Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар



бет9/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның мәселесі
2. Психология тұрғысындағы ұлттық психиканы түсіндіру
3. Ұлттық мінез ұлттық психологияның анықтаушы құрылымдық элементі ретінде.
4. Ұлттық мінез-құлық, ұлттық сезімдер, этностық өзіндік сезім.
5. Ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудың өміршең мәселелері
6. Ұлттық психика қандай құрылымдарға ие?
7. Ұлттық – психологиялық қалыптасу факторлары
8. Ұлттық – психологиялық ерекшелік мазмұны


Дәріс 4. Этнопсихологиядғы ұлттық психика мәселесі.


Жоспары:
1. Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері
2. Тұлғаның этностық сапаларын психологиялық талдау
3.Тұлға психологиясының әлеуметтік негізі.
4. Ұлттық тәлім–тәрбие беру арқылы балалардың этностық өзіндік санасын, ұлтық тұлға ретінде қалыптасуын нығайту.

Тұлға – индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйесі. Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен және т.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайларда адамның өмір сүру кезінде қалыптасады. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда туады.


Тұлға проблемасы бірқатар ғалымдардың – философия, социология, психология, педагогика т.б. ғылымдардың зерттеу объектісі. Мыс. Философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» - деген ұғым, адамзат баласының қасиеттерін сипаттайтын, жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи – биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз – байланыс, қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторлары жалпы түрде екі топқа бірігуі мүмкін:

    1. әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени жағын көрсететін және оның тарихи, мәдени, ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;

    2. белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке-тұлғалық топ.

Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі педагогика-психология ғылымында да тұлғаның түрлі сапаларын тәрбиелеу үшін оқыту әдісі ретінде ұлттық дәстүрлерді пайдаланудың мүмкіндіктері белсенді түрде зерттеліп, балалардың тілінің дамуы мен көркемдік талғамының, еңбек дағдыларының т.б. қалыптасуы қадағаланып, қазақ тілді мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінде балалардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру бағытында тәрбие үрдісіне баса назар аударылып келеді.
Қазақ балабақшалары мен мектептерінде балаларды ұлттық тәлім-тәрбие бағытында оқытуға жаңа мазмұн беру керек, сонда олардың бойында ұлттық сана-сезімнің оянуына мүмкіндік туады. Қазақ балаларын оқытуға жаңа мазмұн беру дегеніміз не? Бұл балалардың ақыл-ойы мен сезімін, қоршаған өмір мен құбылыстарды бақылампаздығын дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді іздестіре білу. Осы әдіс-тәсілдердер оның санасы мен сезіміне жол тауып, ұлтық тұлға ретінде қалыптасуын нығайтуы қажет.
Ғалымдар, педагогтар, психологтар (және ата-аналар) қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бұларсыз балаларға ұлттық тәрбие берудің тиімділігі мүмкін болмайтын басты әдіснамалық мәселелерді анық елестетулері керек. Бірінші мәселе, мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәлім-тәрбие берудің психологиялық аспектілерін анықтау болып табылады; екінші – баяндаудың, жаттатудан бас тартып, балалардың этностық өзіндік санасының оянуы мен қалыптасуына негізделген тәрбиелік ықпалды белгілеу; үшінші – ұлттық тәрбиенің әдіснамалық мәселесі – үрдісінде 6–7 жастағы балалардың этностық өзіндік санасын қалыптастыруда педагогтің алдындағы практикалық міндеттерді түсінуі.
Ұлттық тәлім–тәрбиенің психологиялық аспектісі ұлттық психология болып табылады. Ұлттық психология көп жақты, көп қырлы, түрлі реңкті, тікелей және қарсы әрекеттердің, өзара ыөпалдардың, түрлі күштердің, процестер мен оқиғалардың шексіз қиысуларының жемісі.
Ғылыми әдебиеттерде ұлттық психологияның құрылымын ұлттық мінез, ұлттық сезім, ұлттық өзіндік сана құратыны бекітілген. Ұлттық сана пайда болмаған жағдайда ұлттық сезім де, ұлттық мінез де қалыптаспайды деп есептейміз. Біздің бұл көзқарысымыз Н.Елікбаевтың «...белгілі бір ұлт өкілі емес адам жоқ. Соған сәйкес ол ұлттық психологиясын алдымен өз ұлтын сезінуден, оған жауапкершілікпен қараудан бастауы тиіс» деген қорытындысына және ресейлік бірқатар ғалымдардың тұжырымдарына негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет