Жоғары мектеп педагогикасының пәні: Студенттерді оқыту мен тәрбиелеу үдерісі; Болашақ мамандарды даярлау заңдылықтары; Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтары, жоғары білім алудағы арнайы проблемалар; Оқу-тәрбиелеу үдерісін тиімді ұйымдастыра білуге қажет ЖОО-ның педагогикалық үдерісі мен оның заңдылықтары; Жоғарғы мектептегі кері байланыс.
Тәрбие – жалпы тарихи категория ретінде оқыту мен білім беруді де қоса қарастырады. Қазіргі заман ғылымында (тәрбиені) тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа берудегі қоғамдық құбылыс.
Екінші категория оқыту – бұл оқушы мен оқытушының өзара әрекеттестігі нәтижесінде оқушының дамуы қамтамасыз етілетін үдеріс.
ЖМП-ның үшінші категориясы – білім беру. 1. дамушы адамның және қоғамның құндылығы;
2. адамды тәрбиелеу және оқыту үдерісі;
3. оқыту мен тәрбие үдерісінің нәтижесі;
4. білім беру жүйесі (мемлекет, аймақ, қала, ауыл және т.б шеңберіндегі) мағынасында түсініледі.