дәріс Тақырып. Көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандыру технологиялық процесінің жалпы сипаттамасы


Техникалық күй параметрінің шектік және мәрелік мәнін анықтау



бет2/4
Дата30.06.2020
өлшемі24,43 Kb.
#74714
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 2 1 Рашидов. Атаберді

2. Техникалық күй параметрінің шектік және мәрелік мәнін анықтау

Әмбебап-жұмысшыларды қолданған кезде еңбек ақыға жұмсалатын шығын көбейеді және еңбекті бөлу артықшылығы мен жұмысшылардың мамандырылуы орындалмайды.

Арнайыланған посттарда ТҚК әдісі. Бұл әдісте берілген ТҚК жұмыс көлемі бөлініп, бірнеше посттарға таратылады. Олар үшін жұмысшылар мен посттар жұмысшылардың біртектілігіне және ұтымды бірігуіне байланысты мамандандырылады. Сәйкесінше пост жабдықтары да орындалатын операцияларға сәйкес таңдалынады. Арнайыландырылған посттар әдісі ағымды және операциялы-посттық болып бөлінеді.

Ағымды әдісте арнайыланған посттар қозғалысқа бағыттас түзу орналасуы мүмкін. Арнайыланған посттар көбінесе түзу бағытта ретпен орналасады. Бұл кезде әр посттағы автомобильдің тұру уақыты бірдей болуы шарт. Бұл шартты орындау үшін әрбір посттағы әртүрлі жұмыс көлеміне жұмысшылар санын өзгертеді және келесі шарт орындалады:



Мұндағы:t0-ТҚК жұмыс көлемі, P-жұмысшы саны,t-автомобильдің постта тұру ұзақтығы (пост топтысы).

Посттардың мұндай жиынтығы техникалық қызмет көрсетудің ағымды желісі.

ТҚК процесін ұйымдастырудың бұл әдісі қозғалуға кететін уақытты азайтады, өндірістік бөлімше ауданын тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Автолмобильдерді посттан постқа жылжыту үшін бұл жағдайда контейлер қолданылады.

Қызмет көрсетудің ағымды желілерінің ерекшелігі мен кемшілігі посттарындағы жұмыс көлемін өзгерту мүмкіншілігінің жоқтығы, ол үшін қосымша «жылжымалы» жұмысшылар қарастыру керек, олар қосымша шығып қалған жұмыстарды орындап, автомобильді посттан постқа жылжыту такт бойынша орындайды. Көбіне бұл жұмыстар бригадирлерге жүктеледі.

ТҚК ағымды желіде ұйымдастырғанда үздіксіз және периодты болып бөледі.

Технологиялық процессті ұздіксіз ағымды желіде ұйымдастырғанда ТҚК жұмыстары жұмыс аймағында үздіксіз қозғалып жүрген автомобильге жасалады. Бұл кезде автомобильді қозғайтын конвеер жылдамдығы

0,8-1,5 м/мин аралығында таңдалынады, себебі автомобильдің қозғалысы кезінже жұмысты орындау мүмкін болу керек. Қозғалыстағы автомобильдердің арасындағы а қашықтықты жұмыс аймағының ұзындығына байланысты қабылдайды.

мұндағы: La-автомобильдің ұзындығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет