Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет5/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
дәріс.әдіст.нұсқаулық
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Шетелдегі және Ресейдегі ғылыми зертеулерде этнопсихологияның дербес сала ретінде пайда болуы қай кезеңге жатады?

  2. Батыс ғылымындағы этнопсихогияның негізгі мектептерін атаңыз?

  3. Отандық қоғамдық ғылымда қалыптасқан ұлттық психологияны зертеудегі негізгі теориялық бағыттарды атаңыз?

  4. ХVIII-XIX ғ.ғ. этнопсихологиялық зерттеулер қандай ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты?



Дәріс 3. Этнопсихология ғылымындағы этникалық бірдейлік мәселелері.


Жоспары:
1. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі
2. Психология тұрғысындағы ұлттық психиканы түсіндіру
3. Ұлттық психиканың құрылымы
4. Ұлттық-психологияның қалыптасу факторлары
5. Ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудың өміршең мәселелері
1. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі
Ұлт психологиясы халқымыздың ғасыр бойы жинақталған, жүйеге түскен әдет-ғұрып, ұлттық дәстүр, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене т.б. тәрбиеге байланысты нормалар мен принциптер, яғни ұлтымыздың мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарларын сөз етеді.
Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – ғылыми этнопсихологияның ілкі бастауы болып табылатын халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.
Мұнда ғасырлар бойы сұрыпталып жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет