§ 2. Тұлға және мiнез
Тұлға құрылымында ең орталық орынды мiнез алады. Адам мiнезi көптеген адам бойындағы ерекшелiктерге, соның iшiнде танымдық процестерге де әсер етедi. Мiнез әрбiр адамның жеке-даралығын және жеке адамдық ерекшелiктерiн көрсетедi. Адам мiнезi жеке адам қызығушылықтарымен, қажеттiлiктерiмен, бағдарларымен, бағытымен, мотивiмен т.б. байланысты.
Психология ғылымында мiнез топтастырылып оның қасиеттерi мынадай төрт түрлi жүйеге бөлiнiп қалыптастырылады. Ондай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшелiктерiн көрсетедi.
1.Мiнездiң еңбекке байланысты қасиеттерi: еңбексүйгiштiк, адалдық, еңбекке жауапкершiлiкпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық.
2.өжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектiк, талапқойғыштық, асқақтық,менсiнбеушiлiк.
3.Өзiне-өзiнiң қатынасы: өркөкректiк, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзiмшiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк.
4.Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы, ұқыпсыздығы.
Мұндай ерекшелiктер адамның азаматтық қасиеттерiн көрсететiннегiзгi және өзектi сипаттары болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтiк типтiк ерекшелiктерi. Ал, мiнез құрылымының ерекшелiктерiне мыналар жатады:
1.Мiнездiң тереңдiгi. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшiлiкке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын бiлдiредi.
2.Адамның жеке басының ерекшелiгi, белсендiлiгi. Бұл қасиет мiнездiң күшi. Осыған орай, адам мықты, жақсы, тұрақты және нашар мiнездi болып келедi.
3.Мiнездiң тұрақтылығының, бейiмделгiштiгiнiң ерекше мәнi бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзiмдiлiк пен бейiмделгiштiлiк көрсетiп,мiнездiң күшiн аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |