Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар



бет12/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар

  1. Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық негізгі мәселелері

  2. Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторлары

  3. Тұлғаның этностық сапаларын психологиялық талдау

  4. Тұлға психологиясының әлеуметтік негізі.

  5. Ұлттық тәлім–тәрбие беру арқылы балалардың этностық өзіндік санасын, ұлтық тұлға ретінде қалыптасуын нығайту қажет

  6. Этностық дүниетанымның қалыптасуы.

Дәріс 5. Этнопсихологиялық құбылыстарды зерттеу әдіснамасы және әдістері.

Тұлға өзінің әлеуметтік ортасында белгілі әдет дағдыларды, мінез-құлық таптаурындарын арнаулы ережелер негізінде өз санасында қалыптастырады.


А.О. Бороноевтың айтуынша, сана-сезім құрылымын екі тұрғыдан елестетуге болады: бірі- оның басқа адамдар ортасындағы егемендігін байқататын, өзіндік анықталумен байланысты көзқарастарды, идеаларды (пірі); екіншісі «Туған жер» ұғымымен байланысты ұлттық құндылықтарды аңғаруы, адамгершілік-психологиялық бағалауымен байланысты анықталады. Ендеше тұлғаның сана-сезім құрылымын нақтылы белгілеудің, оның пайда болу генезисін анықтаудың ұлт мәсілелерін зеттеуде маңызы зор.
Сана-сезім мәселелерінің генезисін анықтаудың концептуалдық негізін Аристотель, Плотон және Августиндердің еңбектерінен бастаймыз. Ал, кейінде теориялық тереңірек қарастыруды Декарт және неміс классиктерінің теориялық бағдарларынан көруге болады.
Ұлттық сана-сезімнің мән-мағынасын ашуда көп жылдар бойы оны тек индевиттің өзін қандай да бір ұлттық қауымдастыққа жататындығын аңғару деп қарастырылып келеді. Бұл көзқарасты ұстанғандар этнографтар,социологтар болды. Ұлттық сана- сезімді кең мағынада түсінуді кеңес ғалымдарының ішінен С.Т. Калтахчаяның еңбегңнен көруге болады. Ұлттық сана- сезім ұлт өкілінің іс- әрекетінен жүріс- тұрысынан т.б. сыртқы тікелей анықталатын белгілерінен көруге болатын ұлттық- психологиялық құбылыс.
«Ұлттық сана- сезім» ұғымын түсінуде альтернативті (балама) көзқарастар өте көп. Себебі ұлттық сана сезім мәселелерін философия, этнология, тарих, мәдениеттану, социология, педагогика, т.б. ғылымдар қарастырып, оның теориялық әдіснамалық негіздерін анықтайды.
80 –жылдары ұлттық сана тақырыбы тоқырауға шырады. Бірақ біз бдан бұл тақырыпты күн тәртібінен түсіп қалды деуге болмайды. Себебі 80- жылдардың аяқ кезінде ұлт мәселесі, оның ішінде ұлттық сананың қоғамдық қатынастағы рөлі көптеген еңбектерде сөз болып келеді. Мәселен, С.Т. Калтахчаяның ұлттық сананы жан-жақты қарастыру қажеттігін көрсетуі. Сол сияқты Ю.А. Артюняннің, Ю.В. Бромлейдің, Б.Г. Грушиннің, А.Ф. Даждамирдың,Л.М. Дробижеваның, А.К. Калмырзаевтың, А.И. Крупновтың, М.Г. Стефаненконың,К.Н. Хабибуллиннің т.б. еңбектерін атауға болады. Бұл еңбектердің барлығы да ұлттық сананы ұлт құрылымындағы ерекше феномен деп қарауды, оның қалыптасу механизімін анықтауды үсынады. Сонымен қатар , бұлардың еңбектері этнопсихологиядағы теориялық- аналитикалық көзқарастарды да дүниеге әкеледі.
Осы көрсетілген талдаулардың ішінде ұлттық сана –сезімді тұлғаның даму деңгейін көрсететін компанент ретінде жан- жақты көрсеткен және оның ұлттық тұлғаның қалыптасуындағы күрделі сапа аңғартқан – Л.П. Чагай. Ол ұлттық сана-сезім құрылымы элементтерін төменлегінше анықтайды:

  1. Ұлттық сабақтастық ( ұлттаралық қатынастардан алынған және меңгерілген тарихи және тұлғалық әлеуметтік тәжірбиелер, аумақтық, саяси, тілдік, мәдени т.б. жағдайлардан қоғамның пайда болуы туралы түсінік)

  2. Ұлттық сана- сезім, ұлттық біртектілік; өз халқының тарихы мен мәдениеті туралы білімі; өз халқы мен басқа халықтарға ұлттық өзіндік баға беру, оған деген тартылыс деңгейі мен бағыты; ұлтаралық қатынастағы өзінің әлеуметтік рөлі мен мәртебесін түсіну; этностық таптаурындары.

  3. Ұлттық өзіндік қатынас: ұлттық құндылық бағдар; қажеттіліктер және ұлттық- мәдени қызығушылықтардың қызметі мен даму; этностық принциптерді, ережелерді, тыйымдар мен адамгершілік нормаларды тану.

  4. Ұлтаралық салыстыру: ұлттық сезім ( ұлттық намыс,ұлттық абырой т.б); ұлттық ерікті түрткілердің көрінуі ( эмоционалдық, рационалдық т.б) ұлттық және интенационалдық нагым- сенімдер.

  5. Ұлттық өзін- өзі реттеу: идеялдық- психологиялық механизмдерді өзіндік бақылау және итернационалдық жауапкершілікті бақылау.

  6. Тұлғаның ұлттық негіздегі мүмкіндіктері мен рухани күшін қолдана алу дәрежесі:тұлғаның бүкіл өмір сүруіндегі ұлттық жетістіктерге жетудің объективті формалары, сол сияқты оның нақтылы жолдары мен әрекет етуге дайындығы,кез келген бағытта ұлтаралық қатынас пен ұлттың даму жолында өзін дұрыс пайдалануы және мір сүру мақсаты мен мағынасын түсінуі.

Батыс психологиясында әлеуметтік бағытты «аттитюд» деген атаумен қарастырады. Ал, әлеуметтік бағытты тұлғамен байланыстырып қарастырғанда басқа «set» терминімен белгілейді.
Бұл тұрғыдан оның зерттеу тарихыын П.Н. Шихирев үшке бөлдеді:

  1. 1918 жылдан бастап екінші дүние соғысына дейін ;

  2. 40-50жж., яғни бұл сала дамуының тығырыққа тығылуы;

  3. 50-ші жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін « жаңа» идеял пайда болды.[105].

Аттитюдің пайда болуы басқа көзқкарастардың пайда болуын және қарама - қайшылықтарды туғызады.1935 ж. Г.Оллпорт аттитюд түсінігінің он жеті түрін анықтайды. Осы он жеті түрінен аттитюд зерттеулерінде негізгілері ғана алынды, аттитюд бәрінің түсінігі бойынша:

  • Сананың белгілі жағдайы мен жүйке жүйесінің жағдайы;

  • Әрекетке айқындықты айқындау;

  • Ұйымдастырылған

  • Алдында қалыптасқан тәжірибе бойынша;

  • Іс-әрекет бағытының әсер етуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет