Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Философияның пайда болуы және дамуы Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет19/30
Дата08.10.2022
өлшемі146,5 Kb.
#152238
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
д рісті мазм ны (3) (1)
otveti 9klass him raion 2021 olimpiada,
Еркіндік философиясы
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі. Абайдың «толық адам» концепциясы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Қазақ фольклорының философиялық мазмұны - казақтардың сантүрлі емірі мен тарихының бейнесі. Қазақ философиясының ерекшелiктерi.
Бiрiншiден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрi адам мәселесiне көбiрек көңiл бөлiнедi;
Екiншiден, адам мәселесi, қазiргi тiлмен айтқанда, көбiне экзистенциалдық тұрғыдан қаралады және ол көшпендiлiк өмiр салтын еске түсiрсек, түсiнiктi де болар;
Үшiншiден, Отандық философияда абстрактылы- теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетiн құбылыс - философиялық iзденiс адамның нақтылы өмiрдегi жұрiс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбiрек көңiл бөлiнедi;
Төртiншiден, адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, ар-намыс, абырой, т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады;
Бесiншiден, қоғам өмiрiнiң негiзгi мәселесi ретiнде әрқашанда әлеуметтiк әдiлеттiлiкке көбiрек назар аударылады;
Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткенi, онда құндылық әлемiне зор көңiл бөлiнедi. Ендi мәселенi нақтылай тұсiп, Отандық философияның негiзгi сатыларына қысқаша көз жiберейiк.
Көшпенді мал шаруашылығының қалыптасуының обьективті алғышарттары. Қазақтардың тілінің, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының, тұрмысының қалыптасуы-көшпелі өмір салтының бейнесі. көрнекті ойлауға, шешендікке, өлең-жырға, ән-күйге, ауызша шығармашылыққа ұмтылу-ұлт ерекшеліктерінің көрінісі. Қазақтардың рухани өміріндегі мақал-мәтелдердің, сөз тапқырлығының, айтыстардың, термелердің алатын орны. Қазақтардың ой еркіндігі. Ислам діні мен бақсылықтың араласуы. Қазақтардың қарапайым санасындағы маңызды түйіндер. ХҮШ-ХІХ ғасырлардаңы философиялық-ағартушылық ой-пікір. Шортанбай, Дулат, Бұхар жырау. Олардың дүниеге көзқарастары. Ш.Уәлиханов (1835-1865) - тұңғыш Шығыс мәдениетін зерттеуші ойшыл, ғалым. Уәлихановтың Омбы Кадет корпусында оқуы. Оның Жетісуға, Ыстықкөлге Қытайға ғылыми-танымдық сапарлары және олардың ғылыми қорытындылары. Ш.Уәлиханов - орыс география қоғамының толық мүшесі. Ш.Уәлиханов -қазақ халқының патриот ұлы. Шоқанның қоғамдық-саяси көзқарастары. Оның "Сібір ведомствосына қарайтын қырғыздардағы сот реформасы туралы жазбалар", "Қырғыздар арасындағы бақсылық қалдықтары", "Қытай империясының батысы және Құлжа қаласы", "Ыстықкөл күнделіктері" т.б. еңбектерінің ғылыми маңызы. Ш.Уәлихановтың қазақ тарихында алатын орны. Ы.Алтынсарин (1841-1889) - аса көрнекті ағартушы, жаңашыл ұстаз. Ыбырай - Торғай өлкесіндегі білім беру жүйесін ұйымдастырушы. Оған Қазан университетінің профессоры Н.И.Ильминскийдің әсері. Ы.Алтынсариннің "Қырғыз хрестоматиясы", "Қырғыздарға орыс тілін оқытуға басшылыққа алатын құрал" оқулықтарымен оқу құралдары. Ыбырайдың қазақ балаларын оқытуға байланысты ресми өкіметпен қайшы келуі. Оның әңгімелері мен өлеңдерінің дүниетанымдық және ағартушылық маңызы.
Абай Кұнанбаев (1845-1904) - қазақтың ұлы ақыны, ойшылы. Қазақ қоғамындағы қараңғылық пен артта қалуын сынға алады. Орыс мәдениетін игеру, тілін үйренуге үндеу. Абай - И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов шығармаларын аударушы, әрі насихаттаушы. Абайдың қара сөздеріндегі философиялық көзқарастар. Қолөнер мен сауданың қазақ өмірі үшін қажеттігі жөніндегі пікірлері. Абайдың дүниетанымдығындағы имандылық принциптері. Абай көзқарастындағы діни сенім мен ғылым - білімге бой ұрудың арақатынасы. Абай - езілгендерді жақтаушы, үстемдік пен қатыгездікке қарсы тұрушы, қазақ халқының ұлттық мақтанышы және абыройы.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси философиялық ой - пікір. XX ғасырдың басы - қазақ тарихындағы күрделі де ауыр кезең. Ресейдің шеткі ұлт аймақтарында патшалық империя тарапынан ұлттық езгінің асқындап күшейе түсуі. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянып, өсе бастауы.
Шәкәрім Құдайбердиевтің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Мыржағып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың т.б. шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі. Олардың зар-заман дәуірінде өмір сүріп, қазақтың шұрайлы жерлерін басып алып, өздерін шөл далаға, құмға қуған "Бөліп ал да билей бер" саясатын жүргізген колонизатор басқыншыларға қарсы шыққан Бұхар жырау, Шортанбай, Дулат сынды ақын-жыраулардың, ойшылдарың, ой-пікірін"идеяларьн ілгері жалғастыруы. Ш.Құдайбердиевтің "Үш анық" кітабындағы философиялық ізденіс жолының қиындығы мен қайшылығы. С.Торайғыров шығармаларындағы прогресс және социализм идеялары М.Дулатов өлеңдеріндегі ұлттық сананың оянуына үндеу ("Оян қазақ" т.б.). Қазақ қоғамының ішкі қайшылықтарын, әйел теңсіздігін т.б. көрсету. (С.Торайғыров "Қамар сұлу", Ж.Аймауытов "Ақбілек", М.Дулатов "Бақытсыз Жамал", С.Көбеев "Қалыңмал", М.Әуэзов "Қорғансыздың күні" т.б.).
"Алашорда" қозғалысы және Ресейдегі февраль (1917) революциясынан кейін "Алаш" партиясының құрылуы, оның жетекшілері Әлихан Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Халел және Жанша Досмұхаметовтар т.б.
Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхамедов, А.Иманов бастаған ұлт-азатық көтерілістердің тарихи және қоғамдық-саяси маңызы, олардың "Алашорда" қозғалысының өмірге келуіне тигізген ықпалы.
Алашордалықтардың ұлттық мемлекет құруға, өнеркәсіптің, мәдениеттің, білімнің, денсаулықты қорғаудың дамуына, әйел теңдігіне, сот ісін құруға т.б. байланысты көзқарастары. Уақытша өкіметтің және Кеңес үкіметінің "Алашордаға" көзқарасы. Алашорда қозғалысы жетекшілерінің кейінгі қайғылы тағдыры. Қазан төңкерісінен кейінге кезеңде бір идеологияның үстемдік жүргізуі, басқаша ойлаудың қудалауға түсіп, жаншылып тасталуы.
XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басындағы қазақ халқының аса көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасының егеменді, тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет