Дәріс 2. Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері 1.Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер.
2.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ойлар.
3.ХIХ ғасырдағы саяси ілімдер мен бағыттар.
4.ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдағы саяси ілімдер.
Ежелгі дәуірдегі саяси ілімдер. Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің
бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдары өмір сүрді. Ол саяси ойларын “Саясат”,
“Мемлекет”,”Заңдар” атты еңбектерінде қарастырған.Мемлекет пен заңдарға деген
мұқтаждықты Платон адамдардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындатуға деген талпынуларымен түсіндірді.Платон пікір бойынша мемлекеттік құрылыстың “дұрыс” және “бұрыс” формалары кездеседі.
Мемлекеттің дұрыс формасы-- тимократия /байлықты иеленуге талпынушылардың үстемдігі/, олигархия /азғана бай жауыздардың, қылмысқа жақындардың үстемдігі/,
демократия /көпшілік билігі/, тирания /бір адам билігі/.
Платон мемлеекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлеектті қарсы
қояды .Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлеект мынадай белгілерге ие болуы тиіс;
1)қорғау құралдарымен; 2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде
жабдықтап тұру; 3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде
дамуына жағдай жасау.Ол мемлеекттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы
адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі.Әрбір
сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.
Аристотель б.з.д .384-322 ж.ж. Саяси ілімі “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”
“Риторика” деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясақа кең мағына бере отырып,
мемлеект- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бірақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлеектке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол да
мемлекетті “дұрыс” және “бұрыс” формаларға бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократия мен политияны жатқызады.
Ал тирания, олигархия мен демократия мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер, халық, ел пайдасын ойлайды,билік қоғамға
қызмет етеді.Ал бұрыс түрінде олар өздерінің бас пайдаларын ойлайтын көрінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім
қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу -ызаға берілмей қоймайды,ал заң
болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен ежелгі грек ойшылдары мемлекеттік құрылыстың әртүрлі формаларын мемлеект ісіне азаматтардың
қатысуын талдап ғана қойған жоқ.Сонымен бірге, олардың идеялары саяси ілімнің
әрі қарай дамуына жағдай жасады.