Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет21/24
Дата18.04.2023
өлшемі139,72 Kb.
#174778
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Биохимия дәріс тезистері 3

Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Спортшы тамақтануының жалпынегіздері.

  2. Әртүрлі еңбек әрекеті кезіндегі тағамныңкалориялылығы.

  3. Ауыр дене еңбек спортымен айналысатын спортшылардың энергия шығындары.

  4. Спортшы организмінің ақуыздарға, көмірсуларға, майларға, дәрумендерге және минералдарға физиологиялық қажеттіліктері.

  5. Спорт түріне байланысты спортшылардың ас ішуерекшеліктері.

  6. Жұмыс қабілеттілігін жоғарылату мен қалыптасуды жылдамдату үшін биологиялық белсенді қосындылар.

  7. Ас ішу факторының көмегімен жұмыс қабілеттілігін жоғарылату мен қалыптасуды жылдамдатудың биохимиялықжолдары.

  8. Ас ішу мен денесалмағы.

2

14

Тақырыбы: Жекпе-жек және ауыр атлетика спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Жекпе-жек спорт түріндегі қимылдардың жалпы физиологиялық сипаттамасы.
2. Бокстың физиологиялық сипаттамасы.
3. Күрестің физиологиялық сипаттамасы.
4. Семсерлесудің физиологиялық сипаттамасы.
5. Ауыр атлетиканың физиологиялық сипаттамасы.Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жекпе-жек спорт түрлеріне бокс, күрес, семсерлесу және басқа спорт түрлері жатады. Олар ациклді, қимыл белсенділігі өзгеріп отыратын дене жаттығуларына жатады. Жаттығудың қарқыны ойыншының қарсыласының қимыл әрекетіне байланысты болады, сондықтан жекпе-жек спорт түрлері ситуациялы жаттығуларға жатады. Денедегі бұлшық ет мөлшерінің қатысуына байланысты кең ауқымды жаттығуларға жатады.
Бокс. Боксшының қимыл белсенділігі ауыспалы қуатты, шапшаңдықты-күшті, динамикалық жұмысқа жатады. Боксшының қимылы ациклді және қарсыласының қимыл қозғалысына байланысты. Жоғары жүйке жүйесінің түрі бойынша боксшы көбіне холерик болып келеді. Жүйке процестері жоғары қозғалмалы болады және мұнда экстраполяцияның маңызы жоғары болады. Боксшыларда ӨТС орта есеппен 4500-5000 мл болады. Тыныс алудың минуттық көлемі ойын кезінде 80-100 л/мин-ке жетеді де, оттектік борыш қалыптасады. ОМҚ орташа есеппен 4,1 л/мин (немесе 60 мл/мин). Ауыр салмақты боксшыларда ОМҚ 6,5 л/мин-ке жетеді. 3 раунд ішінде 200-250 ккал қуат жұмсалады. Бір тәулікте жұмсалатын қуаттың мөлшері салмақтық категорияға байланысты 3700-6000 ккал аралығында болады.Жүректің көлемі 950 см3 (615-1440 см3), ойын кезінде ЖСЖ жұмыстың қарқынына байланысты болады да,180-200 соғу/мин-қа жетеді, ал тыныштық күйде 55-60 соғу/мин (брадикардия) болады. Ойын кезінде қан жүйесінде лейкоцитоз байқалады. Ойыннан кейін сүт қышқылының мөлшері артып, қанның рН реакциясы төмендеп, қышқылды жаққа ығысады.
Нокаут және нокдаун күйлері. Жақ астынан, тұмсықтан, самайдан, оң және сол жақ қабырға астынан, күн шоғырынан соққы тигенде боксшы нокдаун немесе нокуат күйіне түсуі мүмкін. Бұл кезде спортшы уақытша есінен танып қалуы, денесінің тепе-теңдігі бұзылуы мүмкін және мұндай күйде кейде спортшы ойынды ары қарай жалғастыра алмайтын күйде болады. Нокдаун бірнеше секундтарға созылады. Егер спортшы уақыт 10 секундтан асқанға дейін ойынды ары қарай жалғастыра алмаса нокаут болып есептелінеді де, жеңіліске ұшырайды. Күн шоғрынан соққы тигенде спортшы қатты ауырсынады, уақытша тыныс алу кідірісі байқалады, жүректің қызметі нашарлайды, артериялық қан қысымы төменейді, есінен танып қалады. Жүрек-тамыр жүйесі.
ЖСЖ машықтану кезінде 150-170 соғу/мин болса, ойын кезінде 190-195 соғу/мин-қа дейін көтеріледі. Бірақ, арасында 10-12 сек-тық үзілістер болғанда ЖСЖ біршама төмендейді. Ойыннан кейін спортшының қанының рН реакциясы төмендейді, көмір қышқыл газының қысымы артады, қанның буферлік қасиеттері төмендейді. Ойыннан кейін спортшының дене қызуы көтеріледі. Бұл арнайы киім және маскі кигендіктен жылу алмасудың қиындауына байланысты.Тәуліктік қуат жұмсалуы ерлерде – 3600-4200 ккал, әйелдерде – 3000-3600 ккал мөлшерде.
Ауыр атлетиканың физиологиялық сипаттамасы
Ауыр атлетика ациклді сипатты, стереотипті өзіндік-күшті жаттығуларға жатады. Бұл кезде бұлшық еттердің изометрлік жиырылуы байқалады. Күштің өте жоғары деңгейде айқындалуы бірнеше секундтердің ішінде жүзеге асады. Олай болса, өзіндік-күшті жаттығулардың орындалуы кезінде спорттық нәтиже салмақтың артуы есебінен жүзеге асады. Бұл кезде үдеу өзгермейді, ал шапшаңдықты-күшті жаттығуларды орындау кезінде керісінше нәтиже үдеудің есебінен жүзеге асады. Штангінің салмағы штангішінің салмағына байланысты, сондықтан бұл спортта салмақтық дәреже есепке алынады.
Бұлшық еттердің бірқатар қасиеттері есепке алынады:
бұлшық еттердің күші;
бұлшық ет талшықтарының тығыздығы, қаттылығы;
бұлшық еттердің лабилдігі.
Машықтану кезінде штангігің салмағын ауыстырып отыру қажет, өйткені бір ғана салмақпен көтере берсе, спортшының жүйке жүйесінде экстраполяция нашар дамиды. Әртүрлі саладағы бұлшық еттердің жиырылуы әрқалай болып, кез келген жүктемеге бейімделуі артады.
Спортшының жұмысы анаэробты жағдайда жүзеге асады. Оттектік сұраныс 2 литр деңгейінде болып, штангіні көтеріп болғаннан кейін оттектік қарыздылық байқалады. Штангіні көтеру тыныс алу кідірісі арқылы жүзеге асады. Бұл кезде кеуде қуысы белгілі бір қалыпта болады. Тыныштық күйде спортшының ЖСЖ-і 57-60 соғу/мин болады. Спортшыларға жиі гипотония байқалады. Штангіні көтерген кезде ЖСЖ 120-140 соғу/мин болады. Көтеріп болған соң 5-10 сек-тан кейін ЖСЖ максимальді деңгейіне көтеріледі. Өйткені күштену кезінде веналардағы қан аздап кідіріс жасап, одан соң рефлекторлы түрде жүректің қызметін арттырады. Қанның минуттық көлемі көтеріліп болғаннан кейін 20-30 секунд өткен соң 20 литрге дейін көтеріледі. Күштену кезінде құрсақ ішінің және кеуде ішінің қысымы артады. Нәтижесінде оң жақ жүрекшеге келіп түсетін қан азаяды да, систолалық қанның көлемі азаяды. Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1. Жекпе-жек спорт түріндегі қимылдардың жалпы физиологиялық сипаттамасы.
2. Бокстың физиологиялық сипаттамасы.
3. Күрестің физиологиялық сипаттамасы.
4. Семсерлесудің физиологиялық сипаттамасы.
5. Ауыр атлетиканың физиологиялық сипаттамасы.



2

15





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет