Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


II. Білім құрастыру (немесе Мағынаны ажырату) кезеңі



бет52/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

II. Білім құрастыру (немесе Мағынаны ажырату) кезеңі
Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы студенттердің топтарына өздері айқындаған және таңдап алған проблемалар бойынша лекция ұсынады. Қағазға басылған лекция мәтіні студенттерге таратылып беріліп, оның бөлімдер бойынша оқылатындығы ескертіледі.
- Жекс жұмыс. Лекцияның әр бөлімін оқығанда студенттерге белсенді амалдарды орындау тапсырылады. Бұл әрекеттер лекцияны көшіру немесе конспектілеу сияқты жұпыны емес, ойлану арқылы мәтінге өз қатысын айқындап (бұрыннан білетін, жаңадан білген, маңызды немесе түсінуде қиындық туғызатын жерлерін анықтау), өзінде туындаған сұрақтарды жазу, өз түсінігі мен комментарийлерін келтіру секілді күрделі мазмұнда болуы керек.
- Топтық жұмыс. Студенттер лекцияның әр бөлімін оқығаннан кейін, шағын топ ішінде (2-4 минут) өз ойларымен бөлісіп, білгендерін толықтыру жұмысымен айналысады.
III. Түсінікті дамыту (немесе Ой-толғаныс) кезеңі
Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы студенттердің өздерінің қандай білім алғандарын айқындап, өздерінің жаңа біліміне баға беру процесін ұйымдастырады, сабақтан кейін жаңа білімді өздігімен толықтыру мен жетілдіру ісімен қалайша айналысатындығы туралы ойларымен бөлісуге шақырады.
- Топтық (немесе жұптық) талқылау. Студенттер топ ішінде немесе жұп болып білгені мен үйренгенін тұжырымдайды, өзара пікір алмасады, олардың практикада қолданысын талқылайды (3-5 минут).
- Жеке пікірлер. Оқытушы талқылаудан кейін 1-2 студенттсн өз ойларын ауызша келтіруді сұрайды.
- Бағалау. Студенттердің сабақта қалайша жұмыс жасағандығын білу және олардың алған білімдерін анықтау мақсатында оқытушы оларға жекелей жазу жұмысын орындауды тапсырады. Оқытушы жазба жұмыстарын тексеру үшін жинап алады немесе олардың портфолиода көрініс табу керектігін ескертеді.
- Үй жұмысы/Өздік жұмыс, Сабақта меңгерген жаңа білімдерін тереңдету мақсатында оқытушы студенттерге силлабуста келтірілген өздік жұмыс тапсырмаларын орындауды ескертіп, жұмыс нәтижелерін жазбаша түрде (мәселен, 3-5 беттік эссе немесе кесте, схема, график, жоспар. т.б. түрінде) келесі сабақта өткізуді тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет