Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрыстан, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.
Этностық өзіндік сезім.
Этностық сана сезім бұл – этностық қоғамдастықты құрайтын адамдардың басқа емес, дәл сол қоғамдастыққа жататынын сезінуі. Этностық сана сезімнің мәні адамның өзін орыс, жапон, испан, қазақ және т.б. деп сезінуінде. Ол өзінің ұлттық қоғамдастығының басқа өкілдерімен генетикалық байланысын сезінеді. Индивидтің этностық сана сезімі оның өзінің шығу тегі жайлы түсінігіне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |