Меншік субъектісі – меншік объектісін иелену мүмкіндігі мен құқыққа ие меншік қатынастарының белсенді жағы.
Меншік объектісі – келесідей түрдегі меншік қатынастарының пассивті жағы:
а) жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер;
в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) – рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б.
4. Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарын қайта құру. Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды факторларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншіктік қатынастардағы революциялық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдерде де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі жүріп жатыр. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформа жүргізу кезеңінде пайда болған «Отандық өндіріс» термині. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.
Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономикалық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауапкершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.
Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халық қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті демонтаждау. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншігінің объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.
Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде қазір бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құрулардың ұмтылушылығы, әлемде әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.
Жекешелендірудің негізгі себебіне мемлекеттік кәсіпорындар тәртіп бойынша ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.
Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институтционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға ғана емес, яғни сақталуы, көбеюі, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.
Қазақстанның меншік иелеріне, оларды қиын өтпелі экономикада қарау, псевдонарықтық жағдайларға бейімделу және оларға нарыққа психологиялық қатынастар және меншіктің түрлі формаларына психологиялық қатынастар құру маңызды болды. Мемлекет халықты реформаны өткізудің қажеттілігіне сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:
жаппай жекешелендіру;
шағын жекешелендіру;
дербес жобалар бойынша жекешелендіру.
Жаппай жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1991-92 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.
Екінші кезең (1993-96 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1991-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан 1994-96 оларды өткізуге ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.
Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.
Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:
жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;
ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы);
Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру егізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады, сонымен қатар мемлекеттік меншікті (бірлескен кәсіпорындар құру). Қазір әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншікті қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.
Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне ие. Өндірістің меншік иелерімен осы принципті бұзу қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттылық пен мемлекет иелігінен алу жағдайында қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.
Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болып, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмай, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын қызмет етудің нарықтық принципіне бағдарланған меншіктік қатынастардың өзгеруі.
Әлемдік тәжірибе негізіндегі республикадағы жүргізілген реформалардың нәтижелі негізі келесі әдістермен іске асырылған:
нарықтарды бейтараптандыру;
аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;
мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.
Реформа кезінде Қазақстан бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.