Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер



бет24/25
Дата06.03.2023
өлшемі337,53 Kb.
#171181
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
Ең кіші ортақ еселік, осососососоососоосоососоосососососоос 13.10.2020, бизнес план, БАХА СЕПСИС, Шкалы для оценки степени тяжести внебольничной пневмонии, 25-сабақ, наурыз, Мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау, 100% lor, 100% urologia, 100% травма без отв— копия, 100% lor — без отв копия, 100% травма, 100% oftalmologia, 4сабақ ОМ
RCOOH+n CH2-CH2→ R-COO(CH2 CH2 O)nH O
Ионогенді емес БАЗ-ға майлы қышқылдардың полиэтиленгликоль эфирлері - R-COO(CH2 CH2 O)nH, оксиэтиленденген біріншілік және екіншілік майлы спирттер RO(CH2 CH2 O)nH, плюрониктер –этилен оксиді мен пропилен оксидінің сополимерлері - HО(C2H4O) м-х(C3H6-O)n(C2H4O)хН, сахарозаның эфирлері, т.б. жатады.
Ионогенді емес БАЗ жуғыш , көбік түзгіш,жұқтырғыш заттар ретінде кеңінен пайдаланылады. Мұндай заттар жуғыштық қасиеттері кермек және тұзды суларда, негіздік пен қышқылдық орталарда жоғалтпайды.
Оксиэтиленденген алкилфенолдар тоқыма өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Сахарозаның эфирлері парфюмерлік және косметикалық заттардың маңызды компоненттері болып саналады. Сонымен бірге тамақ өнеркәсібінде эмулгаторлар есебінде жиі пайдаланылады.
Жалпы дүние жүзі бойынша өндірілетін БАЗ-дардың барлық көлемінің 62%-ы аниондық, 29%-ы ионогенді емес, 8.8%-ы катиондық, 0.2%-ы амфотерлік беттік- активті заттар үлестеріне тиеді екен.
Беттік –активті заттардың өндірілуі және пайдаланылуы болашағы оны өндіру үшін қажетті шикізаттар қоры, оның бағасы мен биологиялық ыдырағыштық қасиеті арқылы анықталады. Молекуласы түзу сызықты көміртек қаңқасынан құралған БАЗ- дардың биологиялық ыдырағыштығы жоғары болып саналады. Көмірсутек радикалының тармақталуы, оның құрамында төрттік көміртек атомының және ароматтық звеноның болуы, заттың биологиялық ыдырағыштығын қиындатады.
БАЗ сонымен бірге, судағы ерітінділерінде көрсететін қасиеттеріне байланысты шынайы еритін және коллоидтық БАЗ-дар деп екі үлкен топқа бөлінеді.
Шынайы еритін БАЗ –ға көмірсутек радикалдары оншалықты ұзын емес, сондықтан суда жақсы еритін заттар жатады.Мұндай заттар ерітіндінің кез-келген , тіпті қаныққан концентрацияларында молекулалық-дисперстік күйде болады. Олар жұқтырғыш, көбік түзгіш, гидрофобтаушы және диспергатор ретінде қолданылады. Шынайы еритін БАЗ-дар тобына спирттердің, фенолдардың, қышқылдар мен олардың тұздарының және аминдердің төменгі молекулалық өкілдері жатады.
Молекулалық ерітіндіден колллоидтыға және коллоидты ерітіндіден гельге тепе –теңдігі ауысумен сиптталатын жүйклкрді коллоидты БАЗ немесе шала коллоидтар деп атайды. Шала коллоидты жүйкдегі зат бір күйден екіншіг және керісінше ауысу үшін, ерітіндінің концентрациясын, температурасын, ортаның рН-ын өзгерту қажет немесе оған электролит қосу керек.
Коллоидты БАЗ ерітінділерінің қасиеттер: коллоидты БАЗ нашар ерігіштігімен және жанасу шектегі беткі қабатқа молекулалар бағытталып, адсорбциялану салдарынан беттік және фазааралық керілуді төмендету қабілеттілігімен сипатталады.
Коллоидтық БАЗ тобын ерітіндінің белгілі-бір концентрациясында термодинамикалық тұрақты гетерогенді дисперстік жүелер түзе алатынзаттар құрайды.
Коллоидтық БАЗ-дардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1)олардың активтіктері жоғары;
2) ерітінді концентрациясының белгілі бір жоғары шамаларында БАЗ молекулалары өз еркімен бірігіп, мицелла түзеді;
3) суда ерімейтін органикалық заттар коллоидтық БАЗ-дың судағы ерітінділерінде ериді;
4) дисперстік жүйелерді жақсы тұрақтандырады.
Мицелла түзілу үшін қажетті БАЗ-дың минемальді концентрациясын мицелла түзілудің критикалық концентрациясы (МТКК) деп атайды. Коллоидтық БАЗ-дың қасиеттері мен мицеланың құрылысы « Коллоидтық химия» курсының «Коллоидтық беттік-активті заттардың ерітінділері» тарауында кеңінен қарастырылады.
Сонымен бірге, БАЗ-дар практикада қолданылу аймағына байланысты көбік түзгіштер, жинағыштар, жуғыш заттар, флотоциялық процестің таңдамалылығын реттеушілер, жұқтырғыштар, эмульгаторлар, құылым түзгіштер болып бірнеше топқа жіктеледі.
Коллоидты БАЗ түрлері: анионды БАЗ, катионды БАЗ, иондық емес немесе ионсыз БАЗ. Анионды БАЗ- суда ерігенде теріс зарядталған беттік активті иондар түзеді, катионды БАЗ- суда еріген де оң зарядталған беттік активті иондар түзеді, иондық емес немесе ионсыз БАЗ- бұл топқа енетін молекулалар суда ерімейді, еріген кезде де диссоцияланбайды.
Тұрақтандыру және солюбилизация. Коллоидты БАЗ-дың тұрақтандыру қабілеті олардың фазааралық қабатқа адсорбциялануымен анықталаджы. Солюбилизация- коллоидты БАЗ-дың концентірлі ерітіндісіне әуелде таза суда ерімейтін органикалық қосылысты қосса оның еруі. Солюбилизация кезінде термодинамикалық тепе-теңдіктегі мөлдір ерітінді пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет