Инновация – білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: 1 кезең – оқып үйрену; 2 кезең – меңгеру; 3 кезең - өмірге ендіру; 4 кезең – дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Дәстүрлі лекцияда оқытушы ақпараттың негізгі көзі болғандықтан студенттер көбіне-көп оның айтқанын көшірумен айналысады. Мұндай белсенді (пассив) әрекеттер студенттердің лекция материалын терең меңгеруге жол бермейді: студенттер көп жағдайда өздерінің үйренуін лекция мәліметтерін есте сақтау, қайталау мен жаттау әрекеттерімен ғaнa шектейді.
Дәстүрлі лекцияда оқытушы лекцияны ауызша оқып, студенттерден тыңдау немесе конспект жасау (көшіру) сияқты белсенді (пассив) әрекеттерді атқаруды талап етеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Байқалған фактілер мен құбылыстардың табиғаты психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі – бұл қандай әдіс?
А) Тест
В) Бақылау
С) Эксперимент
D) Интервью
2. Стандарталған сұрақтар мен тапсырмаларды пайдалана отырып, белгілі бір қасиеттерді анықтайтын психологиялық әдіс:
А) Интервью
В) Бақылау
С) Эксперимент
D) Тест
3. Ұйымдастыру әдістері тобына кіретін зерттеу тәсілі
А) Бақылау
В) Сапалық талдау
С) Лонгитюд әдісі
D) Әңгімелесу
4. Психологиялық болжауда өз ішіне қамтитын әдістер тобы:
А) Ұйымдастыру
В) Эмпирикалық
С) Реттеу
D) Түзету
5. Сананың қатынасуынсыз санадан тыс өтетін актілер немесе әрекеттер:
А) Құбылыстар
В) Бағыт-бағдарлар
С) Мақсат
D) Автоматизмдер
Әдебиет
1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.
2. Педагогика и психология высшей школы. /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.
3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов на Дону: Феникс, 2002. - 544 с.
4. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.
5. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. – Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 187 с.
№11 Тақырып: Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
ЖОО-да оқытудың әдістері мен тәсілдері туралы.
Білім беру технологиялары
3. Оқытудағы имитациялық жаттығулар, тренингтер
Дәріс тезисі
«Әдіс» термині грек сөзі «methodos» шынайыға алып баратын жол, әдіс дегенді білдіреді. Оқыту әдістері – бұл тапсырылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың реттелген әрекеті. Оқыту түрі – бұл оқу-тәрбие үрдісінің ерекше түрі, оқудың мазмұнының болуы және оны жеткізу әдісі. Медициналық жоғарғы оқу орындарында дәстүрлі түрде жеке-топтық және дәрістік-семинарлық оқыту түрлері қолданылады, олар сабақтың дидактикалық мақсаты мен студенттер санына байланысты жіктеледі: дәрістер, семинарлық сабақтар, консультациялар, практикумдар, зертханалық-тәжірибелік сабақтар, өндірістік практика, коллоквиум, сынақ, емтихан.
Қазіргі кезде ЖОО-ның оқу үрдісінде келесі әдістер қолданылады:
түсіндірме-көрнекі (қатысушы білімді дәрістен немесе әдістемелік әдебиеттен «жалаңаш» түрдегі экрандық оқулықтан алады). репродуктивті (меңгерілген үлгі немесе ереже негізінде қабылдау, қатысушылар алгоритмдік сипатта жұмыс істейді, яғни көрсетілген ситуацияларға ұқсас нұсқаулар, ережелер бойынша).
Оқытудың инновациялық әдістері – «оқытушы – студент» өзара жұмысының жаңа әдістерімен сипатталатын, оқу материалдарын меңгеру үрдісіндегі тәжірибелік жұмыстардағы жаңалық. Инновациялық оқыту оқытудың белсенді әдістері мен түрлерінен тұрады, себебі соңғысы кәсіби білімді меңгеру үрдісінде студенттердің жылдамдылығымен және белсенді ойлауы мен тәжірибелік жұмыстарын жігерлендірумен сипатталады.
Инновациялық оқыту әдістерінің ерекшеліктері: болашаққа құштарлық, тұрақты мазасыздану, тұлғалық және оның дамуына бағытталуы, мәселені шешуге шығармашылық жолмен келу, қатынастың серіктестік түрі, бір-біріне кӛмектесу, топта жұмыс істей алу, бірігіп шығармашылық ету, мақсаттарына жетуге ұмтылу, тапсырмаларды креативті жолмен шешу, тұлғалық-бейімделген жолға аса назар аудару.
Бекіту сұрақтары:
1. Сананың қатынасуынсыз санадан тыс өтетін актілер немесе әрекеттер:
А) Құбылыстар
В) Бағыт-бағдарлар
С) Мақсат
D) Автоматизмдер
2. Ұйымдастыру әдістері тобына кіретін зерттеу тәсілі
А) Бақылау
В) Сапалық талдау
С) Лонгитюд әдісі
D) Әңгімелесу
3. Жоғары оқу орындарында әдістемелік даярлау барысында студенттердің танымдық ізденімпаздығын дамытудың теориялық негіздеріне талдау жасаған ғалымдар:
А) Г.В. Акопов, Д.А. Андреева
В) Н.Г. Колызева, Т.И. Ронгинская
С) Б.М. Петров, Л.Д. Столяренко
D) А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова
4. Студенттің тұлға ретінде дамуының әр курста өзіндік ерекшеліктері бар. ІI курс...
А) Ынталы оқу кезеңі
В) Бейімделу кезеңі
С) Кәсіби кезең
D) Кәсіби шыңдалу кезеңі
5. Қандай процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін?
«тұлға қалыптастыру процессі»
«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс»
«əлеуметтік процесс»
«арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе процессі»
Әдебиет
1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.
2. Педагогика и психология высшей школы. /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.
3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов на Дону: Феникс, 2002. - 544 с.
4. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.
5. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. – Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 187 с.
№12 Тақырып: Кредиттік технология жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материялдарды құрастыру технологиясы
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1. Кредиттік оқыту жүйесіндегі өзіндік жұмыс мазмұны.
2. Ағымдық бақылау және қорытынды бақылау
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы түсінік.
4. Жоғары мектептегі кредиттік оқытудағы әдістемелік құралдар.
Дәріс тезисі
Кредиттік оқу жүйесінде өздік жұмыс студенттің білім алудағы негізгі әрекетіне жатады. Динамика мен өзгерістерге толы, ақпараттың шектен тыс өрбіген заманда тұлғаның негізгі қасиеті өздігінен үйрсну мен білім игеру болып табылатындықтан, өздік жұмыстың маңызы барған сайын арта түсуде.
Өздік жұмыс – дегеніміз студенттің оқытушының қатысуынсыз және сабақтан тыс уақытта оқу жоспарында (силлабуста) белгіленген тапсырмаларды орындап, атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп немесе ақпарат беруі. Өздік жұмыста студенттер алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйренеді.
Оқытушы өздік жұмысқа тікелей қатыспай, оны ұйымдастырып, сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы студент енбегінің тиімділігіне сырттай ықпал жасайды. Өздік жұмыстарды ұйымдастырғанда репродуктивтік тапсырмалардан мүмкіндігінше бас тарту керек.
Студенттердің өздік жұмыстары зертттеу, ізденіс және шығармашылыққа негізделіп, жазбаша түрде орындалуы керек. Оқытушы пән бойынша өздік жұмыстың тақырыптарын анықтап, тапсырмаларын дайындайды, олардың әрқайсысы үшін баға қою жүйесін, тапсыру мерзімі мен есеп беру формаларын белгілейді, студенттерді қажетті әдістемелік және ақпараттық материалдармен қамтамасыздандырады. Өздік жұмыс бойынша студенттердің ақпарлары мен есептерін оқытушы жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмыс сабақтарында (офис сағаттары) тыңдау тиімді. Оқытушы ол үшін студенттердің өздік жұмысты тапсыру рафигін дайындайды. Студенттер өздік жұмыстарды ұйымдастыру, өткізу және орындау бойынша әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі керек.
Бекіту сұрақтары:
1. Зерттегенде, ақыл- ой әрекеттеріне зақым келген ауру адамдардың психологиясымен дені сау адамның жан дүниесімен салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтармен өзгешеліктерді қарастыратын әдіс
Салыстырма – тарихи зерттеу әдісі
Салыстырмалы - патологиялық зерттеу әдісі
Қосалқы әдістер
Салыстырмалы – генетикалық әдісі
2. Студенттің жоғары оқу орнындағы оқу процесіне, жағдайларға бейімделуінің негізгі үш форма арқылы анықталады:
формальды бейімделу,өзіндік бейімделу,қайта бейімделу
дидактикалық бейімделу,өзіндік бейімделу,қайта бейімделу
қоғамдық бейімделу,өзінді бейімделу,қайта бейімделу
формальды бейімделу, қоғамдық бейімделу, дидактикалық бейімделу
3. «Психодиагностика» қандай ұғымды білдіреді?
«психологиялық тыныштық»
«психологиялық оқыту»
«психологиялық диагноз қою»
«психологиялық қауіп-қатер»
4. Метофизикалық психология мен рационалистік психологияның зерттейтін пәні
«тән»
«жан»
«қоршаған орта»
«адамзат құрылымын»
5. Таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйренішті жағдайларда зерттеп және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттау...
Байқау әдісі
Салыстырмалы – генетикалық әдісі
Қосалқы әдістер
Салыстырма – тарихи зерттеу әдісі
Әдебиет
1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.
2. Педагогика и психология высшей школы. /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.
3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов на Дону: Феникс, 2002. - 544 с.
4. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.
5. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. – Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 187 с.
№13 Тақырып: Жоғары мектептің ғылыми іс-әрекет теориясы. СҒЗЖ
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1. Жоғары мектептің ғылыми іс-әрекет теориясы
2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары.
3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу формалары.
Дәріс тезисі
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ЖОО-ның маман даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және оқу, ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін университеттің негізгі мақсаттарының бірі саналады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық және қолданбалы проблемаларды қалыптастыруға қызмет етеді. ЖОО-да оқу үдерісі оқу, тәрбие, өндірістік іс-тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының болып табылады.
СҒЗЖ орындалуының негізгі формасы – жетекші жинақтап бір қалыпқа түсірген тапсырмаларды жеке-жеке орындау болып табылады. СҒЗЖ орындаудың алғашқы кезеңінде студенттерді зерттеудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету үшін топтасып орындау әдісін қолданады.
Студенттерді ҒЗЖ айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз етуге міндетті. СҒЗЖ негізгі маңызды қағидасы айналысу тәсілі мен түрінің курстан курсқа, кафедрадан кафедраға, бір оқу саласынан келесі біріне, бір оқу түрі мен тапсырмасынан екінші бір түріне негізделеді.
Жоғарыда аталған жайттарды қазіргі пәнаралық байланыста информатика пәнінің негізінде ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану арқылы іске асырудың тиімділігі айтарлықтай жоғары.
Л. Луцевич «оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратты өңдеудің, тасымалдаудың, таратудың машиналық (ЭЕМ көмегімен орындалатын) технологиясы, информатиканың есептеу және бағдарламалық орталары» деген анықтама берген. Ал М.Жалтакова ақпараттық технология ретінде адамдардың білімін кеңейтетін және олардың техникалық, әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндіктерін дамытатын ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдаудың, бейнелеудің техникалық орталары мен әдістерінің жиынын түсіндіреді.
Бекіту сұрақтары:
1. «... жақсы әдіспен талантты емсс адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен үлы адамның өзі де текке жүмыс істейді» пікірінің авторы
Р.С.Омарова
И.П. Павлов
С.Смаиловтың
Г.И. Щукина
2. Экспериментатордың (тәжірибе жасаушының) өзі белгілі бір уақыт аралығында зерттеу объектісі болып отырған қауымның және топтың мүшесі болады, яғни ол сол топтағы мүшелерді, жеке тұлғаларды бақылаушы емес, олармен тең сол топтың мүшесі болып саналуы...
Енгізілмеген бақылау әдісі
Енгізілген бақылау әдісі
Ашық бақылау әдісі
Жабық бақылау әдісі
3. Зерттеушілердің зерттелі-ніп отырған топтың қатысушысы болып табылмай, тек сырттай бақылау жүргізуі
Енгізілмеген бақылау әдісі
Енгізілген бақылау әдісі
Ашық бақылау әдісі
Жабық бақылау әдісі
4. Даярлықты жүргізетін бағдарлама мен оның мазмұнын анықтайтын норматипті кұжаттар кабылданып қарамастан осындай даярлықтың сапасы туралы 6 негізгі проблеманы ұсынған ғалым?
Г. Селье
Н.А. Аминов
Р.С.Немов
Г.В. Снегирева
5. Студенттердің күнделікті айналысатын танымдық іс-әрекеттерін сипатына байланысты 3 түрге болуге болады:
оқулық,әлеуметтік,сапалық
ғылыми,әлеуметтік,өзара
қоғамдық,әлеуметтік,оқулық
оқулық, ғылыми, коғамдық
Әдебиет
1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.
2. Педагогика и психология высшей школы /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.
3. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.
4. Андреев Г.И., Смирнов С.А., Тихомиров В.А. Основы научной работы и оформление результатов научной деятельности. Учеб. пособие. - Финансы и статистика. 2004. – 272 с.
5. Завьялова М. П. Методы научного исследования. Учебное пособие. – Томск: Из-во ТПУ, 2007. – 160 с.
6. Закон Республики Казахстан «О науке» от 18 февраля 2011 г. № 407.
№14 Тақырып: Жоғары мектеп маман тұлғасын тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік инстетуты ретінде. Жоғары білім беру жүйесіндегі куратор
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Жоғарғы мектептегі тәрбие.
2.Жоғарғы мектептегі тәрбие бағыттары.
3.Тәрбиенің мәні мен сипаты және оның ерекшеліктері. Тәрбиенің міндеттері мен қызметтері.
4.Тәрбие түрлері. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
5.Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.
6.Тәрбие әдістері, құралдары және формалары.
Дәріс тезисі
Жоғары мектеп – мамандарды қалыптастырудың әлеуметтік институты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында адам капиталы сапасын арттыруды қамтамасыз етуге баса назар аударды. Білім беру жүйесінің алдына нақты тапсырмалар қойылды. Атап айтқанда, бұл оқыту үдерісінің тәрбиелік мәнін күшейту, білім беру саласының барлық мекемелерінде жастар бойына мемлекеттік құндылықтарды сіңіруді қамтамасыз ету міндетінен көрініс тапты.
Білім бере отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып білім бер. Әлемнің «екінші ұстазы» атанған әл-Фараби «Адамға ең алдымен тәрбие берілуі тиіс: тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген екен. Расында, кәсіби білім, іскерлік қабілет пен тәжірибе маманның адамгершілік қасиетіне орай бір мезетте қоғам мен адамзатқа пайдасын да, сондай-ақ зиянын да тигізетін құралға айналуы мүмкін. Білім беру жүйесі жастардың бойына өз халқына, оның мәдениетіне деген сүйіспеншілік, отаншылдық пен толеранттылық және бейбітшілік дәстүрлеріне негізделген рухани-адамгершілік ұстанымдарын барынша сіңіруге ықпал етуі тиіс. Осыған орай бүгінгі таңда оқу үдерісінің гуманитарлық және гуманитаризациялық ресурстарына өте терең мән беру қажеттілігі туындап отыр.
Білім беру жүйесін ізгілендіру стратегиясы шеңберінде корпоративті мәдениет феноменіне де ерекше көңіл бөлінуде. Университет қабырғасында студенттің бойына қандай құндылықтар мен адамгершілік нормалары сіңірілетіндігі көбінесе корпоративті мәдениеттің дамуы мен қалыптасуының жағдайына байланысты болып келеді. Себебі бүгінгі студент – ертеңгі маман «ұяда» көрген тәрбиесін ұшқанда өзімен бірге болашақ ортасына ала барады.
Бекіту сұрақтары:
1. Қарым-қатынастың кеңістік және уақыт басқармасымен айналысатын ерекше бөлігі
Кинетика
Просимимка
Просодика
Интерактив
2. Идентификация дегеніміз....
Басқа адамды тануда саналы немесе санасыз түрде оның мінездемесіне өзін ұқсату
Бұл идентификациға мазмұны жағынан ұқсас болып келетін құбылыс
Бұл басқа адамды танып білудің тағы бір механизмі
Белгілік жүйе ретінде адамның сөйлеуін қолдану механизмі
3. "Республикалық иесі аталған, мектептердің ережелері" негізінде біздің республикамызда қай жылдан бастап иесі аталған мектептер дистанционалдық білім беру (Д.Б.б.) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы ретінде , ол әртүрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасады
1999 жылы
1960жылы
1988 жылы
1989жылы
4. Қоғамдық – экономикалық формациялардың өзгеруімен бірге адамның салт-санасы да өзгеріп, дамып отыруы...
Байқау әдісі
Салыстырмалы – генетикалық әдісі
Қосалқы әдістер
Салыстырма – тарихи зерттеу әдісі
5. «Адам – тәрбиенің объектісі» еңбегінің авторы:
Р.С.Омарова
И.П. Павлов
Ушинский
Г.И. Щукина
Әдебиет
1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.
2. Педагогика и психология высшей школы /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.
3. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.
4. Андреев Г.И., Смирнов С.А., Тихомиров В.А. Основы научной работы и оформление результатов научной деятельности. Учеб. пособие. - Финансы и статистика. 2004. – 272 с.
5. Завьялова М. П. Методы научного исследования. Учебное пособие. – Томск: Из-во ТПУ, 2007. – 160 с.
6. Закон Республики Казахстан «О науке» от 18 февраля 2011 г. № 407.
№15 Тақырып: Жоғары білім беру менеджменті
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1. Мектепті басқарудың мазмұны. Басқару әдістері.
2. Тұтас педагогикалық процесс – мұғалім іс-әрекеті мен педагогика пәнінің объектісі.
3. Куратордың жетекшілік іс-әрекеті
Дәріс тезисі:
Жоғары мектептегі педагогикалық жүйенің құрылымның бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері (В.А.Сластенин).
Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Достарыңызбен бөлісу: |