2. Меншік экономикалық және тарихи категория ретінде. Меншік - экономикалык категория. Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затгы жеке пайдаланбаса, меншік туралы сүрақта тумайды. Меншік субъектін осы затты пайдалануға ерекше күқы барын сипатгайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет, халық қүрайды.
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады.
Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.