9.1 Дәрістер
№1 Тақырып: Кіріспе
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
Педагогика жоғары мектеп жағдайында педагогикалық пәндерді оқытудың өзіндік техникасы мен технологиясы жөніндегі ғылым ретіндегі мәні, маңызы.
Пәннің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгерудегі маңызы, алатын орны.
Пәнді меңгертудің саясаты, қойылатын талаптар туралы түсінік беру.
Дәріс тезисі
Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Грециямен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізген. Ежелгі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттерден құралған. Олардың ішіндегі ілгерілері Аттика (орталығы – Афина) және Лаконея (орталығы – Спарта) т.б. ертедегі грек ғалымдары мен философтары өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікірлер айтып, өсиет қалдырған. Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымдарының дамуына себеп болды.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі – Ежелгі Греция философия өкілі- Демокрит (460-370) өзінің атомдық теориясына негізделген жеке адам дамуының матералистік көзқарасын ұсынды. Демокрит – балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «табиғат және тәрбие негізі. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзетеді. Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді».
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпал еткен ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон, Аристотель, Тертуллиана (160-222 ж ж.б.э.д.) еңбектерінде жарияланған. Олардың идеяларында адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы тұжырымдалды.
Сократ өзінің шәкірттеріне диалог жүргізуді, логикалық ойлауды үйреткен. Оның «Сократтық сұхбат әдісі» атты ақиқатты анықтау тәсілі бүгінгі ұрпаққа жеткен. Ол әдіс сұрақ-жауап жүйесі негізінде логикалық ойлау арқылы дұрыс жауап табуға үйретеді.
Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнекті өкілі Марк Фабий Квинтеллиан болды. Ол – «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы. Аудиторизм (констонтиннопольдық мектеп ІХ ғ. ортасында Макпарга деп аталды) жоғары мектеп.
Бекіту сұрақтары:
1. Адамның өзіндік әрекеттері мен олардың заңдарын,адамның рухани дүниесінің ерекшеліктерін ашатын өзін-өзі танып ұғынуға бағытталған теориялық іс-әрекет формасы
Рефлексия
Дефлексия
Ренлексия
Рефолексия
2. .Дидактикада оқу технологияларының философиялық негізі:
ғылыми және діни, гуманистік және әміршіл- әкімшіл
жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік
ақпараттық, нақты қимыл- әрекеттік, шығармашыл, қолданбалы
оқушы іс-әрекетінің белсенділігін көтеру және жеделдестіру технологиясы
3. Адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері
Қайта тәрбиелеу процесі
Өзіндік тәрбие процесі
Қоршаған орта тәрбиесі процесі
Өзгелерді тәрбиелеу
4. «Окытудың белсенді әдістері» термині қай жылы пайда болды?
1970
1967
1960
1976
5. Қандай процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін?
«тұлға қалыптастыру процессі»
«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс»
«əлеуметтік процесс»
«арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе процессі»
Әдебиет:
1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.
2. Педагогика и психология высшей школы. /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.
3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие.-Ростов на Дону: Феникс, 2002. – 544 с.
4. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.
5. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 187 с.
№2 Тақырып: Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары мектеп педагогикасы – педагогикалық білімнің өзіндік жеке саласы ретінде
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1. Жоғары мектеп педагогикасының қалыптасу тарихы.
2. Жоғары мектеп педагогикасының пәні.
3. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары.
4. Жоғары мектеп педагогикасының пәні, нысаны және міндеттері
5. Педагогика ғылымның әдіснамасы.
Дәріс тезисі
Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары оқу орындарындағы студенттердің тұлғасын дамыту және олардың кәсіби даярлығының теориялық және практикалық мәселелерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |