Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Ерік бойынша қорытынды бақылау сұрақтары



бет111/139
Дата14.10.2022
өлшемі442,13 Kb.
#152988
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   139
Байланысты:
Қысқаша Дәріс тезистері

Ерік бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:

  1. Ерік туралы жалпы ұғым.

  2. Еріктің физиологиялық негіздерін сипаттаңыз?.

  3. Іс-әрекетті еріктік реттеудің құрылымын атаңыз?.

  4. Тұлғаның еріктік қасиеттеріне сипаттама беріңіз?.

  5. Оқушылар еркінің дамуына қажетті шарттары қандай?.

  6. Еріктің мәні. Ерік үрдісі құрамындағы мотивтер.

  7. Мотивтердің күресі. Ерік мотивтердің күресі ретінде.

  8. Ерік күші.

  9. Еріктік әркеттердің құрылымы – жоспарлау және орындау.

  10. Онтогенезде ерікті дамыту.

1




№12 дәріс

Тақырыбы: Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы. Қарастырылатын сұрақтар.

  1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым. Қарым-қатынастың қызметтері. Қарым-қатынастың түрлері мен құрылымы.

  2. Қарым-қатынастың коммуникативтік, перцептивтік және интерактивтік жақтары.

  3. Қарым-қатынастың тұлғааралық қатынастардағы рөлі.

  4. Қарым-қатынастың тәсілдері, әдістері мен техникалары.

  5. Педагогикалық қарым-қатынас жөнінде ұғым.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кілттік сөздер: Топ, референтті топ, диффузды топ, үлкен топ, кіші топ, ұжым, әлеуметтік-психологиялық тренинг, көшбасшы, басшы, топтың заңдылықтары, топтың қасиеттері, симпатия – антипатия.

Қарым – қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік


Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез – келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз өсуіне, кішкендайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым – қатынасқа түсу қай ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым – қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым – қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым – қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым – қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның щебері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спекталь көрсек те, лекция тындасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос – жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым – қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс – тіршілікте адамдар бір – бірімен тікелей, жүзбе – жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым – қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей «бетпе – бет», телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші!Осындай қарым – қатынастыңмән – мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады. 
Көптеген адамдар қарым – қатынас жасау – бұл тeк қана ақпаратты беру және қабылдау дeп есептейді. Дегенмен, ақпаратты беру үшін алдымен өзара әрекеттесу қажет. Бұдан басқа, қарым – қатынас – бұл үзіліссіз іс – әрекет: кез келген ақпаратты беру өзара әрекеттесуді және басқаларды белгілі бір идеяларды, пікірлерді, шешімдерді сендіру мүмкіндігін білдіреді. Сондай – ақ, қарым – қатынас жасау өзара түсіністік үшін қажет. Адамның қазіргі заманғы кəсіби қызметің барлығы іс жүзінде өзара ақпарат алмасудан құралады, яғни коммуникативтік құзыреттілікке (сөйлесулер, келіссөздер, пікірталастар, сөз сөйлеулер, кездесулер, презентациялар немесе интернеттегі виртуалды қарым-қатынастар және т.б.) негізделген. Мамандар (мұғалімдер, дәрігерлер, менеджерлер, адвокаттар, банкирлер, сауда өкілдері, қоғаммен байланыс жөніндегі мамандар, диспетчерлер, салық қызметкерлері, секретари және т.б.) қарым – қатынас жасаудың қажетті дағдыларын алу үшін тренингтер, интерактивті ойындарға қатысады, келіссөздер жүргізу және жанжалды жағдайларды шешу үшін ұйымға психологтар мен консультанттарды шақырады. Мұның бәрі өте қымбат. Балалық шақта қарым – қатынас құзыреттілігін дамыту әлдеқайда тиімді. Қарым – қатынассыз топтың да, ұйымның да, қоғамның да болуы мүмкін еместігі мәлім. Өзара қарым – қатынас жасай алу – адамзаттың эволюция барысындағы басты жетістіктерінің бірі болып саналады. Мамандардың мәлімдеуінше, қарым – қатынас – ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің бірегей стратегиясына дағдылану, басқа адамды қабылдау және түсінуден құрылған және бірлескен қызметтің қажеттіліктерінен туындаған, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының көп жоспарлы, әрі қиын процесі.
Ғалымдар қарым – қатынасты адамдардың тіршілік әрекетінің рухани және материалды формаларының алуантүрлілігін біріктіретін, сонымен қатар оның маңызды қажеттілігі болып саналатын әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Қарым – қатынас – сөзі латынның қоғам, қауым, ортақ деген мағына білдіретін communis сөзінен шыққан. Әлдекіммен ақпарат алмасу үшін, ең алдымен байланысқа, қарым – қатынасқа түсіп, одан кейін бірлескен қызмет барысында ортақ көзқарасқа жетуге тырысу керек. 
Әлеуметтік психологтар біртұтас қарым – қатынас процесінің (Б.Д. Парыгин, Г. М. Андреева) үш бағытын немесе қызметін бөледі:
■коммуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу);
■интерактивті (өзара әрекеттесу);
■перцептивті (қабылдау, түсіну және өзара түсіністік).
Бұдан, қарым – қатынасты бірнеше қырдан құралатын ерекше пирамида ретінде елестетуге болады. Олардың әрқайсысының жеке мағынасы бар және әр түрлі уақытта, әр түрлі жағдайда басым болуы мүмкін. Алайда, толыққанды қарым – қатынас тек барлық қырлар бір мезгілде пайда болғанда ғана түзіледі: ақпарат алмасу, басқа адамдармен өзара әрекеттестік, оларды түсіну және тану, сонымен қатар қарым – қатынас барысында туындайтын уайымдау. Дәл осы психикалық байланыс қарым – қатынасты әр түрлі мәселелерді шешу үшін жасалатын өзара байланыс пен әрекеттестік қана емес, өзара эмоция алмасу, бірге қуану, уайымдау және қайғыруды шамалайтын екі жақты қызмет ретінде сипаттайды.
Қарым – қатынас адамның өмірін толығымен еніп, тамақ, киім, су, тұрғын үй және басқа да тіршіліктің қажеттіліктері сияқты маңызды болып табылады. Адам қоғамнан қуылғанда, яғни толық жалғыздық жағдайында алтыншы күннен бастап ақ галлюцинация басталатыны белгілі. Ол жоқ бейнелермен сөйлесіп, егер оңаша қалса, мерт болады. Адам үшін қоғамда өзіне өзі ұсынылып, абсолютті түрде байқалмай қалуы сияқты жан түршігерлік жаза жоқ. Бұған дәлел ретінде, кінәлі адамды бір аптаға немесе одан да көп уақытқа үңгірге қамап, оның ішінде тіпті өзімен өзі сөйлесуіне де тыйым салынатын, жалғыздықпен жазалауды (жапон тілінде Моритао) атауға болады.
Бұдан, қарым – қатынасты бірнеше қырдан құралатын ерекше пирамида ретінде елестетуге болады. Олардың әрқайсысының жеке мағынасы бар және әр түрлі уақытта, әр түрлі жағдайда басым болуы мүмкін. Алайда, толыққанды қарым – қатынас тек барлық қырлар бір мезгілде пайда болғанда ғана түзіледі: ақпарат алмасу, басқа адамдармен өзара әрекеттестік, оларды түсіну және тану, сонымен қатар қарым – қатынас барысында туындайтын уайымдау. Дәл осы психикалық байланыс қарым – қатынасты әр түрлі мәселелерді шешу үшін жасалатын өзара байланыс пен әрекеттестік қана емес, өзара эмоция алмасу, бірге қуану, уайымдау және қайғыруды шамалайтын екі жақты қызмет ретінде сипаттайды.
Қарым – қатынас адамның өмірін толығымен еніп, тамақ, киім, су, тұрғын үй және басқа да тіршіліктің қажеттіліктері сияқты маңызды болып табылады. Адам қоғамнан қуылғанда, яғни толық жалғыздық жағдайында алтыншы күннен бастап ақ галлюцинация басталатыны белгілі. Ол жоқ бейнелермен сөйлесіп, егер оңаша қалса, мерт болады. Адам үшін қоғамда өзіне өзі ұсынылып, абсолютті түрде байқалмай қалуы сияқты жан түршігерлік жаза жоқ. Бұған дәлел ретінде, кінәлі адамды бір аптаға немесе одан да көп уақытқа үңгірге қамап, оның ішінде тіпті өзімен өзі сөйлесуіне де тыйым салынатын, жалғыздықпен жазалауды (жапон тілінде Моритао) атауға болады.
Қарым – қатынастың пән саласын анықтау маңызды. Психологиялық әдебиеттерде қарым – қатынасқа кіретін ұғымдардың нақты бөлінуі жоқтың қасы, бұл белгілі түсінбестікке әкеледі. Қарым – қатынастың пән саласының құрылымы қарым – қатынас терминінің келесідей белгілі мағыналарына байланысты:
■бірлестіру, ортақтық пен тұтастықты құру;
■хабарлама беру, вербалды және вербалды емес ақпаратпен алмасу;
■өзара түсіністікке ықпал ететін қарсы қозғалыс пен өзара сіңісу.
Қарым – қатынастың келесі аспектілері болады:
* Қарым – қатынастың мазмұны дегеніміз ол – адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі;
* Қарым – қатынастың мақсаты дегеніміз ол – адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы;
* Қарым-қатынастың әдіс – құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.
Оған қоса, қарым – қатынас ұғымы, өзара әрекеттесудің тұлға аралық сипатын көрсетіп қана қоймай, нәтижесінде қарым – қатынас қатысушыларының арасында психологиялық байланыс орнайтын ерекше қызмет түріне жатады. Осылайша, адамдардың байланысы мен өзара әрекеттесуге түсуінің нәтижесінде қалыптасатын қатынастың психологиялық бояуы тұлға аралық қарым – қатынастың маңызды сипаттамасы болып табылады. Психологияда адамдар арасындағы қарым – қатынастың үш негізгі түрі бар: императивті, манипуляциялық және диалогтық.
Императивті қарым – қатынас (лат. imperativus — бұйрықты, таңдауға рұқсат етілмейтін) — бұл, әдетте, коммуникациялық серіктеске авторитарлық (күштік) әсер ету нысаны. Оның басты мақсаты – бірін – бірі серіктесіне бағыну, оның мінез – құлқына, ойларына бақылау жасау, сондай-ақ белгілі бір әрекеттер мен шешімдерді мәжбүрлеу. Бұл жағдайда, серіктес бақыланатын механизм ретінде, әдетте, пассивті жақ ретінде әрекет етеді. Сонымен бірге, серіктесті мәжбүрлеу жасырылмайды және ықпал ету бұйрығы ретінде бұйрықтар, қаулылар, шешімдер, талап – тілектер мен қорқытулар пайдаланылады, ал олардың орындалмау нәтижелері жазалау, қоғамдық сөгіс болып табылады.
Манипуляциялық қарым – қатынас (латынша manipuler – манипуляция жасау императивтіге ұқсас). Оның басты мақсаты, сондай – ақ қарым – қатынас серіктесіне әсер ету болып табылады, бірақ сол уақытта ол ниет жасырын, камуфляжданады. Манипуляция, императивтік тәрізді басқа адамның ойы мен жүріс – тұрысын бақылауға қол жеткізуге деген ниетін біріктіреді. Айырмашылығы, тек манипуляциялық қарым – қатынаста әңгімелесетін серіктесі шынайы ниеті туралы хабардар етпейді, әдетте, оның қалтарыста мақсаты болады және бопсалау, қорқыту, құндылықтарды алмастыру, басқалармен қақтығысу немесе өтірік ниет білдіру, жағымпаздық, фактілерді жасыру, жалған айту және т.б. тәрізді кір әсер ету технологияларын пайдаланып жатады.
Өзара қарым – қатынас түрінде әріптес, әдетте, бірегейлікке құқығы бар біртұтас тұлға ретінде қабылданбайды, манипуляторға қажетті белгілі бір қабілетін, сапасын және қасиеттерін тасымалдаушы ретінде қабылданады, оны ол өз мақсаттары үшін пайдаланады. Басқа адамға қатысты манипуляциялық қарым – қатынас, әдетте, тұлға аралық қарым – қатынас пен сенімді қарым – қатынастардың жойылуына алып келеді.
Диалогтық қарым – қатынас (грекше dialogos сөзінен – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы әңгіме) адамдар арасындағы қарым – қатынастың императивтік және манипуляциялық түрлеріне балама болып табылады. Ол серіктес – қатысушыларының, яғни қарым – қатынасқа қатысушылардың тең құқығына негізделген және өзіңізге тұрақты орнатудан серіктеске орнатуға көшуге және оның мүдделері мен мүмкіндіктерін ескеруге өтуге мүмкіндік береді (мен айтып тұрмын – сіз тыңдайсыз және керісінше).
Іскерлік қатынастар екі топқа бөлінеді: оң және теріс (конструктивті және деструктивті). Біріншісіне әріптестік пен ынтымақтастық, ал екіншісіне – бәсекелестік пен бақталастық, сондай – ақ жанжалдық қарым – қатынастар жатады. Іскерлік қарым – қатынастар тұрақты, олар байланыс үшін міндетті, олар объективті – мақсатты және функционалды – рөлдік сипатқа ие. Іскерлік қарым – қатынастар дәстүрлі, жағдайлық, эмоционалды және зорлық – зомбылық сипатында шектеулерге ие. Бұл қатынастарды көбінесе формальды немесе ресми деп атайды, өйткені жоғарыда аталғандардан басқа, өзгелерге тән сипаты бар және оларға кіретін адамдардың жеке және психологиялық жай – күйіне тәуелді емес; рөлдер мен маскалардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін, жауапкершілікпен тәуелді болып келеді.
Бұқаралық қарым – қатынас – бұл қоғамдағы бейтаныс адамдардың байланыстары мен контактілері, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы байланыс.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, адамдар арасында тұлға аралық қарым-қатынас та бар – адамдардың қарапайым қарым – қатынасы, әр адамның жеке сипаттамаларына және рөлдік қарым – қатынасқа байланысты және рөлдік қарым – қатынас белгілі бір рөлдерді алып жүрушілердің мақсаттары мен сипаттамаларын көрсетеді, мысалы: мұғалім – мектеп оқушысы, ғылыми жетекші – бағынушы, мұғалім – студент және т.б. Рөлдік қарым – қатынаста адам рөлге негізделе отырып әрекет етуге мәжбүр болады, кейде өз ниетін және сипаттамаларын жасырып, оны бағалайды, әдетте ойнаған рөлдің жеткіліктілігі негізінде бағалайды. Қарым – қатынас барысында адамның өзара байытуы және жеке даму жүреді, өйткені өзара әрекеттесудің нәтижесінде әр қатысушысы өмірлік және кәсіби тәжірибеге ие болады, әртүрлі білімді игереді, құндылықтар мен жұмыс істеу жолдарын дамытады, этикалық және психологиялық нормаларға және мінез – құлық ережелеріне бейімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет