Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер


Тақырып 12. Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері



бет18/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
Тақырып 12. Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері


Жоспар:

  1. Коллоидты жүйелерді дисперсті тазалау әдістері

  2. Дисперстік жүйелердің молекулалық – кинетикалық қасиеттері

  3. Коллоидтық жүйелердің оптикалық қасиеттері.

1. Коллоидты ерітінділерді алудың негізгі екі жолы бар:


Ірі бөлшектерді ұнтақтау немесе дисперстеу әдісі.
Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері. Диализ және ультрадиализ.
1. Диализ - жартылай сіңіру қабілеті бар кеуек арқылы өтетін қоспалардан коллоидты ерітінділерді арылту әдісі (Грэм ұсынған). Диализ әдісі коллоидты ерітіндіні тазалағанда жартылай өткізетін кеуектен нағыз ерітінділер өтеді де, ал бөлшек өлшемі ірілері сүзіліп, өтпей қалу құбылысына негізделген. Диализ жүргізілетін қондырғыларды (прибор) диализатор деп атайды. Ол үлкен науа ішіндегі жартылай өткізетін кеуектен жасалған қалтадан тұрады. Қалта ішіне коллоидты ерітінді құйылады да, науа ішінде ылғи су ағызылып тұрады. Осы кезде кеуектен өткен қоспа ерітінділер су мен науадан ағып кетеді. Қалта ішіндегі және сыртындағы ерітінді концентрация айырмасы артқан сайын диализатордың өнімділігі жоғарылай түседі.
Диализатордардың басты кемшілігі диализ процесінің баяу жүретіндігінде.
2.Электродиализ. Ал коллоидты бөлшектер молекулалар мен иондарға қарағанда, мөлшері үлкен болғандықтан, жартылай өткізгіш мембрана арқылы өтпейді.Еріткішті үнемі жаңлап ауыстыру арқылы коллоидты ерітіндіні бөгде қоспалардан тазартуға болады. Егер диализ процесі электр тогі әсерімен іске асырылатын болса, онда ол электрдиализ деп аталады, ал ультрафильтр пайдаланып, қысымды реттеу арқылы диализдейтін болса, ультрадиализ немесе ультрафильтрлеу деп атайды.
Электрдиализаторда жартылай өткізгіш орнына коллодийден жасалған ультрасүзгішті қолданылады. Ультрафильтрлерге жақын екі электрод орналасқан, ыдыстағы су ағынды. Электродтарға сырттан ток беріп,электр өрісін туғызатын болса, диализдеу процесі едәуір жылдам жүреді. Ток көзі ретінде 120-220 В тұрақты ток пайдалынады. Ток тығыздығы 8-10мА/см2.
3.Ультрасүзу – қатты, қуысты денеге арнайы бекітілген жартылай өткізгіштік қабілеті бар кеуек сүзгіштер арқылы коллоидты ерітіндіні сүзу процесі. Сүзгіш ретінде арнаулы целофан немесе коллоид сіңірілген сүзгіш қағаздар пайдаланылады. Ультрасүзу процесі үлкен қысымда не вакуумда жүргізіледі. Мұнда сығу, сору құбылыстары пайда болып, олар ісін тездетеді. Дисперсті фаза, яғни коллоидты бөлшектер сүзгіште қалады да, "керексіз ерітінді" сүзгіштен өтеді. Ультрасүзу әдісі ЖМҚ-дың зольдері мен ерітінділерін концентрлеу үшін жиі қолданылады.
Ультрадиализдеуде немесе ультрасүзуде қысым айрымын туғызып, коллоидты ерітінділерді бөгде заттардан тазалайды. Ол үшін жартылай өткізгішті Бюхнер воронкасының түбіне салып, оны Бунзен колбасына кигізеді. Онан соң колбаның бүйір түтігін насосқа (су немесе Комовский насосы) қосып, жартылай өткізгіштің құйғыштың түбіне тегіс салып, содан соң оған коллоидты ерітінді құяды. Сүзу барысында құйғышқа дистилденген су құйып тұру керек. Ерітіндінің тазаланғандығын және тазалау жылдамдығын анықтау үшін фильтраттан үнемі үлгі алып, оған талдау жасайды. Мысалы, темір гидроксиді золін хлорид иондардан тазарту жылдамдығын анықтау үшін жиі-жиі хлорид иондарына сапалық реакция жасау керек. Иондар жартылай өткізгіштен толық диффузияланып болғанда, сапалық реакция жүрмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет