5. Қос электрлік қабаттың құрылым теориялары қандай?
6. Электркинетикалық потенциалды қалай анқытайды?
Дәріс 8. Дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері.
Жарық шашырауы
Опалесценция мен флуоресценция
Дисперсті жүйелердің оптикалық қасиеттері:
- ультрамикроскопия,
- электронды микроскопия,
- нефелометрия ,
- турбидиметрия
Жарық сәулесі ДЖ-ге түскенде келесі бес құбылыс байқалады:
жарықтың жүйеден өтуі;
ДФ бөлшектерінің жарықты сындыруы (мөлдір бөлшектер үшін);
ДФ бөлшектерінің жарықты шағылыстыруы(мөлдір емес бөлшектер үшін);
ДФ бөлшектерінің жарықты шашыратуы(опалесценциясы) және
ДФ-ның жарықты сіңіруі(абсорбциясы), сөйтіп жарық энергиясын жылу энергиясына айналдыруы.
Коллоидтық жүйелерге жарықтың шашырауы (дифракция) және сіңірілуі өте-мөте тән.
Опалесценция құбылысы:
Жарық шашырау құбылысын М.Фарадей (1857) және оның шәкірті Дж.Тиндаль (1868) ашты.
Қараңғы ортада олар байқаған сипатты құлпыра жылтыраған, әдетте көгілдірлеу түсті жарқыл опалесценция (лат. opalus-көкшіл сүт немесе ақ-сарылау түсті опал минералы атынан) деп аталады. Ол жарықтың микробіртексіз ортада дифракция нәтижесінде шашырауы себепті пайда болады.
Бұл құбылыс сонымен бірге Фарадей-Тиндаль эффектісі, ал ДЖ-де байқалатын конус Фарадей-Тиндаль конусы деп аталады.
Жарық шашырауы ДФ бөлшектерінің мөлшеріне (d) және оған түсетін жарық толқынының ұзындығына (λ) тәуелді болады:
егер λ<
егер λ>>d болса, онда жарық шашырауы жүреді. Ол жарық сәулелерінің барлық бағытта шашырай отырып, бөлшектерді орап өткеніндей болуынан байқалады.