Айқас тиімділіктер ағзаның тек қана дене жүктемелеріне ғана емес, қоршаған ортаның басқа жағымсыз факторларының әсеріне бейімделуінің артуымен айқындалады. Ағзаның қатты қызып кетуге, қатты салқындауға, өткір радиация әсерлеріне тұрақтылығы артады.
3. Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері
Сауықтыру дене жаттығуларына – гимнастика, сауықтырулы жүру, сауықтырулы жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, ойындар, туризм жатады.
Таңертеңгі гимнастика адамның жұмысқа қабілеттілігін ұйқыдан кейін тезірек арттыруға; денсаулықты нағайтуға; ағзаның шынығуына, бұлшық ет аппаратының, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің жетілуіне; сондай-ақ, лимфа айналымын күшейте отырып, ұлпалардың ісінуін болдырмауға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |