Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


-дәріс. Тақырыбы: Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік



бет15/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

3-дәріс. Тақырыбы: Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік
1. Экономикалық институттар, олардың мәні, ролі мен өзіне тән ерекшелігі.
2. Меншік экономикалық және тарихи категория ретінде.
3. Меншіктің түрлері. Меншік объектілері мен субъектілері.
4. ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру. ҚР-ғы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, мәселелері.
5. Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.


1. Экономикалық институттар, олардың мәні, ролі мен өзіне тән ерекшелігі. Экономикалық институттар – экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді реттеп отыратын формаланған ережелер мен формаланбаған нормалар.
Институттар деп адамдар арасындағы формальды және формальды емес өзара қатынастар тәртібі, ал – ұйымдар адамдардың кез келген формальды және формальды емес бірлестігі: коммерциялық фирмалар, саяси партиялар, діни топтар, спорт командалары т.б. Ұйымдар институттардың шеңберінде пайда болады. Мыс: біздің елде 1990 ж. жеке меншікке және жеке кәсіпкерлік қызметке заңдар қабылданғаннан бастап жеке компаниялар пайда бола бастады. Осыған дейін заңды түрде жеке компаниялар болған жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар базасынадағы жеке кәсіпкерлікпен айналысқан адамдар совет заңдарын бұзумен болды. Сонымен қатар 1990ж. саяси мақсаттарға арналған ұйымдардың пайда болуына әкелген саяси партияларға жол берілді. СССР кезінде мемлекеттік кәсіпорындар советтік шаруашылық заңдылық негізінде, сонымен қатар шаруашылық қызметтердің формальды емес принциптері есебімен қызмет атқару негізінде құрылды.
«Институт» - латын тілінде заң ережелері, тәртіп деген мағынаны білдіреді. Институционалды экономика, яғни реттелген, заңдастрылған, әлеуметтік жағынан қорғалған, тәртіпке келтірілген, айқын экономика жүйесі. ХХ ғасырдың екінші жартысында бұрынғы капиталистік Солтүстік Америка және Батыс Еуропа елдерінде қалыптасты. Еркін бәсеке жойылып, монополиялардың үстемдігі орнаған жағдайда мемлекеттің экономикаға, оның барша салаларына және экономикалық қатынас жүйелеріне, оның ішінде, нарық қатынастарына белсенді араласуы қажет болды. Мемлекеттің экономикаға араласу түрлері мен әдістері, шегі мен бағыттары әр елде өзгеше болды. Бірақ олардың барлық ұстанымдары мен заңдары бірдей келеді. Институционализм теориясы алғашында АҚШ-та қалыптасып, оның тұжырымдамалары негізінде АҚШ-та экономиканы мемлекет тарапынан болжау, реттеу, бағдарламалар жасау, заңдар қабылдау, оларды іске асыратын және бақылайтын мемлекеттік және қоғамдық институттарды (құрылымдарды) құру тәжірибесі қалыптасты. Жиналған тәжірибенің негізінде АҚШ-та жаңа институционализм деген теория қалыптасты.
Институттар шеңберінде өз мақсаттарын көздей отырып ұйымдар институтты қолдайды және оның орнықтылығын қалыптастырады. Осыған байланысты институционалды теория екі көрсеткішті белгілейді.
1)институт уақыт бойынша өмір сүрген сайын, соғұрлым институт ұйыммен күштірек қалыптасады. Бұны институционалистер L e a r n i n g by d o i n g немесе іс-әрекет процесіндегі оқу деп атайды. Яғни адамдар анықталған институционалды шеңберде әрекеттенген сайын, соғұрлым осы әрекетке қажетті білім және тәжірибе қалыптастырады. Институтқа бейімделе келе адамдар оны сақтауға тырысады. Сонымен қатар адамдар мүмкіндікті пайдаланады және институттардың әлеуметтік тиімділігі де жоғарлайды. Қазіргі экономикалық теориядағы әлеуметтік-экономикалық процесте білімнің ролі ерекше.
Бұл жерде білім қысқаша екі формада көрінеді: ашық (явное) - передаваемое) және ашық емес. Ашық деп білім және өзіндік оқу формальды каналдар арқылы бір адамнан екінші адамға өтетін теоретикалық және практикалық іс әрекетте пайдаланатын ақпараттар жиынтығын айтамыз. Ашық емес - бұл басқа адамдардың жанама түрдегі қарым-қатынас жолымен немесе жеке тәжірибе негізінде қалыптасатын ақпараттар жиынтығы.
2)Институт уақыт бойынша өмір сүрген сайын басқа институттар туындайды. Осығаан байланысты сол институттардың айналасында әлеуметтік тиімділігі артады және оны қолдайды, нормалар, тәртіптер және дәстүрлер қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет