Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Тақырыбы: Бұлшық еттер және бұлшық ет жиырылуы биохимиясы



бет15/24
Дата18.04.2023
өлшемі139,72 Kb.
#174778
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Биохимия дәріс тезистері 3

Тақырыбы: Бұлшық еттер және бұлшық ет жиырылуы биохимиясы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Бұлшық еттер, рөлі,классификациясы.

  2. Көлденең-ала бұлшық еттің химиялыққұрамы.

  3. Бұлшық ет жасушасыныңқұрылымы.

  4. Бұлшық етжиырылуы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бұлшық еттер дененің немесе оның жеке бөлімдерінің орын ауыстыруын қамтамасыз етеді және механикалық жұмыс атқарумен бірге жүреді. Бұлшық ет ткані дене салмағының 40-43% құрайды. Бұлшық еттердің негізгі қызметі қозғалуды қысқару және келесі қысқару арқылы қамтамасыз ету. Бұлшық ет жиырылуы кезінде химиялық (потенциялдық, көзге көрінбейтін) энергияны механикалық энергияға айналдырумен байланысты жұмысатқарылады.
Бұлшық еттер келесі түрлерге бөлінеді: көлденең-ала (оларда микроскопиялық зерттей кезінде көлденең сызықтары байқалады) және тегіс. Көлденең-ала бұлшық еттерді (қаңқалық) біз қысқарта аламыз, ал біздің санамыз бен еркімізге тәуелсіз қысқаратын ішкі мүшелер (ішек-мал жолдары, бронхылар, зәр шығарушы жолдар және т.б.) мен қан тамыр- ларының тегіс бұлшық еттерін басқара алмаймыз. Бұлшық ет талшықтарының үш түрі белгілі: ақ тез қысқаратын, аралық және баяуқысқаратын. Көлденең-ала бұлшық еттердің химиялық құрамы: 72-80% су, шамамен 20-21% құрғақ зат, көбінесе ақуыз, сонымен қатар, гликоген және басқа көмірсулар, липидтер, азоттық заттар, органикалық және бейорганикалық заттардың тұздары және басқа химиялық қосылыстар.
Бұлшық ет жасушасының құрылысы. Әрбiр бұлшық ет жалғағыш жұқа қабаттармен және сондай қабықтармен бiрлестiрiлетiн бiрнеше мың бұлшық еттiк тал жiптерден тұрады. Бұлшық ет көп компонентті кешен. Бұлшық ет талшықтары күңгірт және ақшыл дискілер алмасатын диамерті шамамен 1мкм болатын көлденең орналасқан миофибриллдерден тұрады. Күңгірт дискілерінде екі сәуле сынуы болады және А- (анизотропты) дискілер деп аталады. Ақшыл дискілерде екі сәуле сынуы болмайды және I-(изотропты) дискілер деп аталады. I дискісінің ортасында қалың Z түзуі болады, ол миофибриллдерді байламда ұстап, көпшілік миофибриллдердің А- және I-дискілерін бір уақытта орналасуын реттеп барлық жіптерден өтеді. Бір Z-түзуінен екіншісіне дейінгі миофибрилл байламы саркомер деп аталады. Жасуша ішіндегі сұйықтықта – саркоплазмада органикалық заттар, минералды тұздар, сонымен қатар, субжасушалы бөлшектер шоғырланған: қызметі зат алмасуын бұлшық ет жібінде спецификалық бұлшық ет ақуыздардың синтезіне әсер ету арқылы реттеу болатын ядролар, митохаондрийлер, рибосомалар. Саркоплазманың ішінде саркоплазмалық реиткулум, рибосомалар, митохондрийлер, ядролар, лизосомалар болады.
Бұлшық еттің жиырылуы. Бұл үрдіс көлденең-ала жіптер моделінде толық зерттелген, алайда, барлық бұлшық еттердің қысқару механизмі салыстырмалы бірдей. Көлденең-ала бұлшық ет жіптері бізге белгілі бұлшық еттердің бәрін құрайды (мысалы, иықтың екі басты бұлшық еті немесе жамбас бұлшық еті). Бұндай құрылым қысқару бұлшық еттері мен мембраналардың жіптерімен (миофиламенттермен) құралған. Бұлшық ет жібінің негізгі бірлігі – екі көршілес Z-пластинкаларының арасындағы бөлімше. Бұндай жіптер ең алдымен актин ақуыздарынан тұрады, ал қалың жіптер – миозиннен. Бұлшық ет жиырылуы кезінде миозин молекулалары- нан шығатын «бүркеншіктер» белсенді жіптерге жабысып, айнала бастайды, қалың және жіңішке жіптердің бір біріне қатысты қозғалысын қамтамасыз етеді (бұл автомобиль дөңгелектерін ауыстырған кезде домкраттың жұмысына ұқсайды). Бұндай қозғалыс көршілес Z-пластинка- ларының жақындасуына әкеледі, нәтижесінде барлық бұлшық ет қысқарады. Бұлшық еттердің жиырылуын түсіндіретін сырғушы жіптер теориясы. Қалың және жіңішке жіптер бір біріне қатысты сырғиды, ол көршілес Z-пластинкаларының арақашықтығының азаюына әкеледі. Осылайша, бұлшық ет қысқарған кезде жіп қысқарады, ал жіптердің ұзындығы өзгермейді.
Бұлшық еттердің жиырылуы үшін АҮФ-дағы энергия қажет, ол миозин бүркеншіктерін айналдыруға кетеді. Бұлшық еттің босаңсуы үшін де АТФ қажет, өйткені, миозин бүркеншіктері миозинмен байланысатын АТФ жаңа молекулалары босатпағанша актин жіптерінен босатыла алмайды. Бұлшық ет жиырылуы үшін АТФ-тен басқа жіңішке жіптермен байланысатын кальций иондары қажет. Жіптегі кальций шоғырлануы бұлшық ет жиырылуы кезінде өсіп, босаңсу кезінде азаяды. Бұлшық ет жиырылуы үшін АТФ-тен басқа жіңішке жіптермен байланысатын кальций иондары қажет. Жіптегі кальций шоғырлануы бұлшық ет жиырылуы кезінде өсіп, босаңсу кезінде азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет