Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет50/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Жарнама құрастыру ойыны
Студенттер шағын топтарға 5 адамнан бөлініп, ойында тауар жарнамалау ісімен айналысады.
Кішкене кобди ішіне студенттердің парталарынан алынған әртүрлі заттар (көзілдірік, ерін бояйтын помада, қаламсап, дәптер, қарындаш, ұялы телефон, т.с.с.) салынған. Әр топ өкілі қобди ішінен бұл заттардың біреуін суырып алғаннан кейін, берілген уақыт ішінде (8-10 минут) топ мүшелері сол затқа
жарнама (мәтін, ұран немесе слоган, плакат, т.б.) құрастырып, оны қалайша қолдануға болатындықты жиналғандарға көрсетуі («ойнап шығуы») керек. Жарнаманы келесі тәртіппен келтіру керек:
1. Тауардың сипаттары.
2. Тауардың артықшылықтары.
3. Тауарды тұтынудың пайдасы.
Әр топ өз жарнамасын көрсеткеннен кейін (5-6 минут) , топ ішінде әр студенттің қандай әрекеттер атқарғанын айтып беруі керек. Жазба жұмысы алдында студенттерге келесідей сұрақтар қойған орынды:
- Ойыннан кейін өздеріңізді қалайша сезініп отырасыздар?
- Ең сәтті ойнаған топ қандай? Олардың ойыны неліктен сәтті болдыдеп ойлайсздар?
- Сіздер қалай қалай жұмыс жасаңыздар? Топ жұмысының ең ұтымды мезеттері қандай болды?
- Тауарды жарнамалау қалайша жүргізілуі тиіс деп ойлайсыз? Имитациялық ойындар
Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың қалыптан тыс (экстремалды) жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін (модельін) құру. Мұндай жағдайлар қатарына «жанжал», «әуе апаты» «жер сілкінісі», «кеме апаты», «Робинзон», «жау тылында», «тұтқында» секілді оқиғаларды жатқызуға болады.
Имитациялық ойындарда студенттер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап (иммитациялау), шаруашылық, басқару әлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды үйренеді. Бұл ойындар қарым қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу.
Иммитациялық ойындар жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Мұндай ойындарда студентттер үйреншікті қалыптан өзгеше жағдайларда (ситуацияларды) өздерінің күнделікті құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады.
Көшбасшылық (лидерлік) немесе басқару дағдыларын қалыптастыру тренингтері болашақ маман және басшы ретінде студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталады.
Мұндай тренингтерде тыңдаушылар ұжымды басқарудың кейбір ерекшеліктерімен танысып, ұжым қызметшілерін ынталандыру, бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру, шешім қабылдау және де басқа дағдыларды қалыптастыруға белсенді әрекеттер арқылы үйренеді. Бұл әрекеттердің қатарына ситуацияларды ойнау және талдауды, іскерлік және рөлдік ойындарды, пікірталастарды жатқызуға болады.
Үйрену нәтижесінде қатысушылар басқару ісіне (жоспарлау, таңдау және шешім қабылдау, бақылау, бағалау, болжау, ынталаныдру, т.б.) талдау жасап, басқару мәселелерін тиімді шешудің әрекеттері мен алгоритмдеріне үйренеді, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытады.
Мұндай тренингтер «көшбасшы деген кім?», «Бәсеке және билік», «басшылықтың қасиеттері қандай болуы керек?», «келіссөздерді жүргізу», «Конфликтерді басқару» тақырыптарын қарастыруға болады. Соңғы кезде үйрену процесінде видеотренингтердің қолдануы күрт ұлғаюда. Олардың ерекшелігі видео жахбаларды оқу мақсатында қолдануда. Видеотренингтер ойын әрекеттеріне негізделіп, екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде берілген тапсырма бойынша студент немесе студенттердің шағын тоыб проблема шешудің жолдарын іс-әрекет тұрғысынан көрсетіп береді. Мәселен, оқытушы студенттерге тұлға аралық немесе іскерлік қатынаста туындайтын ситуациялар ретінде жиналыс жүргізу немесе онда сөз сөйлеу, тұтынушымен әңгімелесу, жұмысқа қабылдау немесе тұру, бастықпен немесе қол астындағы қызметкермен сөйлесу сияқты жағдайаттарды аудиторияда көрсетіп, рөлдердің көмегімен ойнап шығуды ұсынады. Бұл үшін топ (топтар) өз әрекеттері мен диалогтарын бірер уақыт талқылап, жоспарлайды.
Осыдан кейін топ проблемала шешімін өз түсінігінен туындаған қалыпта көрсетеді де, олардың әрекеттері оны бейне таспадан көреді. Мұнда ситуацияны «қоюшы» студенттер өз әрекеттерін тағы да басынан өткеріп, басқа студенттермен бірге оларды талқылау және бағалау, ұсыныстар жасап, өзгертулер енгізу мүмкіншілігін алады.
Әрине бұл жұмыста оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтары, пікірлері мен ұсыныстары тек позитивті тұрғыдан болғандығы дұрыс. Интербелсенді лекция құрылымының үлгісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет