Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Дәріс 7. Этникалық қауымдастықтар психологиясы



бет15/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Дәріс 7. Этникалық қауымдастықтар психологиясы.
Жоспары:
1 Қарым-қатынас – этнопсихологиялық феномен ретінде.
2. Этнопсихологиялық қатынас аспектілері
3. Тұлғааралық және топаралық қатынастар
4. Тұлғааралық қатынастағы этностық стеротиптің рөлі.


Қарым-қатынас психологиясы адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дай-дамайлы
Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдары:

  1. «Мен» - «Басқа» жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.

  2. «Топ» - «Мен» жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену – даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.

  3. «Мен» - «Топ». Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.

Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі – адами қарым-қатынастың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
Қарым-қатынас психологиясы адамдармен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.
Қарым-қатынас психологиясының маңызы зор. Адам өмірін қарым-қатынассыз, арақатынассыз, топішілік және топаралық қатынассыз елестетудің өзі қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет