Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Интерактивті лекцияның негізгі қағидалары



бет41/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Интерактивті лекцияның негізгі қағидалары
-Интербелсенді лекцияда ақпарат дайын күйінде берілмейді. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен жаңа білім қарастырады.
- Интербелсенді лекция тақырыпты дамытуға, тереңдетуте бағытталады.
Дәстүрлі монолог түріндегі лекция «студенттердің қарастырылатын тақырып бойынша білімі мен деректері жоқ немесе жоқтың қасы» деген қағиданы ұстанады. Сол себепті де дәстүрлі лекция ақпараттың көп мөлшерін «беруге» мүдделі. Студенттер мұнда әдетте белсенді (пассив) әрекеттер атқарады: тыңдайды, көшіреді.
- Интерактивті лекцияда материал басылған мәтін түрінде беріледі. Дәстүрлі лекцияда оқытушы ақпараттың негізгі көзі болғандықтан студенттер көбіне-көп оның айтқанын көшірумен айналысады. Мұндай белсенді (пассив) әрекеттер студенттердің лекция материалын терең меңгеруге жол бермейді: студенттер көп жағдайда өздерінің үйренуін лекция мәліметтерін есте сақтау, қайталау мен жаттау әрекеттерімен ғaнa шектейді.
Интерактивті лекцияның мәтіні ауызша оқылмай, жазбаша үлестірмелі материал түрінде таратылып беріледі. Оқытушы лекцияны ауызша түрде студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бергенде, лекция тақырыбын толықтырғанда ғана келтіруі мүмкін. Сол арқылы уақыт та үнемделіп, студенттер де оқу материалын өздік тұрғыдан игеру әрекеттеріне белсене араласады.
- Интерактивті лекция диалог түрінде өтеді.
Қарым-қатынас келесі форматтарда өтуі мүмкін: оқытушы - студент/студенттер, студент - студент, студент - тақырып, студент - басқа пікір (зерттеуші, оқулық, т.б.). Интербелсенді лекцияда ой қозғау мен өмірден алынған нақты ситуацияларды талқылау және шешу тәсілдерін қолданған тиімді.
- Интербелсенді лекцияда материал тұтастай емес, бөлшектеліп беріледі.
Дәстүрлі лекцияда оқытушы лекцияны ауызша оқып, студенттерден тыңдау немесе конспект жасау (көшіру) сияқты белсенді (пассив) әрекеттерді атқаруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет