Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі



бет27/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Биологиялық бағыт. Бұл этникалық топ мүшелерінің физикалық (антропологиялық) типі, темперамент, түйсік пен қабылдау және басқа қасиеттері зерттелінетін этнопсихологиялық зерттеулердің бағыты. Алайда, зерттелінетін қасиеттердің сипатына қарай бұл бағытты психофизикалық және антропологиялық деп атаған дұрыс болар. Бұл бағытта жұмыстанатын ғалымдар сыртқы факторлардың әсерінен көп өзгеріске ұшырамайтын тума, тұқымқуалаған нышандарына үлкен мән береді. Осы қиын бағыттың дамуы этнопсихологияның жаратылыстануғылыми негіздерін ашуға мүмкіндік береді.


Дәріс 13. Әлеуметтанушы және эксперименттік әдістер.

Психологиялық зерттеулердің объективтілігіне қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:



  1. Объективтік психологиялық зерттеулер қағидасы зерттеу пәні ерекшеліктеріне тәуедлік көптеген әдіснамалық құралдарымен іске асады. Оны былай түсіну керек: психика, сана, ішкі және сыртқы көріңістердің бірлігінде зерттеледі. Осыған байланысты бұл қағиданың талаптары бойынша кез келген психикалық құбылыстар сыртқы себептер мен ішкі жағдайлардың бірлігінде қаралыстырады. Психологияның негізгі қағидаларының бірі -детерминизм қағидасын (психикалық құбылыстардың себептік тәуелділігі) іске асыру психологиялық зерттеулерді объективтік принципке сәйкес құру болып табылады. Объективтік қағида адамды іс-әрекет үрдісінде зерттеуді талап етеді, сондықтан да адамның психикалық ерекшеліктерін оның қылықтары бойынша бағалауға болады. Объективтік қағида зерттеулерде қолданылатын әдістер және зерттеушінің көзқарасын алынған нәтижелерге әсер етуін талап етеді.

  2. Психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу. Психолгиялық зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу болып табылады. Объективтік дүние әр уақытта қозғалыста және өзгерісте болады, сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз болуы мүмкін. Егер де психикалық құбылыстар үздіксіз өзгеріп, дамып отырса, ондай жағдайда жан-жақты байқауға бағытталған кез келген зерттеулерді құру міндетті түрде қарастырылуы қажет. Психикалық құбылыстарды даму барысында зерттеуде адамдардың тек психикалық сапаларын анықтау жеткіліксіз, сонымен қатар психикасының қалыптасқан және ерекшелігін талап етеді.

  3. Жеке тұлғаны талдау-жинақтау түрінде зерттеу әрбір адамның психологиялық келбетінде барлық адамдарға тән жалпылық,даралық қасиеттермен сипатталады. Әрбір адамның бойында жеке тұлға ретінде жалпылық, ерекшілік және даралық қасиеттердің болуы зерттеу жұмысын ұйымдастыруды талдау-жинақтау қағидасын басшылыққа алуды қажет етеді. Күнделікті өмірдің әртүрлілігіне қарамастан, әрбір адам өзіне тән даралық психикалық қасиетін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай жеке тұлғысынан зерттеуді қажетсінеді. Адамды талдау тұрғысынан зерттеу жеке тұлғаны әр түрлі өмір жағдайлары мен іс-әрекетте психиканың элементтерін тануға көмектеседі, ал жинақтау-барлық жекелеген құбылыстардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның психологиялық үрдістерін, дара психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, психология әр түрлі зерттеу әдістерін қолданады. Психиканы объективтік тұрғыдан зерттеу жоғарғы жүйке қызметтінің физиологиялық заңдарын білуді ұсынады. Психологияның әдістері психикалық құбылыстарды зерттеуге объективтік тұрғыдан қарауды қамтамасыз ету ғана емес, тұлғаның психикалық үрдістері мен қасиеттері не үшін және қалай пайда болады, дамиды және өзгерістерге ұшырайды?

  4. Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланыста болуы қажет, демек, практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы. Мәселен, баланың психикалық дамуын зерттеу үшін оның психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтап алу керек, жан-жақты зерттеудің негізінде мектеп пен отбасындағы баланың оқыту және тәрбие беру үрдісін одан әрі жетілдірудің тиімді тәсілдерін белгілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет