Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет25/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау
Бақылау сұрақтары:

  1. Химиялық тізбек пен концентрациялық тізбектің айырмашылығы неде?

  2. Диффузиялық потенциал деген не?

  3. Потенциометрия нені анықтайды?




1

№ 15 дәріс

Тақырып 15. Микрогетерогенді жүйелер. Аэрозольдар
Жоспар:

  1. Аэрозольдердің жіктелуі

  2. Аэрозольдерді алу әдістері

  3. Аэрозольдердің қолданылуы



Аэрозольдер дегеніміз дисперстік фазасы не сұйық, не қатты дене, ал дисперстік ортасы газ, әдетте, ауа болып келетін дисперстік системалар. Бұған тұман, түтін, шаң сияқтылар мысал болады/ Аэрозольдердщ дисперстілігі коллоидты бөлшектікінен кіші бсьт ғандықтан, ондағы бөлшектер ірілеу және біркелкі бола бермей; Мысалы, темекі түтініндегі бөлшек өлшемі 0,1 - 1,0 мкм, тұрмі тағы түтіндікі 0,1 - 100,0 мкм, тұмандікі (Н2О) - 0,5 мкм.

Алыну әдістері:


Аэрозольдерді конденсациялық және диспергациялық тәсілдермен алады. Мұнын, арасында диспергациялық әдіс жиі қолданыла-ды: электр өрісінде шашу; Ауа қысымы арқылы тозаңдату; Ультрадыбыс көмегімен тозаңдату; Сұйықтардыультрацентрифуга тәсілі бойынша тозаңдату.
Аэрозольдердің кинетикалық тұрактылығы бөлшектердің/өлшемімен анықталады. Аэрозоль бөлшектерінің шөгу жылдамдығы дисперсгік ортаның тұтқырлығына тәуелді седиментациялық тең-деу арқылы анықталады. Мысалы, судан 1 сантиметр биіктіктен 10 минутта төмендейтін аэрозоль бөлшегі ауадағы осындай жолды бір секуидта жүреді екен. Олар тұрақсыз болады, өйткені аэрозоль бөлшектері газбен де, сұйықпеи де әрекеттеспейді. Ондағы бөлшектер космостық, гамма-ультракүлгін сәулелер әсерінен за-рядталуы мүмкін. Әйтсе де ондағы заряд шамасы үлкен болмаған-дықтан, ол агрегацияға кедергі жасамайды. Ондағы зарядты жа-санды жолмен арттыруға болады. Азрозоль бөлшектерінде кол-лоидты системалардағыдай диффузиялық қабат болмайды.
Тұмандағы сұйық бөлшектер шар тәрізді болады, ал түтін мен шаңдағылар түрлі заттар мен кристалдардың сынықтарынан тұр-ғандықтан, олар аморфты және әр түрлі пішінді. Олар конденсация немесе диспергация негізінде туындауы мүмкін.
Конденсациялық әдіс аэрозольдерді жоғары дисперстілікте және біркелкі етіп алуға мүмкіндік береді. Мысалы, газ күйіндегі хлорлы сутек пен аммиак қоспасынан қатты күйдегі ұнтақты аэрозольді алуға бо-лады: НС1 + NН3 = NН4С1. Күкірт (VI) оксидін су буымен аралас-тырғанда сұйық аэрозоль алынады: SОз + Н2О = Н24.
Аэрозольдердің пайда болуы беттік әнергияның едәуір артуымен байланысты болғандықтан, ол біраз энергетикалық кедергілерді жеңумен сәйкес келеді. Сондықтан да конденсациялық тәсіл кезінде біршама қаныққандык, яғни тепе-теңсіздік қажет.
Мұндай жағдайда буды бірден конденсациялау керек. Табиғаттағы тұман осылайша туындайды. Егер системада ұйтқы заттар болса, аэро-зольдің түзілуі жеңілдейді.
Аэрозольдер коллоидты системалар сияқты жарыкты шашыратады және олар Релей теңдеуіне бағынады. Осы кезеңде, дисперсті фаза мен дисперстік орталардың тығыздығы мен сыну көрсеткіш-терінің айырмасы айтарлықтай өзгешелікте болуына байланысты аэрозольдердің оптикалық қасиетінің, әсіресе, жарық шашыратуы-ның ерекше мәнде болатынын ескерген жөн. Оптикалық қасиетке негіздеп түтін пердесін қолданады. Олардын арасында фосфор (V)оксидінің орны ерекше. Оның жарықты шашырату және жұту қа-білеті бірлік өлшем ретінде қабылданған.
Аэрозольдердің қолданбалық орны ерекше мәнді. Аэрозоль куйіндегі инсектицид есімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. Сал сияқты медицина мен парфюмериядағы кейбір дәрі-дәрмектер, препараттар тек аэрозоль күйінде қолданылады.
Кейбір жағдайларда аэрозольдер теріс роль атқарады. Мысалы, металлургия, цемент, химия өндірісі сияқты салаларда әрі ай-наланы қоршаған ортаға зиянды, әрі құнды заттар түтін, шаң, то-зан, қурамында сыртқа шығарылады. Атап айтқанда шамамен тәуліпне он мың тоннадай кенді өңдейтін мыс балқыту заводының мұржасынан көк түтінмен бірге айналаға 26 кг АsSз; 1,9 т Sb2S2; 1,9 т Сu; 2,2 т Рb; 2,8 т Zn; 0,4 т Ві шығады екен.
Соңғы кездері қоршаған ортаны қорғау адамзат денсаулығын сақтаумён тікелей сабақтас болып, ол мемлекеттік, дүниежүзілік мәні бар мәселе болып отыр. Жылу электр станциялары мен цемент заводтарынын, 2 км радиусында күн жарығы өзінін. 29%-ке дейінгі сәулесін, ал ультракүлгінді бөлігі 65%-ін жоғалтады екен. Ал үлкен қалалардың үстіндегі күн жарығының қуаты 30-40%-ке төмендейді.
Көмір, қант, үн, қағаз сияқты органикалық қосылыстардьвд аэ-розольдары қопарылғыш келеді. Олар оттекпен жеңіл әрекеттесіп, көп мөлшерде жылу бөледі. Өндірісте шаң-тозаңмен күресу үшін түрлі шан, ұстағыш каме-ралар қолданылады. Аэрозоль ағымы үлкен камераға еніп, көлемі бірнеше есе үлкейіп, жылдамдығын жоғалтады. Осы кезде шаң-тозаңдар шөгеді. Сол секілді түрлі желдеткіш көмегімен аэрозоль-ді кездемеден жасалған сүзгіштер арқылы өткізеді де тазалайды.
Циклондарда бұрандалы бағытпен қозғалған аэрозоль бөлшектері қабырғаға қақтығысып, жылдамдығын жоғалтады да төмен шөге-ді. Соңғы кезде электр сүзгіштері де жиі қолданылуда. Аэрозоль тұрақты ток полюсінің арасынан өткенде, ондағы бөлшектер өзіне кері полюске тартылып бейтарапталып, төмен шөгеді. Ол үшін аэрозоль жоғары градиенттегі потенциалы бар (0,5-1) • 105 В/см ток өрісінен өткізіледі. Осы кезде аэрозоль бөлшектері ион-данады.


Бақылау сұрақтары:
1. Эмульсиялардың қасиеттері, жіктелуі
2. Көбіктердің қасиеттері, колданылуы.



1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет