Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет6/24
Дата18.04.2023
өлшемі139,72 Kb.
#174778
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Биохимия дәріс тезистері 3

Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1. Сөре алдыңғы күйдің айқындалу түрі және физиологиялық механизмдері.
2. Сөре алдыңғы реакциялардың түрлері және олардың физиологиялық сипаттамасы.
3. Сөре алдыңғы реакциялардың реттелуі.
4. Ағзаға бой қыздырудың жалпы және арнайы бөлімдері әсерінің физиологиялық механизмдері.
5. Бабына енудің физиологиялық механизмдері.
6. "Өлі нүктенің" және "екінші тыныс алудың" физиологиялық сипаттамасы.
7. Циклді жаттығуларды орындау кезіндегі тұрақты күй.


Тақырыбы:Көмірсулар алмасуы


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Көмірсулар, жалпы сипаттамасы және биологиялықрөлі.
2.Қарапайым көмірсулар немесемоноқанттар.
3.Күрделі көмірсулар.
4.Көмірсулардыңалмасуы.
5.Көмірсулардың өнімдік маңызы. Олардың зат алмасудағырөлі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Көмірсулар барлық тірі ағзалардың құрамына кіреді: өсімдіктердің құрғақ салмақтың 80% дейін құрайды. Адам ағзасында көмірсулар құрғақ салмақтың 2%құрайды. Көмірсулардың биологиялық рөлі – негізгі қызметтері:
1.Энергетикалық; 2.Тіректік; 3.Құрылымдық. 4.Тұқымқуалаушылық; 5.Қорғаныстық.
Адам ағзасында көмірсулар бауыр және бұлшық ет жасушаларында ерімейтін гликоген түрінде болады. Қанда және лимфада ерітінді түрінде глюкоза болады.
Көмірсулардың классификациясы: қарапайым (моноқанттар) және күрделі (олиго және полиқанттар) көмірсуларын бөледі. Гидролиз кезінде екі молекуланы құрайтын көмірсулар дисахаридтер деп аталады, үш молекулаға – трисахаридтер деп, ал одан да көп молекулаларына ыдырауы – полисахаридтер деп аталады.
Моносахаридтер: Глюкоза және фруктоза, Рибоза және дезоксирибоза пентозалары.
Күрделі көмірсулар: олигосахаридтер және полисахаридтер. Көмірсулардың қорытылуы. Полисахарид (крахмал) ауызға түскен кезде гидролитикалық ыдырай бастайды,қарын ішінде көмірсулар сәйкес ферменттердің болмауынан өзгермейді. Көмірсулардың одан ары қарай ыдырауы ішекте ұйқы бездерімен (амилаза) және ішек бездерімен (ішек амилазасы мен мальтазасы) бөлінетін ферменттердің қатысуымен жүреді.
Бауырдағы көмірсулардың алмасуы. Глюкозаның бір бөлігі бауыр жасушаларында қалады және қосалқы полисахарид гликогенге айналады. Гликоген – тұтас ағза үшін және қандағы глюкозаның құрамын сақтау үшін көмірсулардың басты резерві. Спорттық жүктемені орындау кезінде бұлшық етті, жүректі және жүйке жүйесін көмірсулармен тез қамту керек болса, глюкозаны, оңай сіңетін олигосахаридтерді пайдаланған дұрыс. Қанайналымына глюкоза тез түскен кезде қандағы глюкозаның мөлшері өседі. Бұл көбею алиментарлық (тағамдық) гипергликемия деп атаалды. Тыныштық қалпында, глюкозаны пайдаланудың бірінші орнында ми тұрады. Бұлшық ет әрекеті кезінде қаңқа бұлшық етінің глюкозаны пайдалануы өседі. Қандағы глюкозаның шамасының азаюы гипогликемия деп аталады. Бауырдағы гликогеннен глюкозаның пайда болуы және оның қан айналымына түсуі гликогенолиз деп аталады.
Көмірсулардың (гликоген немесе глюкоза) тіндегі (әсіресе, бұлшық еттерде) ыдырауы екі кезеңнен тұрады:

  1. анаэробтық фаза, пировиноградты қышқылды құрумен аяқталады (ПВҚ); 2)аэробты фаза, бұл соңғы өнімдердің (СО2 және Н2О) түзілуімен аяқталады.

Гликонеогенез - көмірсулардың жаңадан пайда болуы. Көмірсулар алмасуының жүйкелік және эндокриндік реттелуі. Жүйке жүйесі көмірсуларды гипоталамус арқылы, сонымен қатар бас ми арқылы реттейді. Бас мидың көмірсу алмасуына әсер етуінің мысалы ретінде шартты рефлекторлы гипергликемияның әртүрлі формалары бола алады. Көмірсу алмасуын реттеуде эндрокринді жүйенің маңызы зор. Көмірсу алмасуының реттелуінде бүйрекүсті ми заттарымен бөлінетін адреналин күрделі рөл атқарады. Көмірсу алмасуын реттеу үшін ұйқы безінің гормоны – инсулиннің рөлі үлкен. Инсулин глюкозаның тіндермен қамтылуына мүмкіндік туғызады, гликогеннің синтезін ынталандырады. Көмірсулардың алмасуын қалқанша бездің гормоны – тироксин, бүйрекүсті безінің қабығы гормоны – глюкокортикоидтер күшейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет