Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Ойынды қорытындылағанда студенттерге келесідей сұрақтар қойыңыздар



бет45/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Ойынды қорытындылағанда студенттерге келесідей сұрақтар қойыңыздар:
- Неліктен сіздер ортақ шешімге келе алмадыңыздар?
- Жұмыстарыңызда қандай қиыншылықтар туындады?
- Бұл қиыншылықтарды қалай жеңуге болар еді?
- Кім өзін көшбасшы деп санады?
Қорытындысы. Бұл ойын нормативтік актілерде әйелдердің басшылыққа қатысу құқығы бекітілсе де, олардың көшбасшылық тәжірибесінің әлі де жетіспеушілігін дәлелдейді. Әйелдердің өздері саяси жігер көрсетуі керек, өйткені қоғамның оларға көмек көрсете алмайы да мүмкін.
Көшбасшылық тәжірибесін қалайша иеленуге болады? Мұнда көшбасшының туа біткен қасиеттерін, жақсы сөйлей білуін, мектепке қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуын. «Пікірталас», «Сыни ойлау», «XXI ғасыр көшбасшысы» сиясияқты бағдарламаларға қатысуын, қарым-қатынас дағдыларын дамыту секілді біліктерді атауға тұрарлық. Екінші аталған рөлдік ойында студенттердің тобы бүкіл қоғамдық процесстің бір көрінісі ретінде қалыптастырылып, оларға ойын түрінде қоғамдық қатынстарды (проблемаларды, ситуацияларды) қайталау, модельдеу, иммитациялау, «ойнап шығу» тапсырмасы беріледі. Сол себепте де мұндай рөлдік ойындардың басты тақырыбы – «қоғамды» ойнау, қоғам проблемаларын қарастыружәне талқылау. Рөлдік ойындардың бұл түрі бірінші вариантқа қарағанда жоғары мектеп практикасында көбірек пайдаланатындығын ескертіп өтуі керек.
Рөлдік ойындардың мұндай түрінде қатысушылардың топтары әртүрлі қоғамдық топтардың рөлдерін орындайды, мәселен: мемлекет, өкімет, парламент, партиялар, бизнес өкілдері немесе субьектілер (компаниялар, фирмалар, кәсіпорындар, банктар, жинақтаушы қорлар), жалдамалы жұмысшылар немесе әлеуметтік топтар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мемлекеттік бюджет тарапынан қызмет жасаушылар).
Рөлдік ойынды келесідей ұйымдастыруға болады 1. Проблема (тақырып) айқындау.
Оқытушы студенттерге алдан-ала талқылауды, пікір таластыруды қажет ететін тақырып немесе шешімі қажет проблеманы ұсынады. Студенттер жекелей тақырып немесе проблеманы қарастырып, ұсынылған әдебиетпен танысып, сабаққа дайындалып келеді.
Егерде рөлдік ойында ауқымды мәселелер талқыланатын болса, онда студенттер қоғамның негізгі саяси және партиялар, ойын қандай да бір әлеуметтік топтары немесе олардың мүдделерін жақтайтын саяси партиялар, кәсіпорындар, компаниялардың рөлдерін «ойнайды». Ал егер ойын қандай да бір әлеуметтік маңызы бар проблеманы көпшілік тұрғысынан шешуге бағытталса, онда студенттер пікірлер мен көзқарастар тұрғысынан бөлінеді: «жақтаушылар» немесе «қарсы шығушылар», «жаңашылдар» немесе «консерваторлар».
Мұндай топтардың кемінде екеу болғаны дұрыс. Алайда қоғамда сан алуан түрлі пікірдерді туғызатын мәселелерді қарастырғанда (мәселен, ұлт
мәселесі, экономикалық дағдарыс, рухани ахуал) топтар санын ұлғайтып жіберуге де болады. Бірақ олардың жалпы саны 4-5-тен аспағандығы дұрыс, өйткені рөлдердің көптігі талқылауды бөлшектеп жіберіп, сабақты ұйымдастыруды қиындатуы ықтимал.
Топ ішінде де студенттер жеке рөлдерге бөлінуі мүмкін. Мұндай бөліну екі тұрғыдан жүзеге асырылады:
1) Лауазымдық тұрғыдан, яғни әлеуметтік топ ішіндегі қызметтеріне сәйкес бөлінуі.
Мысалы, егер студенттер тобы өкімет рөлін ойнайтын болса, онда студенттер премьер-министр рөлдерін өзара бөліп алуы керек. 2) Қызмет (функция) тұрғысынан, яғни топ ішінде ұстанатын позиция мен атқаратын әрекеттерге сәйкес бөлінуі.
Мәселен, студенттер жоғарыда келтірілген көшбасшы, ынталандырушы, күманданушы, сынаушы, т.б. рөлдерді бөліске салуы мүмкін. 3) Рөлдерді талқылау.
Рөлдерді талқылағаннан кейін, студенттер топ ішінде олардың басты ерекшеліктерін айқындап, қандай да позиция ұстанып, рөлдерді қалай ойнау керектігін талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет