Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



бет48/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Өндірістік ойындар
Оқу/үйрену процесінде қолдануға тиімді ойындардың тағы да бір түрі - өндірістиік ойындар. Бұл әдіс ойынға қатысушылардың сан қилы (кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы) мүдделерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауы қажет етеді. Өндірістік ойындар әлеуметтік немесе экономикалық сипаттағы нақты бір жағдайды (ситуацияны) шешуде үйренушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады (иммитациялайды, модельдейді).
Егер рөлдік ойындарда қатысушылар әдетте әртүрлі әлеуметтік мүдделері бар қоғамдық топтар (немесе субьектілер) рөлдерін орындаса (өкімет, оппозиция, орта бизнес, зейнеткерлер, студенттер, т.б.), өндірістік ойындарда олар бір әлеуметтік топ немесе бір мүдде аумағында қалып отырады. Қатысушылардың мұндағы басты мақсат – қойылған кәсіби мәселені (проблеманы) шешу, сол себепті де олар тиімді әрі нәтижелі шешім келтіру тұрғысынан бәсекеге түседі, жарысады. Демек, өндірістік ойын дегеніміз сабақ аумағында кәсіпқойлардың (кәсіпкерлердің) жарысы.
Өндірістік ойындарда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар келесідей күрделі проблемалаларды шешуге болады:
- Өкіметтің студенттерге несие беру саясатын оқитын жоғары оқу орнында қалайша жүзеге асыруға болатындығын жоспарлау. - Экономикалық дағдарыста ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашу туралы өз ұсыныстарын келтіру.
- Экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпорында жаңаша жалақы жүйесін жасау.
- Кәсіпорында (мекемеде) жұмыскерлерді ынталандыру жүйесін құру. - Несие берудің жаңа шарттарын талқылап. Оларға өзгертулер енгізу.
- Кәсіпорын (мекеме) жұмысында немесе оның қызметкерлері арасында туындаған проблемаларды шешу: жанжал, ортақ мәмілеге қол жеткізу, келіссөз жүргізу, проблеманы бірлесе шешу.
Іскерлік топтардың мақсаты – теориялық білімдерін қандай деңгейде игерілгендігін және оларды қолдана білуді көрсету, проблемаларды жеке және бірлесе отырып шешу дағдарын қалыптастыру.
Өндірістік ойындар көп тұрғыдан кейс-стади әдісіне ұқсас: олар да кейс секілді практикалық проблемаларды өмірлік ситуацияларға жақындастырып шешуге, кәсіби тұрғыдан нақты әрекеттерді орындау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Өндірістік ойындар әдетте студенттік топтың өзара келісімге келіп, бірлескен ізденіс әрекеттері студенттік топтың өзара келісімге келіп, бірлескен ізденіс әрекеттері (ой-толғаныс, талқылау, пікірлесу, идея жинау арқылы) түрінде өтеді. Ал мұндай әрекет топ мүшелерінің барлығын да жұмысқа, қарым-қатынас процесіне жұмылдырады. Бұл әдіс коммуникацияның ерекше түріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет