Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет37/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Оқытудың жеке заңдылықтары:
- жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдістер, құралдар мен оқытушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);
- гносеологиялық (оқыту нәтижесі студенттің танымдық белсенділігіне байланысты);
- психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау меңгеру деңгейіне байланысты);
- әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидтердің қарым-қатынасына байланысты);
- ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі, оны ұйымдастырушының студенттерді қызықтыра алуына, белсендендіруіне байланысты);
Оқыту принциптері дегеніміз – оқыту процесін ұымдастыруға қойылатын талаптар, мұғалім өз іс-әрекетінде басшылықа алатын негізігі ережелер. Оқыту принциптері: ғылымилық, көрнекілік, беріктік, жүйелілік және бірізділік, саналылық және белсенділік, шамаға лайықтық.
Дәріс тақырыбы №8. Жоғары мекттептегі оқыту әдістері және қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар.
Жоспар
1.Тұтас педагогикалық процестегі оқыту әдістерінің алатын орны. 2 Педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсінік, оларға сипаттама.
Дәрістің мақсаты: жоғары мектеп педагогикасындағы оқытудың жаңа технологияларын меңгерту және оқытудың белсенді әдістері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: «интерактивті оқыту», «іскерлік ойындар», рөлдік ойындар», жоғары мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасының пәні, жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары.
Оқытудың әдістемесі мен формасы. Проб.лекция.(слайд, видео роликтер) Дәріс сабағының қысқаша мазмұны
1.Тұтас педагогикалық процестегі оқыту әдістерінің алатын орны. Оқыту әдістері туралы жалпы түсінік. Оқыту әдісі және тәсілі. Оқыту әдістерінің объектитілік және субъективтілік жақтары.Оқыту әдістерін жіктеудегі әртүрлі көзқарастар.Оқыту әдістерін әртүрлі негіздер бойынша жіктеу: білім көзі бойынша, оқушылардың танымдық іс-әрекеті түрі бойынша және т.б. Оқыту әдістеріне сипаттама. (Түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, кітаппен жұмыс, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері. Оқытудың белсенді әдістері.Дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту әдістерінің үйлесімділілігі. Оқыту әдістері дегеніміз – оқытудың мақсат- міндеттеріне сай оның мазмұнын студенттерге меңгертуде оқытушы мен студенттердің қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың (классификациялаудың) жиырмадан астам түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет