Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Ойлау мен сөйлеудің физиологиялық негізі



бет84/139
Дата14.10.2022
өлшемі442,13 Kb.
#152988
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   139
Байланысты:
Қысқаша Дәріс тезистері

Ойлау мен сөйлеудің физиологиялық негізі.
Сөйлеу мен ойлау мәселесінің нейрофизиологиялық жағы И.М.Сеченов және И.П.Павловтың рефлекторлық теориясына сүйене отырып, қазіргі күнгі психофизиологиялық және клиникалық мәліметтерді сепске алып отырып жасалады.
Осы теорияның негізгі қағидаларына қысқаша тоқталып өтейік:
И.М.Сеченовтің әйгілі «Бас миыныңы рефлекстері» (1863) атты кітабында және кейін «Ойлаудың элементтері»(1878) атты кітабында ойлау нақты ассоцация негізінде пайда болатын процесс ретінде кейін біртіндеп әсерленудің сөздік символизациясы арқылы күрделену процесі ретінде түсіндіріледі.
И.М.Сеченов рефлекстің орталық тежелуін айтқаннан кейін, ой психикалық рефлекстің алғашқы үштен екісінің бірі деп есептеп, осы принципті ойлаудың анализінде қолданады.
Басқаша айтқанда, ой сыртқы әрбір лебізді тежейтін бастапқы (рецепторлық) және орталық (милық) сәттері көрсетілген рефлекс. Сонымен бірге И.М.Сеченов рефлекстің орталық тежелуін айтқаннан кейін, ой психикалық рефлекстің алғашқы үштен екісінің бірі деп есептеп, осы принципті ойлаудың анализінде қолданды.
Бұл қағиданы И.М. Сеченов баланың ойлауының дамуына мысал келтіре отырып дәлелдейді. «Алғашқы кезде түрлі көргенін, естігені, иісі бойынша ассоцация туғызған тағы басқа арқылы танып біледі. Сөйлеудің меңгеруі бойынша балада өзінің қимыл-қозғалысын басқара алу қабілеті дамиды. Ол өз ойын сөздермен білдіре бастайды. Олар рефлекс тек сөйлеу бұлшықеттерінде ғана қалады. Тежелуден кейін ауызша сөйлеуге ауызша сөйлеуге таралу мүмкін сонда тек ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің үнсіз қимылымен сүйемелденетін үнсіз сөйлеу ғана қалады» - деп есептейді /6; 44/.
Бұл сөздің, дыбыстың бейнесін кинестезиямен алмастыруға әкеледі. Ойлау мәселесінің физиологиялық механизмін жетілдіруді И. П. Павлов қолға алды. Оның түсінігінше, ой дегеніміз не заттық, не сөздік ассоцация. Ал, сөздік ассоцация адамның жоғары ойлауына тән дерексіздендіру мен жалпылауға мүмкіндік жасауымен сипатталады / 1; 87/.
Сөйлеу процесі бас миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. Сол жақ жарты шарлар сөйлеу процесі үшін маңызы зор. Оң жақ жарты шарлар дауыс модуляциясына, тембріне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет