Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі


Дәріс 11. Этнопсихологиядағы кросс-мәдени зерттеулер



бет24/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Дәріс 11. Этнопсихологиядағы кросс-мәдени зерттеулер.

Қазіргі таңда мемлекет құраушы қазақ ұлтының менталитетінде терең тамыр жайған толеранттылық қасиеті Қазақстанда ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Бұл қасиет бір күнде қалыптасқан жоқ. Ұлт мінезін, дүниеге көзқарасын, рухани ұстанымдарын сипаттайтын белгілер ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар бойы орнығу үдерісінен өтеді.


Қазіргі таңда кросс-мәдени психология бағыты қарқынды дамуда. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, бұл жерде көптеген, түрлі этнос өкілдері тұрады.
Этнос өзіндік сананың бірлігінің құрамында туындайды, өз қауымдастығының мүшелерімен ұқсастығын және бас- қа ұйымдардың өзгешелігін, сонымен қатар, территория, тіл және мәдениет бірлігін мойындайды. Этнос және ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеуде С.А. Арутюновтың, Э.А. Баграмовтың, Ю.В. Бромлейдің, Л.Н. Гумилевтің А.В. Авксентьев, Т.Ю. Бурмистрова, Н.Н. Гасанов және т.б. көптеген ғалымдардың этнологиялық теориялары этносаралық қатынас мәнін терең түсініп және аталмыш үрдістің ерекшеліктерін анықтауда маңызды орын алады. Сонымен қатар, этнос ұғымы мәдениет ұғымымен өте тығыз байланысты болып келеді. Сондықтан да, этномәдениеттік қауымдастықтың психологиясы түсінігі «мәдениет» және «этнос» түсініктерімен байланысты.
«Мәдениет» түсінігі көп аспектілі феномен болғандықтан, қиын анықталатын ғылымның бірі. Мәдениеттің маңызды бағыты адамардың өмірінің мәнімен ұштастырылады, белгіленген қауымдастыққа бағынышты. Бағалылық жүйесі мақсаттармен және олардың жетістіктерімен байланысты, өмірге мән-мағыналық береді. Мәдениет қоршаған әлемде болып жатқан идеялар мен заттардың категоризацияларының мағыналық алаңы. Әлем адамдардың санасымен, идеяларымен, заттарымен мағынасын тауып құрылады. Сонымен қатар мәдениет түсінігін Т.Г. Стефаненко, Л. Леви-Брюль (L.Levy-Bruhl, 1857-1939), Ф. Боас (F. Boas, 1858-1942), Р. Линтон (R. Linton, 1893-1953), Р. Бенедикт (R. Benedict, 1887-1948), К. Леви-Стросс (C. Levi-Strauss, 19082009), П.А. Сорокин (1889-1968), А. Кребер (A. Kroeber, 18761960), Т. Парсонс (T. Parsons, 1902-1978) және т.б/1.,2.,3.,4.,5/.
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуда. Тәуелсіздікпен бірге есейіп келе жатқан Ассамблея еліміз үшін үлкен мағынаға ие. Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820 мәдени орталық мүше. Осындай жайттарды еске алғанда еліміздегі қалыптасқан толерантты қоғамның мәні мен мазмұнын жете түсіне бастайсың.
Толеранттылықтың жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болды: Г.К. Искакова, М.А. Кучерова, П.И. Мамедова, Б.А. Тұрғынбаева, Ж. Наурызбай, К. Сүюнова, Қ. Қожахметова, Қ. Бөлеев т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, А.С. Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А. Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды [5,6.].
Көрнекті тарихшы-этнограф Лев Гумилев:«этнос дегеніміз – жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік аймақтың бірлігінде жатқан, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы» – деген анықтама береді [7,12].
«Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет» еңбегінде ғалым Т. Сарсенбаев: «ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі» деген анықтама бере отырып,«адамның санасы мен іс-әрекеті, оның ішінде интернационалдық қасиеттері де, қоғамның жалпы материалдық және идеологиялық қатынастарының ықпалымен қалыптасып қана қоймайды, олар едәуір дәрежеде тікелей қоршаған ортаның, нақтылы жағдайдың, белгілі бір ұжымдағы дәстүрлер мен ережелердің, жақын адамдардың күнделікті қарым-қатынастарының әсерімен де қалыптасатыны мәлім. Сондықтан әрбір адамға қатысты микро-әлеуметтік ортаны, сол адам еңбек ететін ұжымның жайын, оның жоғарыдағы аталған процесте атқаратын рөлін жете білудің маңызы зор» – дейді [8].
Жалпы алғанда, «кроссмәдени» және «дәстүр» ұғымдары синонимдес болып келеді. Ал этнос дәстүрді жүзеге асырушы да, дәстүр – бірбіріне қайнаса-бітіскен, тұрақты тұтастықтағы мәдени парадигмалардың кешені ретінде қабылдануы тиіс. Кроссмәдениет адамның барша ісәрекеті мен процестерінің айырылмас бөлшегі болған жағдайда ғана өміршең болады. Мысалы, өзін-өзі ұстай білуі, киім кию мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас мәдениеті және т.б. Дәстүр – тарихи қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін білімдер мен мінез-құлық формалары [9,32]. Кроссмәдени заңдылықтарды меңгеру арқылы этностық әлеуметтену барысында тұлға белгілі-бір этностық ортаның мәдени, адамгершіліктік өлшемдерін, құндылықтық бағдарларын игереді. Сол себептен, тұлғаның өз этностық мәдениетін қабылдау дәрежесі оның өз этносына тиістілігін қаншалықты толық сезінуінен, оның этномәдени сәйкестілігінің қалыптасуынан көрінеді. Қазіргі таңда кроссмәдени сәйкестілік толыққанды қалыптастырылмай, өз этносының ерекшеліктеріне немқұрайдылық сезімі жоғары болған жағдайда, сонымен қатар, этностық менталитет (әр этностың өзіндік түсініктемелері мен таптаурындары, өмір сүру салты мен фольклор, мәдениет, дін, тіл, миф, рухани мұраларының жиынтығы) және этникалық стереотиптер (әртүрлі этникалық қауымдастық өкілдеріне тән адамгершілік, ақыл-ой, физикалық ерекшеліктер жиынтығы) жиынтықтарының индивид бойында сіңбеуінен маргиналдар қалыптасуда.
Кросс-мәдениеттің екі маңызды мақсатын Эллиот Аронсон (E. Aronson) нақты қалыптастырған. Бірінші мақсат психикалық құбылыстың және процестің қаншалықты жалпы ортақ екенін және сол себепті ғаламшарымыздағы бүкіл адамзат психикасының функциялануының тәртібі мен түсіндірілуі. Бұл зерттеудің типі барлық адамдарға олардың мәдениетіне, тәлім алғанына, қоғамдағы әлеуметік жағдайына, географиялық орналасу жағдайына қарамастан ортақ нәрселерді іздеуге бағытталған.
Зерттеудің екінші мақсаты әртүрлі мәдениетке жататын адамдар арасындағы өзгешелікті іздеуден және мәдениетке негізгі психикалық құбылыс пен процесі ретінде қалайша әсер етуін тексеруден тұрады [9,71-72].
Бір уақыттағы ізденіс пен сәйкестіктен және де өзгешеліктен тұратын бұл зерттеу мақсатының екіге ажырауы екі концептуалды ғылыми тәсілдеме методологиялық көрініс тапты. Бұл тәсілдемені ең алғаш 1954 ж. американдық лингвист К.Л. Пайк (K.L. Pike) ұсынып, оларды eticжәне emicтәсілдемесі деп белгілеген болатын [10, 253-254]. Eticпен emicәдістерінің айырмашылықтарын атақты канадалық кросс-мәдени психолог Джон Берри қалыптастырған. Адамзат тәртібінің еticанализі адам психикасының универсалды ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Ал emic-анализі адамдардың психикалық ерекшеліктерін салыстыру мен кросс-мәдени айырмашылықтарын табуға бағытталған. Дж. Берри кросс-мәдени зерттеудегі қажетті шындыққа жету үшін стратегия ұйымдастырған. Оның ойынша, бірегей бағдарлама жасап еtic-зерттеу аясында жалпылау жүргізу керек [10,3].
Атақты американдық психолог Д. Мацумото eticжәне emicидеясы адамзат тәртібінің қарама-қарсы полюстерін көрсетеді дейді: бір полюсте универсалдылық және екіншісінде – мәдени ортақтық. Адам тәртібін бақылай, түсіндіре оны eticнемесе emicкатегорияларына жатқызуға тырысады. Автор төмендегідей мысал келтіреді: «Сізді басқа мәдениет иесімен әңгіме жүргізіп жатырсыз деп ойлайық. Әңгіме барысында оның өзі сөйлегенде көзбе-көз қатынастан қашатынын және сіз сөйлегенде де сізге қарамайтынын байқайсыз. Анда-санда ол сіздің көзіңізге қараған шақта, ол сіздің де қарап қалғаныңызды байқап, бірден көзін басқа жаққа аударады. Сіз өз мәдени бағытыңыз бойынша, ол адамның сізге деген жағымды сезімнің жоқтығын немесе сізбен әңгімелесуді онша қалап тұрмағанын ойлайсыз. Сіз өзіңізді ыңғайсыз сезініп ол кісімен әрі қарай әңгімелесуден бас тартуыңыз мүмкін. Бірақ бұл көрсеткіш олардың мәдениетіндегі көзбе-көз тіке қарау құпталмайтын, тәкаппарлық пен сыйламаудың белгісі болуы мүмкін. Ол кісінің көзбе-көз тіке қарауы сізге деген сыпайылық пен құрметтеудің белгісі болуы мүмкін» [11,41].
Психологиялық ерекшеліктерді зерттеу мәселелері, адамдардың тәжірибелік қажеттіліктерінің және олардың саяси экономикалық, мәдени байланыс жасайтын мемлекет халқының дәстүрлері мен мінез-құлық ерекшеліктерін білуге талпынудың нәтижесі ретінде пайда болды.
Г. Триандис адамзат танымының әмбебаптығын 3 негізгі облыста қарастырады: адамдар барлық әлеуметтік тәлімнің (қолдау, құптау, мадақтау) ассоциативті формалардың сәйкестіктерін және диссоциативтіден айырмашылығын бірдей түсінеді (қашу, агрессия); барлық мәдениетке жататын адамдар тәртіпті қызметі жағынан жоғарыларды (сын, бұйрықтар, тағайындау) бағынушылардан айыра алады (бұйрықтарды орындау, консорциум); адамдар жақындық (өз-өзін әшкерелеу) мен формалдылықты (әдептіліктің талаптарын орындау) айыра алады [12,23].
Кросс-мәдениеттік психологияда алғаш эмпирикалық зерттеулер жүргізген Вильгельм Вунд болып табылады. Ол 1900-1920 жылдар арасында 10-томдық «Халықтар психологиясы» кітабын жазады.
Кросс-мәдени зерттеудің мәні топтарды салыстыру жеке оқиғасымен сәйкес келеді [16,5]. Екі ұлттың «мәдени құндылықты бағдарлау» тесті бойынша шыққан нәтижелердің графиктік нұсқасы берілген. Бұл нұсқа бойынша қазақ халқының 74 пайызы. Дәстүрлі мәдениетке жататындығын көре аламыз. Яғни дәстүрлі мәдениет типі – адамдардың өткенге деген бағдарлануымен, дәстүр ұстанымымен, өз ұлтының тарихына деген қызығушылықтарымен ерекшеленеді. Бұл мәдениеттің адамдары табиғатты мәңгілік құпия болмыс ретінде қарастырады. Адам әлеуметтік ортадан тәуелді. Туыстық байланысқа, отбасы ішіндегі мәдениетке, діни мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Ондай мәдениетте адамның ішкі бостандығына жол берілмейді. Ол іс-әрекеті, сондай ақ, ойлары қоршаған қоғамның қадағалауында болады. Шешім қабылдау көбінесе ұжымдық түрде болады, ал шешімнің толық, соңғы шешім шығару жасы үлкен адамдардың арқасында. Яғни, қазақ халқының әлі күнге дейін өз мәдениетін, салт-дәстүрін ұстанып, құрметтеуін байқауға болады. Нәтижелер бойынша, 19 көрсеткіші, қазіргі заманғы мәдениетке жататынын, ал қалған 7 пайызы динамикалық дамудағы мәдениет типіне жататынын көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет