Байланысты: Дәріс тер тезистері. пос версия Психология ( модуль) docx
5. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика Кәсіп, мамандық – арнайы дайындықты қажет ететін еңбек іс-әрекеті. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекет - әрі кәсіби, әрі кәсіби емес болып бөлінеді. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, олардың экономикалық ой-өрісінің қалыптасуына, еңбектің жетілдірген жаңа тәжірибелерін игеруге ықпал етеді.
Мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық, жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс, қалмауы керек. Кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарлы кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер педагог-психолог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алады.
К.Өстеміровтің кәсіптік бағдар берудегі айтқан пікірі бойынша кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың, дәрігерлердің, педагог-психологтардың, отбасының, еңбек ұжымдарының бірлескен іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңдажастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып табылады.
Кәсіби бағыттың негізгі жүргізу принциптері-нақтылық (ғылыми жұмыстарды даярлағанда информация жүргізіледі), оптималдық және эффектілік (экономикалық, әлеуметтік, моральдық жағдайларда қалыптасады), кері байланысты (белгілі бір мәселелерді жүргізуде салыстырылатын байқау), жүйелік (жүйелі түрде объекті мен субъектінің арасын қарау), комплекстік бақылау, иерархистік (бірнеше сатылы жүйеде болады, ол мынадай элементтерге бөлінеді: алдыңғысы соңғысын бақылайды), интеграция (оқушының эмоциялық сферасы), ғылыми, территория-салалы (мемлекеттің бақылауымен жүргізіледі).
Кәсіби бағыттың функциялары: әлеуметтік функция, экономикалық фнукция, медико-физиологиялық функция. Кәсіби бағыттың жүргізудің объектісі І-ХІ сынып оқушылары. Мектепте кәсіби бағыт мынадай компетенттерден байқалады: кәсіптік даму, оқушылардың ынтасы, кәсіптік консультация, кәсіби адаптация. Осы жүйеліктер өзіндік міндет атқарады. Жоғарғы сынып оқушылары өздігінен өмір сүру жолында тұр. Божович Л.С. айтқандай осы мәселе жаңа әлеуметтік жағдайлардың дамуына ықпал етеді.
Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мынадай нәрселер қажет:
· Оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу.
· Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу.
· Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жеңілдетіп, тәрбиелеу.
Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:
· Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.
· Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету;
· Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.
· Кәсіптік бейімделу.
Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру -оқушыларға түрлі еңбек қызметтері мен кәсіп ерекшеліктері олардың нарық жағдайы мен әлемдік өркениеттегі даму бағыттарымен, ел, аймақ экономикасына тигізетін әсері, рөлі туралы мәліметтер беру.
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер-мұндағы басты нәрсе-кәсіп таңдауда негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттері кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру
· Өз бетінше мамандық таңдай алмаған оқушылар.
· Мамандық таңдауда ата-аналарымен келісе алмаған жастар.
· Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі келген жасөспірімдер.
· Тәртібі нашар, толқу үстінде жүрген жеткіншектер.
· Кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрі:
· Ақпаратты-анықтамалық.
· Психологиялық-педагогикалық.
· Медициналық тұрғыдан.
Кәсіби бейімделу-өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оқу кезінде сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру.Бұл қасиеттер:
· Кәсіпке қызығушылығына;
· Еңбек мазмұнына;
· Отбасы әсеріне;
· Қызмет ортасына байланысты болады.
Кәсіби бағдар берудің мақсат мүддесі тек кәсіби бағдар дамыған теориямен әдісіне сүйенгенде ғана толық қанды іске асады. Бұл әрине кездейсоқ емес себебі теория мен әдістеме түсініктер, идеялар, көзқарастар, әдіс және принциптер тексеріледі, ал бұлар практикалық жұмыстың алға басуына көмектеседі.
«Кәсіби бағдар» түсінігі барлығына түсінікті сияқты, яғни ол-оқушылардың мамандық таңдау бағдары. Дәл осы сияқты анықтамаларды, әдістемелерді құралдарда да береді, мұнда кәсіби бағдарды жастарға мамандық таңдауда берілетен көмек ретінде қарастырыды. Сондай-ақ кәсіби бағдар ретінде адамның үлкен өмірге қадам басып мамандық таңдауын немесе кәсіби бағдарды дамыту мақсатындағы тәрбие жұмысының жүйесін түсінеді. Осылайша бұл түсініктің анықтамалары өте көп және олар кәсіби бағдардың дамуының жолында пайда болған. Себебі уақыт ағымында қажеттілік өзгеріп отырды, сонымен қатар мазмұнымен түсінікте өзгерді. Бұл әрине заңды құбылыс. Көптеген ғылыми түсініктер сияқты “кәсіби бағдар” түсінігі деп тұрақты, өзгеріссіз болып қала алмайды. Ол қоғамның кәсіби бағдар туралы түсінігіне, әдісіне қарай өзгеріп отырады. Бұл түсініктің өзгеріске ұшырап отыруындағы берілген анықтамалардан көрінеді. Әр анықтама кәсіби бағдардың әртүрлі аспектісін қамтиды, яғни теориялық немесе практикалық даму дәрежесін көрсетеді, педагогика позициясынан қарастырады, басқару теориясы т.б. Сондықтан кәсіби бағдарға бір жалпы анықтама беру үшін алдымен негізгі үш қараушысын анықтайық, яғни: «іс-әрекет», «мамандық», «бағыт». Іс-әрекетті философиялық энциклопедиялық сөздікте адамның қоршаған әлемге қатынасы, деп қарастырады. «Кәсіби бағдар» түсінігіне «іс-әрекет» категориясының енгізілуі кәсіби бағдарды тек практика жүзінде ғана емес, сондай-ақ теория жүзінде қарастыруға мүмкіндік береді, яғни пәнаралық ғылыми бағдар ретінде. Практикалық іс-әрекет ретінде пайда бола отырып кәсіби бағдар теориялық толығады, бұл дегеніміз кәсіби бағдарды теориялық және практикалық іс-әрекет бірлігі ретінде қарастыруға әкеледі. Атақты ғалым, академик С.Г.Струмилиннің көз-қарасында туыстас мамандықтар ортақ топқа бірігуіне болады, мысалы металистер, ағаш өңдеушілер, музыканттар. Оның ойынша кейбір мамандықтар мамандандыруға бөлінеді. Мамандандыру мамандыққа қарағанда нақты түсінік, ол дгеніміз белгілі бір адамның еңбек іс-әрекетін анықтайды. «Бағыт» түсінігі бір қатар ғылымда қолданылады. Мысалы геометрияда-түзудің, қисықтың, кеңістіктің бағыты, химияда-молеккула бағыты. Сондай-ақ бұл ұғым астрономия, география, типографияда да қолданылады. Осылайша бұл ғылымдардың барлығында да «бағыт» түсінігін белгілі бір бағытты, мекен-жайды анықтаумен байланысты. Энциклопедияда бағдарды тура және тура мағынасында анықталады. Тура мағынасы-қоршаған ортада шешімін табу, жалпы-ғылыми қоғамдық және басқа да бір іс-әрекеттің белгілі бір жаққа бағыттау. «Бағыт» түсінігіне қандай анықтама берілседе оның барлығы да негізгі бағдарды таңдау іс-әрекетімен байланысты, қарастырылып отырған жағдайда мамандық таңдау бойынша. Егер жасөспірім мамандық әлемінде бағдар іздеуге әрекеттенсе және белгілі бір мамандық оның өмірлік ұмтылыстарына сәйкестігін анықтауға тырысса онда бұл жағдайда оның мамандыққа бағдары туралы айтқанымыз жөн болады. Ал егер оған және қоғамға сәйкес мамандық таңдау мақсатында ол педагогикалық немесе басқа да бір әсер обьектісі болса, онда оны мамандыққа бағыттау деп қарастыруға болады.
Кәсіби бағдар туралы жалпы түсініктің жоқтығының басқа да себептерін көрсетуге болады. Мысалы, оны комплексті мәселе десек, оның анықтамалары әртүрлі болуы әбден мүмкін. Егер кәсіби бағдарды педагогикалық практика тұрғысында қарастырсақ, онда бұл көз-қарас бірдей және негізгі кәсіби бағдар берудегі педагогикалық образ болып қалыптасады. Ал егер бұл процессті психология ғылымы тұрғысында қарастырсақ, онда бірінші орынға психологиялық түсініктер мен концепсиялар шығады, олар таңдаудың ерекшеліктеріне түсінік береді. Осы тұрғыда кәсіби бағдар психологиялық процессті қалыптастырады, және ол екі жақты өзара байланыстан тұрады:
а) Оқушының өзіндік кәсіби таңдауы туралы шешімін қабылдауы;
б) Оқушының психикасына кәсіби таңдауды қалыптастыру мақсатында әсер ету, яғни тұлғаның қызығушылығына, икемділігіне, сәйкес сондай-ақ қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға итермелеу.
Сондай-ақ кәсіби бағдарды әлеуметтік тұрғыда қарастырсақ, бұл жағдайда жастардың әлеуметтік бағытының бір бөлігі болып табылады. Сәйкесінше мамандық таңдауда, жалпы өмірлік бағдарының, қоғамының әлеуметтік құрылымынан орын алуының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Осыдан барып пәнаралық байланыс қажеттілігі , яғни кәсіби бағдар түсінігі турасында да сондай-ақ жастарға мамандық таңдау бағдарының практикалық жұмысында да. Кәсіби бағдар турасында жоғарыда берілген түсініктер келесі анықтамаға тіреледі. Кәсіби бағдар дегеніміз-жастарды жеке қызығушылығы мен икемділігін, сондай-ақ қоғамның әртүрлі мамандықтарға деген сұраныстарын, әртүрлі квалификациялық дәрежесін ескере отырып мамандық таңдауға дайындау. Ол практикалық іс-әрекетпен дамушы пәнаралық байланыс бірлігі ретінде қарастырылады және тек оқушылардың оқу-тәрбие процессінде ғана іске аспайды. Мұнда теория негізгі мәнге ие, себебі мұнда туындайтын идеялар кейіннен практикалық жұмысты ғылыми-практикалыққа әкеледі. Теорияның қалыптасуына көптеген жылдар жүргізілген зерттеулер, бақылаулар қажет болады, бұлар кәсіби бағдардың практикалық дамуына себепкер болады. Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық ұжымдардың, өндірістің, мектептің және жанұяның тұлғаның қызығушылығын ескеріп кәсіби және әлеуметтік дамуындағы іс-әрекеті деп қарастырамыз. Кәсіби бағдар теориясын келесі анықтама беруге болады: кәсіби бағдардың эффективті пайда болуындағы көз-қарастар комплексі, идеялар мен түсініктер жиынтығы. Бұл қарапайым және жалпы анықтама теория әлемі туралы түсінік бергенімен ғылыми тұрғыда жеткіліксіз.
Кәсіби бағыттылықтың жоғары деңгейі дегеніміз- кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау жүйесіндегі жеке тұлғаны және қызығушылықтар бірлігін білдіретін, жеке тұлға түрткілері құрылымының сапалы ерекшелігі. Кәсіби б В.А.Сластенин зерттеулерінде жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы кәсіби бағьптылықты қалыптастырудың негізгі заңдылығы, құфылымы, жүйелігі туралы тұжырымдарды алғаш көтергендердің бірі. Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын қалыптастырудың басты шарты: "Балаға деген сүйіспеншілік және қызығуы педагогикалық әрекетке қажеттілігінен көрінеді», - деп есептейді. Кәсіби бағыттылығы қалыптастыруды «жетілдіру және жеке адамның жалпы дамуы тұрғысынан өте терең және жан-жақты зерттеген А.П.Сейтешевтің пікірінше, кәсіби бағыттылығы дегеніміз - жеке адамның маңызды жақтарының бірі, ол оның қызығулары, ниеттері, бейімділіктері, мұраты мен сенімдерінен көрінеді. ағыттылық деңгейінің жоғарылауы оның дамуының негізгі мазмұнын құрайды. Егер жеке тұлғаның белсенділігі адамның шығармашылық және өнегелі күштері болашақта сәтті жүретіндей жеке. тұлға мен еңбек арасындағы өзара әрекет бар деген үміт болғанда ғана мамандық таңдау ақталған болып есептеледі.
Жоспар: Денсаулық психологиясы
Психологиялық денсаулықты қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану