Дәріс тезистері


Бөлшектенудің нәтижесінде бір қабатты ұрық - бластуланың түзілуі



бет13/29
Дата20.10.2023
өлшемі451 Kb.
#187018
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
лекция Биологияға кіріспе

Бөлшектенудің нәтижесінде бір қабатты ұрық - бластуланың түзілуі. Сары уызы мол жұмыртқа жасушаларының тек цитоплазманың ядро орналасқан үстіңгі жақ бөлігі ғана бөлшектенеді, ал сары уызы бөлшектенбейді. Бұған құс жұмыртқасының жасушасы мысал бола алады Сары уызы аз жұмыртқа жасушалары толық бөлшек- тенеді, оны қандауыршаның жұмыртқа жасушалары мысалында қарастырайық. Зигота митоз жолымен бөліне отырып, бірінен сон бірі үлкендіктері бірдей бөлшектерге айналады - осы әрекетті бөлшектену деп атайды.Ұрықтанған жасуша, яғни зигота одан кейін осылардың әрқайсысы бойлай бөлініп төрт жасуша түзіледі. Бұдан кейінгі бөліну көлденен бағытта жүріп сегіз жасуша қалыптасады. Одан әрі бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде 16, 32, 64, 128, т.б. бластомерлерге айналады. Осындай митоз жолымен бөлінудің нәтижесінде пайда болған бөлшектерді бластомерлер деп атайды.Алғашқы бластомерлердің санының өсуі геометриялық прогрес- сияға сай келеді. Бөлшектену жедел жүретін болғандықтан, бласто- мерлер өспейді, керісінше олардың көлемі кішірейе түседі. Бөлшектенудің нәтижесінде пайда болған жасушалардан іші қуыс шар түзіледі. Бұл бір қабатты ұрық - бластуланың қалыптасқандығын көрсетеді. Сонымен, бөлшектену кезеңі шар тәрізді бластуланың қалыптасуымен аяқталады. Жасушалар әрі қарай бөліне береді де, дамудың келесі кезеңі басталады.
Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы. Дамудың келесі сатысында бластула қабатының қабырғасы ішке қарай жиырылу арқылы жасушаның ішкі қабаты пайда болады, Осының нәтижесінде қос қабат қалыптасады. Мұндай қос қабатты даму сатысы гаструла деп атайды. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады.Гаструладағы жасушаның сыртқы қабатын - эктодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды.Ішкі қабат энтодерма немесе ішкі ұрық жапырақшасы деп аталады. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішек қуысы болып саналады, ал оның сыртқа ашылатын тесігі бірінші реттік ақуыздың бастамасы. Губкалар және ішекқуыстылардан басқа көпжасушалы жануарлардың ұрығында үшіншіұрық жапырақша қалыптасады, оны мезодерма қабаты деп атайды. Мезодерма сыртқы және ішкі ұрық жапырақшасының, яғни эктодерма және энтодерма қабаттарының арасында қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет