Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет23/24
Дата18.04.2023
өлшемі139,72 Kb.
#174778
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Биохимия дәріс тезистері 3
2 5283059015327159320, глосса космет, treatise13514, Д 6 2023-24
Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:
1. Гимнастикадағы қимылдардың физиологиялық сипаттамасы.
2. Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезіндегі кеңістікте және уақыт бойнша бағдарлану.
3. Гимнастардың күшін дамыту бойынша жаттығулар.
4. Гимнастардың шапшаңдықты-күшті спаларын арттыру.
5. Гинастарды шынықтыру кезінде берілетін дене жүктемесінің физиологиялық сипаттамасы.
Тақырыбы:Спорттағы биохимиялық бақылау. Допинг қолдану және допингке қарсы бақылау


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Биохимиялық бақылаудың мақсаты және маңызы.

  2. Қан мен зәр құрамының негізгі биохимиялық көрсеткіштері.

  3. Спорт түріне байланысты тестілейтін биохимиялық көрсеткіштерді таңдау.

  4. Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қан мен зәр

биохимиялық көрсеткіштерініңөзгеруі.

  1. Әр түрлі спорт түрлерінде допингті пайдалану.

  2. Антидопингті бақылау.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазіргі кезде спортшының функциялық жағдайын бағалау мақсатында биохимиялық бақылау кеңінен пайдаланылады. Зат
алмасуының биохимиялық көрсеткіштерін анықтау барысында кешенді тексерудің келесі мәселелерін шешугеболады:

    • орындалатын жеке-дара жаттығу бағдарламасының тиімділігі мен рационалдығын бейнелейтін спортшы ағзасының функционалдық жағдайынбақылау;

    • жаттығу үрдісі кезінде негізгі энергетикалық жүйелер мен ағзаның функционалды қайта құрылуының өзгерістеріне үйренуінбақылау;

    • спортшылардың метаболизмінің патология алды және патологиялық өзгерістерініңдиагностикасы.

Биохимиялық бақылау сонымен қатар ағзаныңденежүктемелеріне реакциясын анықтау, жаттығу деңгейінбағалау,фармакологиялық және басқа заттарды қолданудың дұрыстығы,бұлшықет әрекетінде энергетикалық метаболизм
жүйелерінің рөлі, климаттық факторлардың әсері және басқада үнемі болып тұратын мәселелерді шешуге қол жеткізеді. Осыған байланысты спорттәжірибесіндеспортшыларды дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде биохимиялық бақылаупайдаланылады.
Әрбір биохимиялық тексеруде үш кезеңді бөлуге болады:
1) биохимиялық зерттеудің нысандарын алу; 2)сынамаларды биохимиялықталдау; 3)алынған нәтижелерді дені сау адамдар мен спортшылардың нормаларымен, басқа бақылау тәсілдер нәтижелерімен, зерттеу жасау шарттарымен (тыныштықта, бұлшық ет жұмысы кезінде немесе одан кейін) және т.б. салыстыру, яғни, нәтижелердіталдау.
Қан мен зәр құрамының негізгі биохимиялық көрсеткіштері, олардың бұлшық ет жұмысы кезіндегіөзгерісі.
Көмірсулар алмасуының көрсеткіштері: глюкоза, сүт қышқылы.
Липидтер алмасуының көрсеткіштері: еркін май қышқылдары, кетон денелері, холестерин, липидтердің қос тотықтану өнімдері (ПҚЛ), фосфолипидтер.
Ақуыз алмасуының көрсеткіттері: гемоглабин, миоглобин, альбумин және глобулин, фибртноген, зәрдегі ақуыз мөлшері, креатинин, креатин.
Ағзаның қышқыл-негізгі жағдайының көрсеткіштері (ҚНК).
Соңғы 15-20 жыл ішінде спорт түріне байланысты әртүрлі мемлекеттерде допингтер қолданылатыны анықталған. Допинг деп ағзаның физикалық және психикалық әрекетін уақытша күшейтетін затты атайды. Бұндай заттар жарыс кезінде спортшыларға қолдануға тыйым салынған.
Әр түрлі спорт түрлерінде допингті пайдалану:
1)Жылдамдықты-күш түрлері: ауыр атлетика, серпу, культуризм, жеңіл атлетикадағы, жүзудегі, коньки жарысындағы, шаңғы жарысындағы спринтерлікқашықтықтар.

  • Допингтер: анаболиктік стероидтер, соматотропиндер, гонадотропин, амфетаминдер, диуретиктер және басқалар.

  • Жағымсыз әсерлері: зат алмасудың, гормоналды профильдің тез өзгерістері, әйелдерде маскулинизация, еркектерде вирилизация.

2)Шыдамдылықты көрсететін, циклді спорт түрлері: жүгіру, жүзу, шаңғы жарыстары, велосипед жарыстары, коньки тебу спорты (ұзақ қашықтықтар).

  • Допингтер: анаболиктік стероидтер, соматотропиндер, гонадотропин, қан допингтері, психостимуляторлар және басқалар.

  • Жағымсыз әсерлері: бағдарлау мен естен тану, өлім, гормоналды статустардың бұзылуы және басқалар.

3)Ойын түрлері: футбол, баскетбол, регби, бейсбол, доппен және шайбалы хоккей, гольф жәнебасқалар.

  • Допингтер: алкоголь, кокаин, героин, амфетомин, марихуана және басқалар.

  • Жағымсыз әсерлері: өлім, естен тану, токсикалық әсерлер.

4)Күрделі координациялы спорт түрлері: биіктікке секіру, суға сүңгу, мәңерлі сырғу, гимнатика, семсерлеу жәнебасқалар.

  • Допингтер: алкоголь, нашақорлық аналгетиктер, транквилизаторлар, бетаблокаторлар және басқалар.

  • Жағымсыз әсерлері: нашақорлық, алкоголизм.

  • Жекпе-жектер: күрестің барлық түрлері, бокс, шығыс жекпе- жектері жәнебасқалар.

5)Допингтер: нашақорлық анальгетиктер, марихуана, алкоголь.

  • Жағымсыз әсерлері: дәрілік тәуелділік, нашақорлық және басқалар.

Ат жарысында нақты мәселелерге байланысты(психосмитуляторлар,транквилизаторлар және басқа препараттар) әртүрлі допингтер пайдаланылады, сондықтан аттарға допингтік бақылау жүргізіледі.
Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) құрамында арнайы комиссия құрылған, ол 1994 жылдың 13 қаңтарында спортта допингтерді пайдалануды тыйым салуды қарастырған Медициналық кодекс қабылданды. Бұл кодекстің талаптарын спортшылар, жаттықтырушылар, дәрігерлер және маңызды жарыстарға (Еуропа, дүниежүзі чемпионаттары, Олимпияда ойындары) спортшыларды дайындауға қатысатын ресми тұлғалар орындау керек. Қазіргі кезде ХОК Кимиссиясы құрамына кірген тыйым салынған фармакологиялық препараттардың тізімі оң мыңнан астам түрлі дәрілік препараттар мен олардың аналогтарынан тұрады.
ХОК медициналық комиссиясы келесі фармакологиялық заттардың топтарын жатқызады:

  • орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) стимуляторлары: амфетамин, аминептин, сиднофен, мезокарб, кофеин, эфедрин, салбутамол, кокаин, пемолин, стрихнин және басқа туысқан қосылыстар – этамиван, микорен жәнебасқалар;

  • нашақорлық заттар: героин, петидин, кодеин, дипипанон, этилморфин жәнебасқалар;

  • анаболиктік заттар: болденон, метенолон, тестостерон, метилтестостерон, даназол, тренболон, миболен, стенозолол, нандролон, метандранол жәнебасқалар;

  • диуретиктер: фурасемид, мерсалин, индапамид, амилорид, канкреон жәнебасқалар;

  • пептидты және гликопротеинді гормондар және оның аналог- тары: соматотропин (СТГ), кортикотропин (АКТГ), эритропоэтин (ЕРО), адамның хориондықгонадотропині.

Тыйым салынған тәсілдер:

  • аутогемотрансфузия – спортшының өз қанын жарыс алдында дене жұмысы қабілеттілігін жақсарту мақсатында қайтақұю;

  • фармакологиялық, химиялық және физикалық манипуля- циялар – анализ жасау үшін зәр құрамын өзгерте алатын заттар мен тәсілдерді пайдалану; жүзгіштерге ауаны ректалды салу жәнет.б.

Белгіленген шектеулері бар заттар класстары:

  • шоғырлануы 0,5% және одан жоғары болатын алкоголь: треморды алу үшін атқыштар мен басқа спорт түрлерінеқолдану;

  • мазь немесе инъекция түрінде қолданылатын жергілікті анестетиктер, егер спортшыда жарақат немесе ОДА ауруы болған кезде (медициналық комиссияның жазбаша рұқсаты болғанкезде);

  • кортикостериодтар дерматолотармен, офтальмологтармен, травмо- тологтармен буынаралық инъекция, ингаляция түрінде (триамсиналон, дексаметазон, преднизолон, гидрокортизон және басқалар) медициналық комиссияның ресми рұқсатымен (спортшының ауруы құжатын, диагнозы мен амбулаторлы картасының жазбасын көрсетумен) қолдануымүмкін;

  • бета-блокаторлар (ацебуталол, атенолол, соталол, надолол және басқалар), кейбір спорт түрлерінде (ату, қазіргі заманғы бес сайыс және басқалар) тестілеуге жататын халықаралық спорт федерацияларының ережелеріне сәйкесқолданылады.

Антидопингті бақылау – бұл сұйық биологиялық ортада (қан, зәр, сілекей) допингтің болуын анықтау. Жарыстарға дейін барлық қатысушы елдерге допинг болып саналатын тыйым салынған дәрі құралдарының тізімі жіберіледі. Онда антидопингті комиссияның құрамы, допингтің құрамын анықтайтын аппаратура, пробаны алу тәсілі көрсетіледі. Осылайша, Олимпиада ойындарында зәр пробаларын барлық финалистерден алады, ал ойыншылардан жребий бойынша (таңдаулы, әрбір командадан бір спортшыдан) алынады. Егер спортшы пробасын анализ үшін тапсыруға келмесе, ол спортшының допинг қабылдағанын мойындағанынбілдіреді. Олимпиада ойындарында, дүниежүзі чемпионаттарында спортшылар мен командалардың ресми тұлғаларын (жаттықтырушыларды, дәрігерлерді, массажисттерді және функционерлерді) допинг бақылауының процедурасымен таңыстырады.
Спортшы ағзасында допинг деп классификацияланатын фармакологиялық препараттарға зерттеу келесі іс-шаралардан тұрады: биологиялық сұйықтықтарды алу (қан, зәр, сілекей және басқалар), одан кейінгі жарыс болатын жерде немесе ХОК халықаралық Медициналық комиссиясымен келісілген зертханалардың бірінде физико-химиялық талдау, сонымен қатар, толық қанды қорытынды шығаруға қажетті басқа медициналық тестілеулер. Талдау газдық фроматография және радиоиммунологиялық тәсілмен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет