Қолайлы (оптималді) қимыл тәртібі.
Жоғары сауқтыру тиімділігін алу үшін және жұмысқа қабілеттілікті арттыру үшін әртүрлі жастаға адамдарға арналған қолайлы қимыл тәртібін сақтау қажет.
4.1.Бір апта ішіндегі сағат саны бойынша дене жүктемесінің ересек адамдарға арналған қолайлы көлемі 6-8 жастағыларға – 13-14 сағат, 9-12 жастағыларға – 12-13 сағат, 13-15 жастағыларға – 11-12 сағат, 16-20 жастағыларға – 8-9 сағат, 24-30 жастағыларға- 7-8 сағат, 30-60 жастағыларға – 5-6 сағат, егде жастағыларға – 8-10 сағат (Солодков А.С.,Сологуб Е.Б.,2005). Шынықтыру сабақтарының жиілігі- аптасына 3-5 сағат.
4.2. Ағзаның функционалді күйін арттыратын дене жүктемелерінің қолайлы қарқыны. Бұл қарқынды макисмальды 220 соғу/мин-қа тең ЖСЖ-нен адамның жасын алып тастау арқылы анықтауға болады. Қолайлы дене жүктемесі ЖСЖ-і макисмальды ЖСЖ-ң 65-85%-ын немесе ОМҚ-нан 50-85%-ын құраған кезде орындалады.
Ересек адамның қолайлы қимыл белсенділігін анықтау үшін адамның бір тәулікте жасаған қадамдар санын алуға болады: тәулігіне 10 000 қадам жасау қуат жұмсалуының орташа деңгейін құрайды – ол 2200-2400 ккал/тәулігіне (1700 ккал – негізгі алмасу және 500-700 ккал – бұлшық ет жұмысына жұмсалады).
Достарыңызбен бөлісу: |