Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Өндірістік ойындар келесідей нәтижелерге жеткізеді



бет49/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Өндірістік ойындар келесідей нәтижелерге жеткізеді: - студенттер кәсіби (қоғам өмірінде орын алған) проблемаларды өздігінше қарастырып, оларды шешуде теориялық білімдері мен кәсіби тәжірибелерін қолданады;
- студенттер өздеріне керекті ақпарат жинақтап, оны талдауды үйренеді;
- студенттер кәсіби проблема шешудің әртүрлі балама ұсыныстарын келтіріп, ішінен ең тиімдісін таңдай біледі, оларды жекелей және бірлесе отырып өзіндік тұрғыдан шешеді;
- студенттер бірлесе отырып проблема шешу – жұмыс жасаудың ең тиімді әрекет екендігін аңғарады.
Өндірістік ойындарды келесідей құрастыруға болады: 1. Қатысушылардың проблемамен танстыру.
Мұнда студенттер ойынның шарттары және ережелерімен таныстыры, ойында қажетті материалдырды иеленеді. (заңдар, нормативтік құжаттар мен ережелер, нұсқаулықтар мен өкімдер).
2. Командаларды (топтарды) құрамдау.
Топтарға бөліну кез келген тәсіл бойынша жасалуы мүмкін. 3. Әр команда мәселе шешуде өз идеялары мен әдістерін ұсыну үшін бірлесе отырып, 5-8 минуттық ауызша баяндама дайындап, оны басқаларға қалайша жеткізетіндігін талқылайды.
4. Жариялау және талқылау.
Командалар баяндамаларын кезекпен жарияладйы, мұнда да олар өз рөлдеріне тиесілі әрекеттер атқарады. Баяндамалар жарияланғаннан соң олардың мазмұны салыстырылып, талқылау
5. Қорытынды
Оқытушы ойынның өту барысында талдау жасап, командалардың және жеке студенттердің әрекеттерін сараптайды. Әдетте ол ойынның жағымды нәтижелері мен пікірлерін білдіріп, көңіл-күйін келтіруді сұрайды. Студенттер бұл сауалға алдымен ауызша, содан кейін жахбаша жауап береді.
Егер ойын жарыс түрінде ұйымдастырылса, қазылар алқасы өз үкімін шығарып, орынды бөліске салады.
Өндірістік ойындар басқаша да ұйымдастырылуы мүмкін. Төменде берілген өндірістік ойындарды өткізудің сценарийлерінде басқа тәртіптерді көруге болады.
Келіссөз жүргізу ойыны
Кіріспе. Студенттерді үш топқа бөліңіз. Олар ферма құрушы жолдастардың келіссөз жүргізуін ойнауы керек. Топтарға ойын шарттары мен тапсырмаларын түсіндіріп, нүсқаулықтарды үлестіріп беріңіз. Нұсқаулық:
Сейітжан, Абыл және Әбдірахман есімді үш жолдас күніне 1 000 $ таза пайда беретін сүт өнімдерін шығаратын ферма құруды жоспарлап, бұл ферма кімнің қандай қызмет атқаратындығы және пайданы қалайша бөлетіндігі жайлы келісіп алады. Бұл келіссөзге олардың әйелдері же қатысады.
Келіссөзде келесідей жәйіттер ерекше ескерілді: Сейітжанның 60 гектар жері бар, Абылда жүк машинасы және дәнді дақылдар тұқымы бар, ал Әбдірахманда трактор және сүт зауытын агрегаты бар. Сүт өнімдерін 44 шықырым жердегі қалаға әр күні апарып сату керек. Күнделікті фермада екі адам жұмыс істеу қажет, бірақ Абылдың ауыл шаруашылығымен айналысу тәжірибесі мүлдем жоқ, демек ол фермада тек біреуге көмекші ғана бола алады. Бұған қоса Сейітжанның жерінің жартысы ғана суармалы, ал Әбдірахманның тракторы ескі. Алайда үш жолдас та араларында бұрыннан қалыптасқан жылы қарым-қатынас бұзғысы келмейді.
Тапсырма: Жолдастардың фермада атқаратын қызмет пене пайданы қалайша бөлісуі мүмкін? Әр топ 8 минуттық дайындықтан кейін келіссөз жүргізу версиясын 10 минут ішінде көрсетуі тиіс.
Топ версияларын талқылау барысында оларға келесідей сұрақ қоюға болады:
- Сіздер келісімге қалайша келдіңіздер?
- Барлық қатысушылар келіссөз нәтижелесіне риза болды ма? - Келіссөзде кім ұтты? Кім ұтылды? Неліктен?
- Келіссөз жүргізгенде қандай маңызды жәйіттерге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет