Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
Көмірсулардың биологиялықрөлі.
Көмірсулардыңклассификациясы.
Моносахаридтер, сипаттамасы.
Олигосахаридтер, сипаттамасы.
Полисахаридтер, сипаттамасы.
Крахмал жәнегликоген.
Көмірсулардыңқорытылуы.
Ағзадағы көмірсулардыңқорлары.
Бауырдағы көмірсулардыңалмасуы.
Көмірсулардың басқа тіндердегі алмасуы.
Гликонеогенез және гликогенолиз.
Көмірсу алмасуын жүйкелік және гормоналдыреттеу.
Гипо- және гипергликемия,глюкозурия
|
2
|
4
|
Тақырыбы: Спортшының шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық негіздері.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Шаршау түсінігінің анықтамасы. Шаршау түрлері. 2. Шаршаудың қалыптасуының теориясы.
3. Шаршаудың орнығуы. 4. Әртүрлі дене жүктемелерінен кейінгі шаршаудың ерекшеліктері.
5. Шаршаудың биологиялық маңызы. 6. Бұлшық ет қызметінен кейінгі қалпына келу процестерінің физиологиялық сипаттамасы. 7. Қалпына келу процесінің физиологиялық заңдылықтары. 8. Әртүрлі қуатты жұмыстардан кейінгі қалпына келу.
9. Қалпына келу процесін жеделдету әдістері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Шаршау түсінігінің анықтамасы. Щаршаудың түрлері. Шаршау – атқарылған жұмыстың нәтижесінде уақытша туындайтын және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сиптталатын ағзаның физиологиялық күйі. Шаршау қажу сезімінен туындайды. Шаршаудың бірнеше түрлері бар: ақыл-ой, талдағыштар, дене шаршауы және эмоциялық шаршау. Сондай-ақ, тез шаршау бар, бұл кезде берілген жүктеме ағзаның жұмысқа қабілеттілігінен артып кетеді және созылмалы, бұл ұзақ уақыт қалпына келмеуден туындайды.
Шаршаудың қалыптасу теориясы
Қазіргі уақытта шаршаудың механизмдерін түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Оларға – бұлшық еттердегі қуат көздерінің таусылу (Шифф,1868) теориясы, бұлшық еттерде зал алмасудың соңғы өнімдерінің жинақталу (Пфлюгер,182) теориясы, метабоилттермен улану (Вейхард,1902) теориясы, тұншығу - оттегінің жетіспеуі нәтижесінде (Фервон,1903) және кеңестер одағы елдерінде кеңінен таралған –И.М.Сеченовтың (1903) жасағн және А.А.Ухтомскимен толықтырған шаршаудың орталық жүйкелік теориясы.
Шаршаудың орнығуы. Шаршаудың орнығуының физиологиялық механизмдері өзара байланысты ағзаның үш түрлі жүйелеріндегі ығысулармен байланысты, атап айтқанада – ОЖЖ-де, жұмыс жасап тұрған бұлшық еттерде және ағзаның ішік ортасында.
Әртүрлі дене дене жүетемелері кезіндегі шаршаудың ерекшеліктері.
Бұлшық ет жұмысы кезінде шаршаудың әртүрлі құрылымды және қуатты дамуының әртүрлі факторлары бар.
Максимальды қуатты циклді жұмысты орындау кезіндегі басты фактор – нейрондардан қаңқа бұлшық еттеріне және жұмыс жасап тұрған бұлшық еттерден орталыққа берілетін күшті импульстер ағымынан ОЖЖ-ң қажуы. Одан басқа, нейрондардағы АҮФ,КрФ-ң мөлшері азаяды, ми құрылымында тежегіш медиатор – гамма-амин май қышқылының мөлшері артады.
Субмаксимальды қуатты жұмысты орындау кезінде шаршаудың негізгі факторы – жұмыс барысындағы ағзаның ішкі ортасының өзгерістері: гипоксия (қандағы оттегінің мөлшерінің төмендеуі), қанның рН рекациясының 7-ге дейін (тыныштық күйде – 7,36)төмендеуі, қандағы сүт қышықылы концентрациясының 250 мг/%-ға дейін (тыныштық күйде 10-20 мг/%) артуы. Зат алмасу өнімлерімен улануда және үлкен импульстер ағымынан ОЖЖ қажиды. Оттектік борыш максимальды деңгейіне – 22л-ге жетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |