Қайталау және бекітуге арналған сұрақтар
Ұлттық таптаурындарды зерттеудің ұзақ тарихы
Психологиялық тұрғыдан этноцентризмге түсінік
Этностық стереотиптің когнитивті (мазмұны) және аффективті (нанымдар) деп аталатын екі жағы
Этностық сәйкестілік және оның транформациялық мәселесі
Этносаралық кикілжіңдердің психологиясы
Лекция 9. Этносаралық өзара әрекеттестік.
Ұлттық психологиялық ерекшеліктер өзінің мазмұнында танымдық поцестердің өтуінің және адамның эмоционалдық қалпын, сондай-ақ өзара әрекет бірлігін, адамдардың қарым – қатынасы мен өзара қатынастардың этникалық ерекшеліктерін белгілей келіп, әр халықтың тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға әсер етеді.
Бұл бір жағынан әр ұлттың тәрбиелік әсерлерді қабылдаудың жалпы заңдылықтарын, тәрбиелік шараларды өткізудің өзіндік арнаулы дәстүрлерін табуға және әр бір ұлттың аймақта қоғамдық өмірде есепке алуға көмектеседі. Мысалы, біздің Қазақстанда және Орта Азия халықтарында қартаң жастағы адамдарға осы сыйластықпен қарайды. Бұл халықтардың қарым – қатынас процесінде өзара әсері және өзара әрекетінің өзіндік атрибуттары.
Екінші жағынан, ұлттық – психологиялық ерекшеліктерінің байқалу заңдылықтарын белгілеу әлеуметтік қызметкерлер мен жетекшілердің педагогикалық ықпалдарының тиімділігін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер табуға, тәрбиелік сипаттағы шаралардың дұрыстығын бағалауға мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге көптеген халықтар мен біздің еліміздің халықтары өкілдерінің ұлттық психологиясының байқалуының әр түрлі формасында қазіргі қайта өрлеген діни қатынастардың элементтері бар. Кейбір шіркеу қызметкерлері халықтардың ұлттық танымын бақылаудың әлемдік, саяси және басқа құралдарына жүгінеді.
Орта Азия және Кавказ республикаларында, басқа аймақтарда діни символика және мәдени рәміздер кеңінен қайталанатын, айналада болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға назар аудару және бұқаралық діни қабылдау формалары қайта дәуірлейтін манифистациялар, митингілер, жиналыстар өткізу формалары кеңінен таралуда.
Қазіргі кезде ос сияқты бұқараға әсер ету мен қарым – қатынас түрлерін есепке алмаған әлеуметтік қызметкер, жетекші әрине, қиын жағдайға тап болады. Діни, адамгершілік құндылықтардың этникалық қауымдастығы өкілдерінің өзара қауымдастығы өкілдерінің өзара қарым – қатынасы мен мінез- құлқына тән мақсатқа бағытталған есеп және мықты талдау қажет. Бұл әсерлер олардың мінез- құлықтарын жүйелі болжау арқылы, сондай-ақ, этникалық ескертпелерді трансформациялайтын әсер етудің танымдық әдістерінің ықпалымен өтуі тиіс (Б.А. Амирова).
Біздің елімізде ұжымдардың көпшілігі құрама бойынша көп ұлтты болып табылады. Мұндай қоғамда көп жағдайда жеке бас аралық қатынастарға әсер ететін адамдардың мінез- құлық нормалары, дәстүрлер, ұлттық психологиялық ерекшеліктерімен, мәдени бірлігімен және этно топтық танымымен, топ ішілік нормалар мен принциптердің болуымен сипатталатын бір ұлт адамдарының бірігуін білдіреді.
Мұнда тәрбие жұмысының өзі айтарлықтай күрделенеді, күш жігердің үлкен салмағын, көлемді білімді, кәсіби даярлықты, жоғары психолого- педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Ұлттық психологиялық ерекшеліктерді есепке алу ұжымдағы және білім беруші институттардағы ( балабақша, мектеп, ЖОО, клуб және т.б.) тәрбие жұмысының ерекше құрылуын болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |