Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет13/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Өзін – өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тұлғаның сана – сезіміне анықтама бергендер кімдер?

  2. Сана – сезімнің құраушы қандай компоненттер?

  3. Жаңсақ нанымдар мен этностық жаңсақ нанымдар дегеніміз қандай феномен?

  4. Ұлттық бағыт, таптаурындар мен нанымдар арасында қандай байланыс бар?



Дәріс 6. Этнопсихологияның категориялары, ұғымдары және анықтамалары.

Тұлғаның автономдылығы әлеуметтік тәжірибиесі мен әлеуметтік байланыстар жүйесін өзектендіріп қана қоймайды, сонымен қатар жаңа индивидуалдық тәжірибиелердің құрылуына әкеледі. Әлеуметтік тұрпылану және тұлғалық автономдылық тенденциялары әлеуметтің қоғамдық өмірде адамның нышандарын, қабілеттерін рухани және субьективтік жағынан өндірілуін көрсетеді.


Әлеуметтену – үздіксіз үдеріс. Оның әр кезеңі анықталған тапсырмаларды шешу барысында бөлінеді. Әр өзіндік тапсырмалар адам бойында белгілі ережелер негізі – жаңсақ нанымдар қалыптасып отырады да, соңында адамның мінез- құлық нәтижесін байқататын өзіндік сана құрылымын құрайды.
Сонымен, әлеуметтену адамның болмыстық ортада референтті және индиферентті өзін өзі дамытуынан көрінеді. Әлеуметтенудің кезеңдерін анықтау, оның еңбек іс әрекетінде жүретіндігінен басталатындығын көрсетуге мүмкіндік береді. Еңбек іс әрекетіне байланысты, әлеуметтенудің келесі кезеңдерін көрсетуге болады.
1) еңбекке дейінгі, яғни адамның еңбек іс-әрекеті басталғанға дейінгі өмір сүру аралығы
2) еңбектік, адамның есейгендігін көрсететін кезең. Еңбек уақытының демографиялық шекаралын бөліп көрсету қиынға соғады. Себебі, тұлға әлеуметтік бағытын, құндылықтарын еңбек ету барысында қалыптастырады.
3) еңбек етуден кейінгі уақыт, яғни еңбектік іс-әрекеттің тоқтатылған кезі. Бұл зейнеткерлік қарсаң , мүгедектік бойынша еңбектен қалуы
Әлеуметтену процесі адамның әртүрлі әлеуметтік рөлдерді атқарып, өзін әр қырынан көрсетуіне мүмкіндік береді. Осыған байланысты тұлғаның мәртебелік рөлдік қатынаста өзара әрекет етуі туралы мағлұмат алуға болады
Мәдениеттің типтік бағдарламалары салт-дәстүрлерде, әдет ғұрыптарда және басқа рухани құндылықтарда өз көрінісін табады. Әр мәдениеттің салт-дәстүрі ұлттық сана сезімді қалыптастыру механизмдері болып табылатын бір-бірімен тығыз байланысатын элементтерден, әдет-ғұрыптардан, құндылықтардан, нормалардан, пікірлерден, наным-сенімдерден тұратын тұтас күрделі жүйе болып табылады. Ол әлеуметтену процесінде жүзеге асады.
Жеке адамдық немесе даралық адамның әлеуметтілігі, әлеуметтік дамуы және нәтижелі саналы іс- әрекетке дайындығы деп анықталады. Тұлғаның мазмұнын осылай түсінуге, оның қалыптасуына қоғамның барлық әлеуметтік қатынастар жүйелері және әлеуметтік өндірістік бүкіл түрлері үлкен әсер етеді. Әрбір индивид өзінің дамуында екі жақты детерминацияға ұшырайды: мәдени обьективті және мәдени психологиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет