаттамасы, систематикасы және таралуы.

  3. Жүрдек құстардың сипаттамасы, систематикасы және таралуы.

  4. Ұшқыш құстардың сипаттамасы, систематикасы және негізгі отрядтарының таралуы.

Құстар – құрлық омыртқалыларының ішіндегі саны ең көп тобы, ауада ұшып тіршілік етуге бейімделген. Анатомиялық құрылысы жағынан құстар өздерінің тікелей тегі рептилияларға жақын, олар кесірткетәрізділер (Sauropsidia) тобына бірігеді. Құстардың рептилиядан бөлініп шығуы шамамен 190-170 млн. жыл бұрын триастың аяғында- юраның басында жүзеге асуы мүмкін. Құстар мезозой эрасында басым болған диапсидті бауырмен жорғалаушылар - архозаврлардан (Archosauria) бөлінген. Құстардың арғы тегі біршама ежелгі архозаврлар - текодонттар (Thecodontia), мүмкін орнитозухиялар (Ornithosuchus) болуы. Құстар класын рептилиялардың прогрессивті бұтағы ретінде қарастырады.


Қазіргі құстардың тері жамылғысында тері бездері (құймышақ безінен басқа) болмайды және эпидермистің мүйізді туындылары (мүйізді қалқаншалар, қауырсындар) болады. Диапсидті бассүйекте үстіңгі шықшыт доға жойылған, бір ілмешегі болады. Аяқтарында интеркарпальды және интертарзальды байланыстар жетілген, жамбасы ашық (динозаврлардағыдай), қабырғаларында ілмектәрізді өсінділері болады. Қантасымалдау жүйесінде тек оң жақ аорта доғасы сақталады. Зәр-жыныс жүйесі ұқсас, клоака болады, жұмыртқасы сары уызға бай, ұрығы ұрықтық қабықшалардың (сероза, амнион және аллантоис) пайда болуымен жүреді. Ұшуға бейімделуіне байланысты құстардың дене пішіні салыстырмалы түрде біртектес болып келеді. Денесі жинақы, жұмыртқа тәрізді. Ірі денелі ұшатын құстардың салмағы 14-16 кг-ға (аққулар, тазқаралар, дуадақтар), ал қанат құлашының ұзындығы 3-4 м-ге (бірқазандар, альбатростар) жетеді. Құстардың ішіндегі ең майдалары-салмағы бар-жоғы 1,6-2 г болатын кейбір колибрилер.
Құстардың қазіргі кезде 8600-дей түрді біріктіретін 30-ға тарта отряды болса, Қазақстанда 20-21 отрядқа жататын 489 түрі кездеседі. Жалпы құстар класы 2 кластармағына бөлінеді: Кластармағы Алғашқы құстар (кесірткеқұйрықтылар не ежелгі құстар) – Archaeornithes. Бұған қаңқа қалдықтары табылған, денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, бауырмен жорғалаушыларға ұқсас археоптерикстер жатады. Кластармағы Қазіргі құстар (желпуішқұйрықтылар не нағыз құстар) – Neornithes. Қазіргі құстар тіршілік әрекетінінің ерекшеліктеріне, дене құрлысына байланысты 3 топқа бөлінеді.
2. Жүзетін құстар тобы – Impennes. Бұл топқа бір ғана отряд Пингвинтәрізділер – Sphenisciformes жатады. 16-20 түрі бар. Оңтүстік жарты шарда, Антарктида да мекендейді. Ұшпайтын құстар, жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Құрлықта денесін тік ұстап жүре алады. Топтанып, кейде мыңдап шоғыр құрып тіршілік етеді. Майда пингвиндердің салмағы 1,5-3 кг-дай болса, император пингвинінің салмағы 40 кг-ға жетеді. Өкілдері: Адели, король, көзілдірікті пингвиндер, немесе балпанайлар (шетелдік қандастар осылай атайды). Жүгіретін немесе жалпақ төсті құстар тобы. Бұл топқа түйеқұстар жатады. Олардың төс сүйегінің қыры дамымаған. Тіршілік ететін жерлеріне қарай түйеқұстар 4 отрядқа бөлінеді.
Отряд Африка түйеқұстары не Страустар - Struthioniformes.
Бір ғана түрі бар. Ол африка түйеқұсы не страус – Struthio camelus. Бұл қазіргі құстардың ең ірісі. Салмағы 75-100 кг-дай және аяқтарында тек 2 саусағы болады. Соңғы кезде Қазақстанға алып келіп, қолда өсірілуде. Сондай 1 ферма Алматының жанындағы Есік қаласының маңында орналасқан, екіншісі Павлодар облысында.
Отряд Америка түйеқұстары не Нандулар - Rheiformes.
Өнілі – нанду. Денесі кішілеу, салмағы 20-25 кг, аяғында 3 саусағы болады. Денесін ұзын қауырсындар жапқан. Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында өсіріледі.
Отряд Австралия түйеқұстары не Казуарлар - Casuariiformes.
Казуар (80-90 кг) және Эму (40-55 кг) деген түрлері бар.
Отряд Қанатсыз түйеқұстар, не Кивилер – Aptorugiformes.
Түйеқұстардың ішінде ең кішісі, салмағы 2-3 кг-дай. Жаңа Зеландияның бұталы жықпылдарын мекендейді. Басқа түйеқұстардан ерекшелігі ымыртта белсенді тіршілік етеді. Саны аз – Жаңа Зеландияның эмблемасы (ел белгісі) – қорғауға алынған.
Ұшатын құстар немесе қырлытөстілер тобы. Қазіргі кездегі құстардың басым тобы, 24-26 отряды бар.

Отряд Қазтәрізділер – Anseriformes.


Салмағы 200 г-нан 10 кг-га жететін 150-ге тарта су құстары жатады. Ерекшеліктері – тұмсықтары жалпақ, жұмсақ мүйізді қапшықпен қапталған, тұмсығының ұшында “тырнақ” тәрізді өсінді болады. Тұмсықтарының шетінде мүйізді тақтайшасы мен тілі сүзгіш аппарат құрайды. Тез ұшады, жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Бұларға аққулар, қаздар, қарашақаздар, жер және өзен үйректері жатады. Қазтәрізділердің барлық түрі әуесқойлық жолмен ауланатын нысандар. Қазақстанда бұл отрядтың 38 түрі кездеседі. Олар қарашақаздар (2), қоңырқаз, ақмаңдай қаз, шиқылдауық қаз, қырманқаз, аққаз, ақбас қаз, Қытай қазы, сыбырлауық және сұңқылдақ (S), аққулар, отүйрек (огарь), саралақаз, италақаз, үйректер, сүңгіру үйректер, шүрегейлер, бейнарықтар және т.б.
Қазақстанның Қызыл кітабына қазтәрізділердің 9 түрі тіркелген. Олар: қызылжемсаулы қарашақаз (краснозобая казарка), Қытай қазы, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, мәрмәр шүрегей, алакөз сүңгуір, дөңмаңдай және қара турпандар, ақбас үйрек (савка).
Отряд Күндізгі жыртқыштар не сұңқартәрізділер – Falconiformes.
Отряд өкілдері жер шарына кең тараған, барлық ландшафттарда кездеседі. Тұмсығы қысқа, тырнақтары өткір, көзі үлкен. Ұшуы тез, жылдам, мәнерлі, қалықтан ұзақ ұша алады. Етқоректілер. Күндіз белсенді. Жұп құрып тіршілік етеді. Қалай болса солай салған ұяларына 1-3 (ірілері), ал майдалары 4-7 жұмыртқа салады. Отряд 2 отряд тармағына: 1 - американдық тазқаралар (кондорлар) және 2 - сұңқартектестер деп бөлінеді.
Бірінші отряд тармағына ең үлкен, салмағы 12 кг-дай, қанат құлашының үзындығы 3 м-ге жететің құстар жатады. ТМД елдерінде 50-ге тарта, соның ішінде Қазақстанда екінші отряд тармағының 43 түрі кездеседі. Олар: бүркіттер, қырандар, қарақұс, құладындар, тұйғын, кезқұйрық, ақсұңқар, ителгі, тазқара, жұртшы, құмай, лашын, тұрымтай, жағалтай, бөктергі, күйкентайлар және т.б. жатады
Жыртқыш құстардың көпшілігі зиянды кеміргіштер және насекомдармен қоректеніп ауыл және орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Өлекселермен қоректенетіндер – санитарлар. Кейбір құстарды құсбегілер қолда ұстап, саятшылық жасайды. Жыртқыш құстар өткен ғасырдың 50-шы жылдарында аңшаруашылығының зиянкестері деп жаппай ауланған. Қазір көптеген түрлері қорғалады. Мысалы, күндізгі жыртқыштардың 15 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Тауықтәрізділер отряды – Galliformes.
Бұл отрядқа 250-ге жуық құрлықты немесе жермен-ағаш сүлбесінде тіршілік ететін құстар жатады. Барлық ландшафттарда кездеседі. Қанаттары қысқа және жалпақ. Аяқтары күшті. Шөпқоректілер. Салмағы 45 г-на 8-10 кг-ға жетеді. ТМД елдерінде 20-ға жуық, ал Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Олар: құрлар, кекілік, шілдер, қырғауыл, бөдене, ұларлар және т.б. Сол сияқты бұларға қоқыс тауықтар, күркетауық, тауысқұстар (павлин ) және т.б. Гаоцинде осы отрядқа жатады. Ерекшілігі: балапанының қанаттарында тырнақтары болады.
Барлық тауықтәрізділер - әуесқойлық, ал кейбіреулері кәсіптік жолмен ауланады. Кейбір түрлері қорғауға алынған, мысалы Қазақстан Қызыл кітабына (1996) Алтай ұлары тіркелген.
Тырнатәрізділер отряды – Gruiformes.
190-ға жуық түрді біріктіреді, салмағы 30 г-нан 16 кг-га жететін, сыртқы пішіні және экологиялық ерекшеліктері әртүрлі құстар жатады. ТМД елдерінде 23 түр, ал Қазақстанда 16 түрі кездеседі. Құрлықта, кейбіреулері су жағалауларында батпақты жерлерде мекендейді. Оларға тырналар, сутартарлар (қасқалдақ, шәкілдек – коростель),дуадақтар жатады. Кейбіреулері әуесқойлық жолмен ауланады, екіншілері жан-жақты қорғауға алынған. Мысалы, Қазақстанда 7 түрі Қызыл кітапқа тіркелген (жиекдуадақ, не жорға дуадақ, безгелдек, тоқдуадақ, ақбас тырна, ақтырна, тырна, көкмаңдай – султанка).
Татреңтәрізділер отряды – Charadriiformes.
300-ге жуық суда және су маңында мекендейтін құстар жатады. ТМД елдерінде 135-тей, ал Қазақстанда 82 түрі мекендейді. Оларға шалшықшылар (кулики), шағалалар, сол сияқты мұнтаздар жатады. Көпшілігі шоғырланып, “құс базарын” құрып тіршілік етеді. Біразы әуесқойлық, кәсіптік жолмен ауланады. Зиянды жәндіктер және майда кеміргіштермен қоректеніп ауыл, орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Аздан балық шаруашылығына зиян тигізеді. Кейбір түрлері сирек кездеседі, олар Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген (мысалы, орақтұмсық, қарабас қарқылдақ – черноголовый хохотун, мойнақ не болмаса реликті шағала).
Кептертәрізділер отряды – Columbiformes.
300-ге тарта, көпшілігі шөптектес азықпен коректенетін, жақсы жүретін әрі жүгіретін, қанаттары ұзын, үшкір, ұшуы жылдам әрі мәнерлі құстар жатады. ТМД елдерінде 20-ға жуық, ал Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Олар бұлдырықтар мен кептерлер (кейбір систематик ғалымдар бұлдырықтарды жеке отряд ретінде қарыстырады). Жеке жұп құрып тіршілік етеді. Бұлдырықтар жұмыртқаларын жерге салса, кептерлер ағашқа, шатыр астына және т.б. жерлерге салады.
Кептерлер - әуесқойлық жолмен ауланады, кейбір түрлері, мысалы қоңыр кептер және бұлдырықтардың барлығы (ақбауыр, қарабауыр бұлдырықтар, қылаңтөс немесе қылқұйрық бұлдырық) Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Жапалақтәрізділер отряды – Strigiformes.
Түнгі жыртқыштар, жер шарының барлық ландшафттарында кездесетін, 140-қа жуық түрді біріктіретін топ. Тұмсықтары, тырнақтары өткір. Жақсы естиді, жақсы кореді. ТМД елдерінде 18, ал Қазақстанда 14 түр кездеседі. Олар: жапалақтар, байғыздар, үкі. Етпен қоректенеді. Ауыл, орман шаруашылықтарының зиянкестерімен қоректеніп пайда келтіреді, сол сияқты кейбір терісі бағалы аңдарды ұстап, аздап болса да зияны бар. Үкі – Қазақстан Қызыл кітабына (1996) тіркілген.
Көкқарғатәрізділер отряды – Coraciformes.
200-ге тарта пішіні, дене мөлшері әртүрлі, салмағы 10 г-нан 45 кг-ға жететін құстар бірігеді. Көптеген түрлері тропикада мекендейді. Реңі ашық, әдемі, моногамдар. Інде, қуыста ұялайды, кейбіреулері топтанып тіршілік етеді. ТМД елдерінде 6, Қазақстанда 5 түрі кездеседі. Бұларға көкқарға, зымыран, боздақтар - сары боздақ, көк боздақ, бәбісек, сол сияқты тропикалық (Африка мен Оңтүстік-шығыс Азия) құстар, кеуекті ұя салатын мүйізтұмсықтар жатады.
Тоқылдақтәрізділер отряды – Piciformes.
400-ге жуық, салмағы 6 г-нан 300 г-ға жететін, ағаш арасында тіршілік ететін құстар жатады. Ұяларын ағаш қуыстарына салады. Бұларға балкөрсет,тукан тәрізді тропикалық құстармен қатар ТМД елдерінде ұялайтын 13, ал Қазақстанда мекендейтін 8 түрлі тоқылдақтар мен дүпілдек жатады. Барлғы дерлік насекомдар және олардың дернәсілдерімен қоректеніп орман мен ауыл шаруашылықтарына пайда келтіреді.
Торғайтәрізділер отряды – Passeriformes.
Түрі 5000-дей болатын, яғни қазіргі кезде тіршілік ететін құстардың 60 пайызын құрайтын үлкен топ. Жер жүзінде, Антарктикадан басқа жерлерде, кең тараған. Пішіні, түсі алуантүрлі. ТМД елдерінде 330-дай, ал Қазақстанда 240-тай түрі кездеседі. Оларға – қарғалар, сауысқан, қарлығаштар, бозторғайлар, шымшықтар, мысықторғайлар, құрқылтайлар, сұлыкештер, сандуғаштар, бұлбұлдар, көкқұс, сушылқаралар, қайшыауыздар және т.б. жатады. Үш түрі – жорға торғай, көкқұс, үлкен құралай Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет