Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары 1. Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы 8 cыныптардың «Геометрия» оқулығы авторлары:
A) Смирнов, Тұяқов;
B) Әбілқасымова және т.б.;
C) Алдамұратова;
D) Нурк;
E) Ыбан.
2. Дәлелдеудің аналитикалық тәсілінің негізгі түрлері:
A) жоғарыға қарай талдау тәсілі;
B) төмен қарай талдау тәсілі;
C) оңға қарай талдау тәсілі;
D) солға қарай талдау тәсілі;
E) артқа қарай талдау тәсілі.
3.Оқушылар «теорема» ұғымымен танысатын мектептің буыны мен сыныбын көрсетіңіз:
A) 8-сынып;
B) негізгі мектептің бірінші оқу жылы;
C) негізгі мектептің екінші оқу жылы;
D) негізгі мектептің үшінші оқу жылы;
E) 7-сынып.
4. Тік төртбұрышқа қатысты шамалар:
A) аудан;
B) жұмыс;
C) масса;
D) көлем;
E) ұзындық.
5. Жазықтықтағы өзара тең бұрыштар:
A) сыбайлас бұрыштар;
B) вертикаль бұрыштар;
C) айқыш бұрыштар;
D) сүйір бұрыштар;
E) доғал бұрыштар.
1
№12 дәріс
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 cыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары» курсын оқыту әдістемесі. Қарастырылатын мәселелер.
1. 10-11 сыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары» курсыноқытудың мақсаты мен міндеттері.
2. 10-11 сыныптардағы «Алгебра және анализ бастамалары» курсының жаңартылған білім мазмұны және оқулықтың ерекшеліктері.
3. 10-11 сыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары» курсын оқытудың әдістері.
4. 10-11 сыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары» курсыноқытуды ұйымдастырудың формалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары» курсының оқу бағдарламалары ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша ретінде енгізілген.
Аталмыш оқу пәндерінің оқу бағдарламалары мынадай тараулардан тұрады: 1. Жалпы ережелер; 2. Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру; 3.Оқыту мақсаттарының жүйесі. Бағдарламаға қосымша ретінде «Ұзақ мерзімді жоспар» деген тақырыппен күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісі келтірілген.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқытудың мақсаты: қазіргі замандағы қоғамдаөзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:10-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында– 102 сағат; 11-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында– 102 сағат.
10-сыныптың базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады: 1) «Функция, оның қасиеттері және графигі». Функция және оның берілу тәсілдері. Функцияның графиктерін түрлендіру.Функцияның қасиеттері.Кері функция ұғымы. Күрделі функция;
2) «Тригонометриялық функциялар». Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері.Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс;
3) «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер». Қарапайым тригонометриялық теңдеулер. Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері.Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;
4) «Ықтималдық». Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері;
5) «Туынды». Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі. Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі.Туындының анықтамасы. Туындыны табу ережелері. Туындының физикалық және геометриялық мағынасы. Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Күрделі функцияның туындысы. Тригонометриялық функциялардың туындылары;
6) «Туындының қолданылуы». Функцияның өсу және кему белгілері. Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері. Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу. Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері;
7) «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары». Кездейсоқ шамалар. Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары.
11-сыныптың базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады: 1)«Алғашқы функция және интеграл». Алғашқы функция және анықталмаған интеграл. Анықталмаған интеграл қасиеттері. Қисықсызықты трапеция және оның ауданы. Анықталған интеграл. Жазық фигуралар аудандары мен айналу денелерінің көлемдерін анықталған интеграл көмегімен есептеу;
3) «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция». n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері. Рационал көрсеткішті дәреже. Рационал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру.Иррационал өрнектерді түрлендіру. Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі. Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы;
4) «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар». Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері мен графигі. Санның логарифмі және оның қасиеттері. Логарифмдік функция, оның қасиеттері мен графигі. Көрсеткіштік функцияның туындысы мен интегралы. Логарифмдік функцияның туындысы;
5) «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер». Көрсеткіштік теңдеулер. Логарифмдік теңдеулер.Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңдеулер.Логарифмдік теңсіздіктер;
6) «Иррационал теңдеулер». Иррационал теңдеулер. Иррационал теңдеулерді шешу әдістері;
7) «Математикалық статистика элементтері». Бас жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдама бойынша бағалау.