Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар



бет4/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
дәріс.әдіст.нұсқаулық
Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар:
1.Этнопсихология ғылымының қалыптасуына сипаттама беріңіз
2.Этнопсихология ғылымының мақсаты мен міндеті не?
3.Этнопсихологияның принциптері
4. Этнопсихологияның негізгі бағыттары
5.Этнопсихология категориясына өз пікіріңіз.


Дәріс 2. Еуропа және Америка ғалымдарының еңбектеріндегі этнопсихологияның дамуы.
Жоспары:

        1. Этнопсихологиялық ой-пікірлердің ежелдегі дәуірде дамуына шолу.

        2. Этнопсихологияның шетелдік ғылымда дамуы.

        3. Этнопсихологиялық ой-пікірлердің Еуропада қалыптасуы.

        4. АҚШ-тағы этнопсихологияның дамуы.

Этнопсихологиялық ерекшеліктерді зерттеу мәселелері адамдардың тәжірибелік қажеттелікітерінің және олардың саяси-экономикалық, мәдени байланыс жасайтын мемлекет халқының дәстүрлері мен мінез-құлық ерекшеліктерін білуге талпынудың нәтижесі ретінде пайда болды. Рухани психологиялық салада этностық айырмашылықтарды зертеп-білу, оның халық тұрмыс-салтына, мәдениетіне әсер етуі және жалпы осы халықтардың іс-әрекеттерін білу ғалым-ойшылдарды әлдеқашаннан-ақ қызықтырды.


Еуропалық өркениет дамуында көне Рим және Грек тарихшылары, философтары, саясатшылары адамдар арасында айырмашылықтың бар екенін, сонымен қатар «Ойкуменді» мекендеген әр түрлі халықтардың өкілдері арасында алшақтықтар болатынын анықтаған.
Көне зерттеушілер этностық айырмашылықтың себебін белгілі географиялық-аймақтық, климаттық жағдайларынан болады деген.
Гиппократ озінің «Ауа, су, жер» атты еңбегінде әр халықтың бойындағы ерекшеліктері олардың географиялық орналасуы мен климаттың әсерінен деп көрсетті.
Геродот әр түрлі халықтардың мінез-құлық және өмір сүру ерекшеліктері олардың қоршаған табиғи ортасына байланысты деп түсіндірді. Осыған сәйкес, Геродот басқа жердегіден гөрі, Египеттегі аспан ерекше, сол сияқты Ніл өзені дс басқа өзендерге қарағанда өзінің табиғи өзгешіліктерімен ерекшеленеді дей келе, египеттіктердің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында басқа халықтардікінен айырмашылығы бар деп көрсеткен.
Этнопсихологияның жаңа терең мүмкіндігі XVIII ғ. басынан басталды, онда экономикалық даму саяси және ұлттық дербестікті тереңдетіп, ол өз кезегінде ішкі ұлттық байланыстар мен қатынастарды дамытуға үлес қосты. Осы жағдайлар үрдісінде ұлттық өмір салты, ұлттық мәдениет, психология өмірлік іс-әрекет аумағында өзіндік орын алып, функционалды мүмкіндіктерге ие болды. Халық мәдениетінің бірлігі оның рухани- психологиялық жалпылығы төңірегіндегі мәселелер сол кездің мәдениетінде белгілі бір орынға ие болды. Осы мәселелер Г.Гердердің, Г.Гегельдің, И.Канттың, Ш.Монтескьенің, И. Фихтенің, Д.Юмның және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс тауып, жарыққа шықты.
Ш.Монтескье (1689-1755) сол халықтың жалпы әдіснамалық шекарасын және рух бойынша этностық айырмашылықтардың мәнін толыққанды түрде көрсетті. Ол да географиялық детерминизм принципін ұстанған. Дегенмен, ол климаттың әсерімен қалыптасатын сипатта халықтың, оның тарихына қалайша әсер ететіндігін нақты анықтады. «Рух заңы» деген еңбегінде ол былай деп жазған: «Солтүстік климатта сіздер күнәлары аз, жақсы ниетті, шыншыл, ақкөңіл адамдарды көресіздер, ал қоңыржай климатты елде сіздер өз іс-әрекетінде тұрақсыз, тіптен жақсылық пен жамандықта да тұрақсыз адамдарды байқайсыздар, өйткені ол жақтың белгілі бір климаттық ерекшеліктердің жетіспеуі оларға тұрақтылық көрсетуге мүмкіндік бермейді. Шектен тыс ыстық климатта тән күштен мүлдем айырылады. Ондай кезде тәннің рахаттануы жанға ауысады. Халықтың «жалпы рухына» географиялық жағдайлар әсер ететінін, ұлттық мінездің қалыптасу негізін көрсетуге тырысты.
Француз ағартушыларының бірі К.А. Гельвеций өзінің «Адам туралы» еңбегінде «халық сипатында болған өзгерістер мен оларды тудырған себептер» жөніндегі бөлімінде халықтың сипаттық белгілеріне, олардың қалыптасу себептері мен факторларына тоқталады. Ол былай деп жазды: «Кез келген халықтың қоғамдық тәрбиеде, өзінің мінез-құлқын қалыптастыратын әлемді көру және сезінуде ерекше қабілеттіліктері бар».
Ағылшын философы Д.Юмның «Ұлттық мінез-құлық туралы» еңбегінде зерттелген көзқарастар анағұрлым қызықты болып табылады. Д.Юм қоғамдық өмірдің табиғи (ауа климат) шарттарын тұрмыс және еңбек дәстүрлерін темпераментті, мінез-құлықты анықтайтын факторлар деп есептеді. Оның идеяларын немістің философ-ғалымдары И.Гердер. И.Кант, Г.Гегель және тағы басқалар жалғастырды.
Г.Гегель «Рух философиясы» атты еңбегі арқылы ұлттардың мінез-құлқы туралы білімді дамытуға маңызды үлес қосты. Бұл еңбегінде ұлттар мінез-құлқының мәселелерін қарастырды. Ол өзінің зерттеулері нәтижесінде кейбір әдіснамалык мәселелердің шешімін тапты. Осылайша, «темперамент» Және «мінез-құлық» ұғымдары мәні жағынан әр түрлі екендігін дәлелдеп, оларды жариялауға қарсы шықты да, егер де ұлттық мінез-құлық ұлттық қоғамның ерекшелігі болса, темперамент жеке тұлғаның ерекшелігі екендігін баса керсетті.
Этностық психологияның қалыптасуында В.Вундттың есімі ерекше аталады. Вундттың теориясынан жекелеген қызметтердегі әлеуметтік - психологиялық заңдылықтар туындады. Ол адамзат коғамының жалпы дамуы және барлық кұндылықтардың рухани жемісінің туындау негізінде жатқан психологиялық процестерді көрсетті. Сонымен қатар жаңа ғылымның пәндік саласын құрайтын ұлттық рух негізінде жоғарғы психикалық процестерді түсіндірді. В.Вундт ұлт жаны мен психологиялық құбылыстар арасындағы байланысты, әсерлену мазмұнының бірлігін, сезім мен талпынысты ашып көрсетеді. Оның пікірінше, психологиялық процестер жанның белсенділігімен түсіндіріледі. Бұны ол апперцепциялық, немссе ұжымның шығармашылық, әрекеті деп атады.
Н.Г. Чернышевский: «әрбір тарихи маңыздылығы бар халық ақыл-ой және адамгершілік жағынан даму дәрежесі бойынша өзара әр түрлі адамдардың бірігуі», - деп атап көрсетті [Шығ.жин.2Т., 1987, 10б.]. Осыған орай ұлттық сананың құрылымы тұтас элементтер кешенін және жалпы жүйелі дамыған бейнені құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет