Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Тақырыбы:Гимнастиканың физиологиялық сипаттамасы



бет22/24
Дата18.04.2023
өлшемі139,72 Kb.
#174778
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Биохимия дәріс тезистері 3

Тақырыбы:Гимнастиканың физиологиялық сипаттамасы


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Гимнастикадағы қимылдардың физиологиялық сипаттамасы.
2. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі кеңістікте және уақыт бойнша бағдарлану.
3. Гимнасшылардың күшін дамыту бойынша жаттығулар.
4. Гимнасшылардың шапшаңдықты-күшті спаларын арттыру.
5. Гинасшыларды шынықтыру кезінде берілетін дене жүктемесінің физиологиялық сипаттамасы. Дәрістің қысқаша мазмұны:
Гимнастиканың физиологиялық ерекшеліктері.Гимнастикадағы қимылдардың физиологиялық жіктелуі.
Гимнастика адамның денсаулығын нығайтуға, қимыл қабілетін жетілдіруге бағытталған арнайы дене жаттығулары. Гимнастиканың өзі спорттық, көркемдік және спорттық акробатикадан тұрады. Гимнастикалық жаттығуларды ерлер 6 снарядпен, әйелдер 4 снарядпен орындайды. Жіктелуі бойынша гимнастика стереотивті (стандартсыз) қимылдар тобына жатады. Сапалық мәніне байланысты баллмен есептелінеді (Фарфель,1369; Л.М.Коц,1982).
Физиологиялық тұрғыдан қарастырғанда гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі қимылдарды басқару динамикалық стереотип үлгісіне дұрыс сәйкес келеді. Гимнастикалық қимылдарды басқару спортшының өзінің алдын ала белгілі қатаң түрде жаттаған қимылдарды қайталай жүзеге асыруы арқылы орындалады. Ал жаттғудың сапалы орындалуы бұлшық еттің жиырылуының күші мен шапшаңдығына, дененің және оның кейбір бөлімдерінің күрделі қимыл бағдарына, тепе-теңдікті сақтауға, буындардың иілгіштіне, кеңістікке, уақытқа байланысты бағдарлануға, тіректі және тірексіз дене күйіне байланысты. Гимнастикадағы қимылдар бір жағынан қимыл аппаратынан және талдағыштар жүйесінен келіп түсетін ақпараттың саны мен сапасына байланысты болса, екінші жағынан орталық жүйке жүйесінің бағдарлы қызметіне байланысты.
Гимнасшыладрың шапшаңдықты-күшті дайындығын арттыру. Күрделі гимнастикалық секірулердің қазрігі кездегі орындалу техникасы бастапқы жүгірудің шапшаңдығына негізделеді, тіректі қимылдардың барлық құрылымды кезеңдерін орындау сапасын жақсартуды арттыруға қажеттілік туындайды.
Жоғары дәрежелі спортшылардың қысқа спринтерлік қашықтықтағы (20м) максимальды шапшаңдығы соңғы 5м қашықтықта орташа есеппен - 8,1 м/с. Тіректі секірулердің соңғы бес метріндегі жүгіру шпшаңдығы – 6,6-7,3 м/с. Жүгіру шапшаңдығы туралы гимнасшылардың хабардар болып отыруы спортшылардың көрсететін нәтижесін арттырып, шсашаңдықты мүмкіндіктерін артырады.
Гимнасшылардың шынығуы кезінде берілетін дене жүктемесінің физиологиялық сипаттамасы. Жоғары дәрежелі спортшыларда қазіргі кездегі шынығулар кезін орындалатын жаттығулар аптасына 1200-2500 элементтерден құралады; ал бір шынығу процесі барысында – 300-400 элементтер қолданылады. Соңғы кездері шынықтыру жүктемелері өсті.
Жұмыстың орындалуы кезінде бұлшық еттің қуатпен қамтамасыз етілуі анаэробты және аэробты механизмдермен жүзеге асады. Жас гимнасшыларда ЖСЖ машықтану кезінде 130-160 соғу/мин болса, жарыс кезінде 176-190 соғу/мин-қа жетеді.
Оттегінің қолданылуы жаттығудың түріне, ұзақтығына байланысты. Қаншалықты жаттығу күрделі болса, соншалықты оттегінің қолданылуы артады. Бірқайтарымды және қайталанған жұмыста гимнастикалық жаттығуларды орындау сыртқы тыныс алу қызметінің ншарлауымен және «Лингард феноменінің» айқындалуымен сипатталады. Ересек гимнасшыларда оттегінің минуттық қолданылуы 20-40 л/мин болса, жас гимнасшыларда – 13-33 л/мин. Жұмыс кезіндегі оттегінің қолданылу мөлшері жаттығудың түріне (еркін, бруста, сақинада, орындалатын жаттығулар, секірулер); жұмысың сипатына (бірқайтарымды немесе қайталанбалы) байланысты. Жұмысты қайталай орындағанда, күрделі жаттығуларды орындағанда оттегенің қолданылу деңгейі артады. Әртүрлі жастағы және әртүрлі дәрежелі спортшылардың ОМҚ-н зерттеу нәтижелері бойынша ересек гимнасшыларды бұл көрсеткіштің мөлшері – ерлерде - 3,0 - 4,1 л/мин және әйелдерде – 2,1-2,6 л/мин, ал салыстырмалы ОМҚ – 41-60 мл/кг/мин және 45-56 мл/кг/мин. ОМҚ-нан пайызбен берілген оттегінің қолданылуы шынығу жұмысы кезінде гимнасшы әйелдерде – 22-46,6%, ерлерде – 21,9-42,7%-ын құрайды.
Бұлшық еттердің қызметінің анаэробты қамтамасыз етілуін сипаттайтын оттектік қарыздылықты зерттеу нәтижесінде бұл көрсекіштің жаттығудың түріне, жұмыстың сипатына және жаттығудың күрделілігіне байланысты екендігін көрсетеді. Оттектік қарыздылықтың жоғары көрсеткіші бруста жаттығу орындағаннан кейін (47-64 мл/кг/мин) тіркелесе, ең төмені – бағанда орындалған жаттығулардан (22-27 мл/кг/мин) кейін тіркелді. Қаншалықты кеңістікте бағдарлану күрделенсе, соншалықты оттектік қарыздылық артып отырады.
Иілгіштік қасиетінің басым болуына қарай ең жоғарғы нәтижені спортшылар орта есеппен 15-18 жас аралығында көрсетеді. Гимнасшылардың орташа салмағы 60-62 кг, бойы 165-166 см деңгейінде болады. Соңғы кезде гимнастикалық жаттығулардың орындалу техникасы күрделеніуне байланысты бойларының біршама артқандығы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет